kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы.

Өлеңті ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Орынбаева Б.Т

9-сыныптарда қазақ тілі пәні бойынша аптаның әр жұма күні  оқулықтан өткен тарау бойынша сынақ өткіземін,соңынан талдау жұмыстары жүргізіледі.Бұл жұмыс оқушы үшін қайталау-пысықтау үшін өте пайдалы деп есептеймін

1,2 тараулар бойынша қазақ тілі пәнінен тест жұмысы.

 9 сынып

1.«Түріктің тұнық таза тілі, түзу емлесі-қазақта» кімнің сөзі?

А)М.Жұмабаев

Б)М.Әуезов

В) Ш.Құдайбердиев

Д)А.Байтұрсынов

Е)Ж.Аймауытов

2.12-15 ғ жазба туындылар қай дәуірдікі?

А)көне түркі дәуірі

Б)жаңа түркі дәуірі

В)орта түркі дәуірі

Д)қазіргі қазақ әдебиеті

Е)қазақ тарихы

3.Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар дәуірі

А)бір

Б)екі

В)үш

Д)төрт

Е)бес

4.Көне түркі дәуіріне жататын жазбалар

А)Хорезми»Мұхаббатнаме»

Б)Ж.Баласағұн»Құрадғу білік»

В)қыпшақ жазбасы «Кодекс куманикус»сөздігі

Д)А.Иассауи»Диуани хикмет»

Е)Орхон-Енисей жазба ескерткіштері

5.Қай дәуірдің туындылары екі кезеңнен тұрады?

А)көне түркі дәуірі

Б)жаңа түркі дәуірі

В)орта түркі дәуірі

Д)қазіргі қазақ әдебиеті

Е)қазақ тарихы

6. «Шешеннің тілі –шебердің бізі» кімнің сөзі?

А)Ж.Жабаев

Б)А.Йүгінеки

В)М.Қашқари

Д)Ж.Баласағұн

Е)А.Құнанбаев

7.1960ж Анкарада жарық көрген еңбек қалай аталады?

А) «Түркмен энцоклопедиясы»

Б) «Түрк энцоклопедиясы»

В)«Қазақ энцоклопедиясы»

Д) «Қырғыз энцоклопедиясы»

Е)«Түркия энцоклопедиясы»

8.Алтын Орда кезеңі қай ғасырға тән?

А)3-5 ғасыр

Б)6-8 ғасыр

В)9-11ғасыр

Д)12-15 ғасыр

Е)16-18 ғасыр

9. «Бар жақсылықтың басы-тіл»кімнің сөзі?

А)М.Қашқари

Б)Ж.Баласағұн

В) А.Йүгінеки

Д)Хорезми

Е)С.Сарайи

10.Қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобына жатады?

А)қарлық

Б)бұлғар

В)оғыз

Д)қырғыз-қыпшақ

Е)қыпшақ-ноғай

11.Қазақ тілінің ұлттық әдеби тіл ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар

А)А.Байтұрсынов

В)Ш.Уәлиханов

С)М.Әуезов

Д)С.Аманжолов

Е)Қ.Жұмалиев

12.15-18ғ ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгісі ретінде талдап көрсеткен ғалым

А)А.Байтұрсынов

В)Р.Сыздықова

С)М.Әуезов

Д)М.Балақаев

Е)А.Құнанбаев

13.19ғ 2-жартысындағы басылымдар мен Абай,Ыбырай шығармаларын байланыстырып қарауды ұсынған ғалымдар

А)А.Байтұрсынов

В)М.Әуезов

С)Қ.Жұбанов

Д)Ш.Уәлиханов

Е)В.Радлов

14.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етудің алғышарттары

А)біреу

В)екеу

С)үшеу

Д)төртеу

Е)бесеу

15.Ішкі тілдік факторлар түрін анықта:

А)ауызша,жазбаша қоғам өмірінің алуан саласында қызмет етеді

В)заман талабына сай тілді қолданушы саны арта түседі

С)табиғи,табиғи емес тілдік орта қалыптасады

Д)республиканың барлық аймағында таралған,кеңінен қолданылады

Е)лексика-фразеологиялық қоры мол

16.сыртқы факторлар анықтамасын тап:

А)тілдік құрылым жүйесі жетілген

В)лексика-фразеологиялық қоры мол

С)ежелден қалыптасқан жазба,ауызша дәстүрі бар

Д)туыстас тілдердің отақтығына дәлел бола алатын,бәсекеге қабілетті тіл

Е)заман талабына сай тілді қолданушы саны арта түскен

17.»Тіл туралы»Заңның тарауы,баптары

А)l-тарау,22 бап

В)ll-тарау, 25бап

С)lV-тарау, 26 бап

Д)Vl-тарау, 27 бап

Е)lll-тарау,24 бап

18.ҚР-ның  жаңа Ата Заңында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған жыл

А)1987-1990ж

В)1991-1993ж

С)1993-1994ж

Д)1993-1995ж

Е)1995-1997ж

19.ҚР Елбасы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты Тұжырымдамасы»мақұлданды

А)1996ж 4қараша

В)1995ж 4қараша

С)1993ж 4 қараша

Д)1992ж4 қараша

Е)1991ж 4қараша

20.Орхон ескерткіштерін оқудың кілтін тапқан ғалымдар

А)Потанин,Ш.Уәлиханов

В)В.Томсен,В.Радлов

С)Менандр,Земарх

Д)Далан,Байғұт

Е)С.Аманжолов,М.Балақаев

21.»Қиссасул әнбиясы» жазба туынды авторы кім?

А)М.Қашқари

Б)әль-Фараби

В)Рабғузи

Д)С.Сарайи

Е)Хорезми

22.Төте жазуды ұсынған  қазақ ақыны кім?

А)Абай Құнанбаев

Б)Жамбыл Жабаев

В)Мағжан Жұмабаев

Д)Ахмет Байтұрсынов

Е.)Шәкерім Құдайбердиев

23.»Қазақтардың тілі-түпкі түрін-түркі сипатын сақтап қалған тіл» кімнің сөзі?

А)П.Мелиоранский

Б)В.Радлов

В)Н.Ильминский

Д)А.Янушкевич

Е)М.Байғұт

24.»Гүлістан-би-түркиі»кімнің еңбегі?

А) Сайф Сарайи

Б)Махмуд Қашқари

В)Жүсіп Баласағұн

Д) Әль-Фараби

Е)Ахмет Йүгінеки

25.»Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі»кімнің сөзі?

А) Ә.Әлімбаев

Б)Ж.Жабаев

В)Ғ.Мүсірепов

Д)М.Әуезов

Е)А.Байтұрсынұлы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы.»

Сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің кеңінен қолданылуы.Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері

Оқыту мақсаты: Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің түрлері туралы, фразеолгиялық тұтастықтың, бірліктің, тізбектің, бір- біріне ұқсастығы мен айырмашылықтары және  тіліміздегі қолданылу аясы, ерекшеліктері жайында толық мағлұмат беру

Дамыту мақсаты:  Дүние тану жолындағы ой- өрісін, еркін сөйлеуге, терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға  итермелеу және  тілімізде фразеологизмдерді қолдануға үйрету

Тәрбиелік мақсаты:  Тапқырлыққа, әдемі әрі шешен сөйлеуге, достыққа баулыту. Елін, жерін, Отанын сүйюге, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу 

Сабақ түрі:  дәстүрлі 

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Әдісі:  Сұрақ- жауап, түсіндіру, мазмұнды- ізденушілік, әңгімелеу, талдау, топтық 

Құрал-жабдықтар: Плакаттар,  үлестірмелі материалдар.  Оқулықтар: 1. Ф.Ш.Оразбаева, Г.Сағидолда, Б.Қасым, А.Қобыланова, Қ.Есенова, Ұ.Исабекова, Қ.Қасабек, Ж.Балтабаева, Қ.Мұхамади, Р.Рахметова, Ж.Көпбаева. Қазіргі қазақ тілі. А,  2005,.  2. Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі. А, Ана тілі, 1993,.  3. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің грамматикаксы. А, 1976,.  4. Болғанбаев Ә, Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы 1997,.  5. К.Аханов. Тіл біліміне кіріспе, А, 2010,.  6. Ә.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе, А, 2002,.  Сөздік: 7. І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А, 1977. Монография: 8. Г.Смағұлова. Қазақ фразеологиясы. А, 2010.  9. Г.Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық- мәдени ас пектілері. А, 2010,.  10. Қазақ тілі. Шың. А. 2011 ж

ОТҚ: Компютер, проектор, слайдтар

Студенттердің шығармашылық жұмыстары: буклеттер, альбомдар, рефераттар

Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе, қазақ әдебиеті, кәсіби қазақ тілі,орыс тілі, тарих т.б.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру сәті: а) сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау: Тақырыбы: «Фразеология саласы, тұрақты сөз тіркестері» 

Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін лексиканың  жеке бір саласы. Фразеологизмдер үшін ең басты анықтама олардың тұрақты,  даяр қалпында, қолданылуы.  Мысалы: ит өлген жер- алыс, тайға таңба басқандай- анық, жел аяқ- жүйрік, арқаны кеңге салу- асықпау т.б. Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою. 

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері» тақырыпты тақтағы жазу, мақсатын айту

4. Жаңа сабақты түсіндіру:Жаңа сабақ мәтінді оқу арқылы және  слайдпен түсіндіріледі. Жоспарын жазғызу. 

1. Фразеология және оның өзіндік белгілері, тұрақты сөз тіркестерінің түрлері

2. Фразеологиялық тұтастық

3. Фразеологиялық бірлік

4. Фразеологиялық тізбек

5. Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы  

6. Фразеологиялық антонимдер

7. Фразеологиялық синонимдер

8. Фразеологиялық омонимдер

Фразеологияның түрлерін біреу мағынасына, енді біреу құрылымына, үшіншісі- қызметіне қарай топтастырып, әркім әр түрлі классификациялайды. Академик В.В.Виноградов  фразеологизмдерді құрастырушы сыңарларының өзара қатысы жағынан алып, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлсе, Н.М.Шанский төртінші  етіп фразеологиялық сөйлемшені қосады. К.Ахановта осы төрт түрін мақұлдайды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді арнайы зерттеген І.Кеңесбаев фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес деп екіге бөледі. Барлығын жинақтай келе І.Кеңесбаевтың фразеологиялық түйін тіркесі- В.В.Виноградовтың фразеологиялық бірлігіне, түйіс тіркес- фразеологиялық тізбегіне,  мақал- мәтелі- сөйлемшеге келеді. Сол  сияқты фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы , фразеологиялық антонимдер, фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық омонимдер деп бөліп қарастырамыз. 

Фразеологиялық тұтастық- құрамындағы сөздер бір- бірімен әбден тұтасып, жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер. Мысалы: жеті қараңғы түнде, ала жібін аттамады, мұрынынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді- қолы тимеді, аттың жалы, түйенің қомында- абыр- сабыр уақыт, бір ұрты май, бір ұрты қан- залым, екі жүзді т.б.

Фразеологиялық бірлік- тұтастық сияқты мағына жағынан тұтас тұрақты тіркес. Бірақ мұнда құрастырушы сыңарларының мағынасы жойылмаған, тек солғындап, біртұтас ауыспалы мағынада қолдану. Мысалы: төбе шашы тік тұрды, езуі екі құлағында, жегені желім, пышақ кесендей тиылды, мойнына су құйылып отыр, ескі жараның аузын ашты, ит байласа тұрғысыз, көз көрмес, құлақ естімес, ит көйлекті бұрын тоздырған, ит басына іркіт төгілді, т.б.

Фразеологиялық тізбек- фразеологизмнің бұл түрі еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану арқылы пайда болған.  Мұнда еркін сөз бен фразеологиялық сөздің тіркесуінен жасалады, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: тар заман, қоныс тепті, қонақ асы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, ала қол, кең қолтық, жуан жұдырық, шер көкірек, еркек кіндік, салқын қанды, көзі тірісінде, көз шалым жер, көзімдей көр, көзі жоғалды т.б.

Фразеолозизмдер құрылым- құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: 1)Құрылым- құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат  көз, ашық тауыз, ала қол, бүйрек  бет, қамыт аяқ, құба жон,қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты,  тісін басты, өр көкірек, төбесі тесік т.б. 2)Құрылым- құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: үш ұйықтаса, ойда жоқ; көңілі су сепкендей басылды, аяқ- қолын бауырына алды; қой үстіне бозторғай жұмыртқалады; басы ауырып, балтыры сыздады; бұтын бұт, қолын қол қылды; ашса алақанында, жұмса жұдырығында; көзіне көк шыбын үймелетті; ел бетін көрместей болды; ішкен асы бойына тарамады; көрер таңды көзімен атырды; кузына ақ ит кіріп, қара ит шықты; табанын жерге тигізбеді т.б. 

Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы  Мақал- мәтелдердің  адам өміріндеқамтымайтын саласыжоқ. Соның бәрін аз сөзбен көп мағыналы етіп білдіреді. Халық: «Тұз астың дәмін келтірсе, мақалсөздің сәнін келтіреді. Мақал- сөздіңатасы. Сөздің көркі мақал. Мақалсыз сөз- татымсыз аспен тең. Мақал- сөздің тұздығы»- деп тұжырымдайды. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың  ұятқа. Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды. Бал тамған тілден у да тамады. Әншейін ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас. Ақымақ басқа бадырақ көз бітеді. Ағын суда арамдық жоқ. Көрдім- көп сөз, көрмедім- бір сөз. Шегірткеден қорыққан егін екпес т.б.

Фразеологизмдердің  бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Сын есімдерден (ақ, кең, көк, қара, қоңыр, қызыл, сары т.б.) сае есімдерден (бір, екі, үш, төрт, тоғыз т.б.) зат есімдерден (бел, аяқ, қол т.б.)

 Фразеологизмдер  кейде антонимдерден, синонимдерден, омонимдерден жасалады. Фразеологиялық антонимдер: ыстық қанды- суық қанды, дүниеге келу- дүниеден кету, қолы ұзару- қолы қысқару, ит пен мысықтай болу, ит арқасы қиянда-таяқ тастам жер, әмпәй- жәмпәй болу- жүз жыртысу т.б. 

Фразеологиялық синонимдер: қыз қуу, отқа май құю, бауы берік болу, қыл көпір, ақ сұңқар құс, ордалы жылан т.б. 

Фразеологиялық омонимдер: есі кету- қуаныштан, қорыққаннан, ауыз ашу- таңқалу, ораза кезінде ауыз ашу, сөйлеу бастау, бас жару- ожарлық әрекет жасау, өсімдіктің гүлденуі т.б.

Түсінгендерін білу үшін сұрақтар қоямын. 

1. Фразеологиялық тұтастық деген не?

2. Фразеологиялық бірлік  деген не?

3. Фразеологиялық тізбек  деген не?

4. Ит терісін басына қаптау тіркесі қайсысына жатады? (тұтастық)

5. Жатып ішер  тіркесі қайсысына жатады (бірлік)

6. Қазан үстінен күн көру тіркесінің мағынасы қалай? ( жалқаулықты білдіреді, бірлік)

7. Ат тұяғын тай басар тіркесінің мағынасы (ізін жалғастыру, дамыту, тұтастық)

8. Жалғанды жалпағынан басты тіркесінің мағынасы (дүниені шайқап өтті, тамашаның жуан ортасында болу, қызық, молшылық, тұтастық)

 

5. Сабақты бекіту: Үлестірмелі материалдар арқылы сабақты бекітемін. Карточкалар  беріледі, әр қайсысында екі сұрақтан. 

 

КАРТОЧКА №1

1. Фразеология саласы нені зерттейді?

2. Қол алып, төс қағыстыру тіркесінің берер мағынасы? ( уәделесу, татуласу)

 

КАРТОЧКА №2

1. Тұрақты сөз тіркестеріне мысалдар келтір?

2. Жаман айтпай жақсы жоқ тіркесінің мағынасын аш? (жаманшылық бола қалса, алма- ғайып дүние)

 

КАРТОЧКА №3

1. Фразеологиялық  тұтастық деген не? Мысалдар келтір

2. Жұлдызы сөнді тіркесінің мағынасын аш? (өлді, ғайып болды)

 

КАРТОЧКА №4

1. Фразеологиялық  тізбек деген не? Мысалдар келтір

2. Құлаққа түрпідей тиді тіркесінің мағынасын аш? (құлаққа жағымсыз, өрескел естілу)

 

 КАРТОЧКА №5

1. Фразеологиялық  бірлік  деген не? Мысалдар келтір

2. Медеу етті тіркесінің мағынасын аш? (сүйеніш, тірек қылды, арқа тұтты)

 

КАРТОЧКА №6

1. Фразеологиялық антонимдер деген не? Мысалдар келтір

2. Нар кескен тіркесінің мағынасын аш? (асыл, өткір қылыш, жүзі қайқы асыл семсер)

 

КАРТОЧКА №7

1. Фразеологиялық синонимдер деген не? Мысалдар келтір

2. Рухын көтерді  тіркесінің мағынасын аш?(жігерлендірді)

 

КАРТОЧКА №8

1. Фразеологиялық омонимдер  деген не? Мысалдар келтір

2. Салпаң құлақ  тіркесінің мағынасын аш?(тыңшы, жансыз)

 

КАРТОЧКА №9

3. Еркін тіркес тдеген не? Мысалдар келтір( әдемі қала, көк аспан, ақ көйлек, үлкен қала т.б.)

1. Сары тіс тіркесінің мағынасын аш?(Көпті көрген жер орталы жасқа келген адам

 

КАРТОЧКА №10

1. Етістік мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір (көзінің еті өсті-менсінбеді, қол болды- ұрланды, өкпесі өшті- шаршады, ат ізін салмады- қатыспады, қолқа салды- сұрады, қалады т.б.)

2. Сырдың суы сирағынан  келмейді тіркесінің мағынасын аш?(елең қылмау, мән бермеу)

 

КАРТОЧКА №11

1. Сындық мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір (аспанмен тілдескен- ұзын, биік, қара қылды қақ жарған-әділ, турашыл, тонның ішкі бауындай- ең жақын,аузын буған өгіздей- үндемейтін, мылқау т.б.)

2. Сіңірі қатқан тіркесінің мағынасын аш?(әбден арықтаған, кедей)

 

 

КАРТОЧКА №12

 

1. Заттық мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір. (бір ауыздылық- ынтымақ, бірлік, шынжыр балақ шұбар төс- бай, манап, шонжар, ұзын етек- әйел,қатын, ауыз бастырық- пара, ақы, қара шаңырақ- үлкен уй т.б. )

2. Табаны алты қарыс тіркесінің мағынасын аш?(табанды, байсалды, жұмысқа төзімді кісі)

КАРТОЧКА №13

1. Үсеу мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтір (атқан оқтай- түп- түзу, табан аузында- жалма- жан, қапелімде, қаннан қаперсіз- жайбарақат, бейқам, көз алдында- жүзбе- жүз, аяқ астынан- кенеттен, жоқ жерде т.б.)

2. Шикі өкпе тіркесінің мағынасын аш?(жас бала, перзент)

 

 

КАРТОЧКА №14

1. Өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған  фразеологизмдерге мысалдар келтір (бір киер киім, бір саба қымыз, соғым сойып жатқанда, тападай  тал түсте, үш елі, аспан мен жердей т.б.)

2. Іші алтын, сырты күміс тіркесінің мағынасын аш?(ақылды,  мінезі жақсы адам, іші- алтын, сырты- күміс сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы Абай)

 

 

КАРТОЧКА №15

1. Ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдеріне мысалдар келтір(бармақ қазы, таяқ тастам жер, айлық жол, есік пен төрдей, бір құшақ, бір табан жақын, бір көш жер, тұла бойы т.б.)

2. Іші бүлк етті тіркесінің мағынасын аш?( бірдеңеден сезіктену)

 

КАРТОЧКА №16

1. Көлем өлшемдеріне мысал келтір (бір тайпа ел, бір асым ет, бір сабақ жіп, бір қарын май, шаш етектен, жер қайысқан қол, жайқалған егін, бір шайлық сүт, бір мая шөп т.б.)

2. Өңменнен өтті тіркесінің мағынасын аш?(айтылған сөз қатты тиді, сұқтана қалды

 

 

КАРТОЧКА №17

1. Уақыт, мерзім өлшемдеріне мысалдар келтір (түс ауа, ымырт жабыла, сәске түсте, күн бата, таңға жақын, ел жата, қыс бойы, ала жаздай т.б.)

2. Өмір шамы сөнді тіркесінің мағынасын аш?(өлім сағаты жетті, тіршілік бітті)

 

 

КАРТОЧКА №18

1. Діни ұғымдар мен ескі әдет- ғұрыптарға байланысты фразеологизмдерге мысалдар келтір (ант су ішті, бата қылды, жазмыштан озмыш жоқ, жетісін берді, иманы жолдас болсын, некесін қиды, талақ етті, атастырып қойды, бесік құда, пайғамбар жасына келген, періштенің құлағына шалынсын, мойнына бұршақ салып тіледі, неке суын ішті, намазы қаза болды, заман ақыр т.б.)

2. Осырған сиырдай қылды тіркесінің мағынасын аш?(әбден ұялтты)

 

 

КАРТОЧКА №19

1. Аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негізінде пайда болған фразеолоргизмдерге мысалдар келтір (қайда барса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы,Тәукенің жеті жарғысындай ердің құны, нардың пұлы, жазған құлда шаршау жоқ, жыланы қайтты, теріс батасын берді, жыртысын жыртты, шашбауын көтерді, жерұйық, қара жер хабар бермесін, сойылын соқты т.б.)

2. Он төртінші айдай тіркесінің мағынасын аш?(толған айдай жарқырау, сұлулық, көзге түсу)

 

КАРТОЧКА №20

1. Фразеологизмдерге ұйытқы сөздер, оларға мысалдар келтір (сын есімдер, сан есімдер, етістіктер) 

2. Насырға шапты тіркесінің мағынасын аш?(асқынды, іс қиындады)

 

 

КАРТОЧКА №21

1. Фразеологизмдердің өзіндік белгісі не? (мағына тұтастығы)

2. Наз көрсетті тіркесінің мағынасын аш?(қылық байқатты, еркелеу)

 

 

КАРТОЧКА №22

1. Фразеологиялық сөздік деген не?

2. Мініскер әйел тіркесінің мағынасын аш?(шебер, өнерпаз)

 

 

КАРТОЧКА №23

1. Фразеологиялық омонимдер  деген не? Мысалдар келтір

2. Мың асқанға бір тосқан  тіркесінің мағынасын аш?(менменсінген кісіге тобасына келтіру мағынасында)

 

 

КАРТОЧКА №24

1. Фразеологиялық синонимдер деген не? Мысалдар келтір

2. Ләйлі мен Мәжнүндей тіркесінің мағынасын аш?(ғашық жандар)

 

 

КАРТОЧКА №25

1. Фразеологиялық антонимдер деген не? Мысалдар келтір

2. Лағынет айтты тіркесінің мағынасын аш?(қарғау, сөгу)

 

 

КАРТОЧКА №26

1. Фразеология саласы нені зерттейді?

2. Қысыр әңгіме тіркесінің мағынасын аш?(бос сөз)

 

 

КАРТОЧКА №27

1. Фразеология саласы нені зерттейді?

2. Қызыл шақа тіркесінің мағынасын аш?( жаңа туған бала, құс балапаны)

 

 

КАРТОЧКА №28

1. Фразеологизмдердің өзіндік белгісі не? (мағына тұтастығы)

2. Қолын жылы суға малды тіркесінің мағынасын аш?(жақсы тіршілік)

 

 

КАРТОЧКА №29

1. Фразеологиялық  тұтастық деген не? Мысалдар келтір

2. Көбік өкпе тіркесінің мағынасын аш?(икемсіз, ісіп- кеппе адам)

 

 

КАРТОЧКА №30

1. Фразеологиялық  тізбек деген не? Мысалдар келтір

2. Зар заман тіркесінің мағынасын аш?(халыққа жайсыз дәуір)

КАРТОЧКА №31

1. Фразеологиялық  бірлік  деген не? Мысалдар келтір

2. Жүрегіне өрт түсті тіркесінің мағынасын аш?(ғашықтық жалыны жау)

КАРТОЧКА №32

1. Тұрақты сөз тіркестеріне мысалдар келтір?

2. Етігімен су кешті тіркесінің мағынасын аш?(қиыншылыққа көну, төзімді, шыдамды)

6. Өзіндік жұмыс: Бүгінгі тақырыпты тереңірек меңгеру үшін топтық әдісті қолданып, 5 топқа бөлемін. Әр топқа суреттер беріліп, сол арқылы тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, фразеологиялық тіркестің  қай түріне жататындығын, мағынасын ашып, мысалдар келтіру керек. Вен диаграммасын қолдану

7. Сабақты қорытындылау:  Сабақты қорытындылау үшін  2 тапсырма беріледі. Біріншісі берілген  мақал- мәтелдерді  түрлеріне  қарай  ажырату керек, мақал- мәтелдердің сыңарын тауып, аяқтау керек. Екіншісі белгілі бір сөздер беріледі, сол сөздерге ұйытқы сөздерді тауып, сөз тіркестерін құрастыру керек.

1- ші тапсырма:

1.  Көзі соқырдан қорықпа, көңілі соқырдан қорық ( омоним)

2. Жаздың бір күні, қыстың мың күні (уақытқа байланысты)

3. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы (синоним)

4. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол (антоним)

5. Сынның өзі ащы болғанмен, жемісі тәтті (антоним)

 

2- ші тапсырма:

1. Қамшы сөзіне ұйытқы болған фразеологизмдер

1. Қамшы боп тию- жанына бату

2. Қамшы болу- түрткі болу

3. Қамшыдай қатты- арықтау, жүдеу

4. Қамшының астына алу- соғу, ұру

5. Қамшы салым жер- өте жақын

6. Қамшысын алып келуге жарамады- болбыр, бос, ешнәрсе істей алмау

7. Қамшы тигізбеу- қамшы салдырмайтын жүйрік ат

2. Көңілсіздік сөзіне ұйытқы болған фразеологизмдер

1. Бас терісі салбырау

2. Еңсесі түсу

3. Екі иығы салбырау

4. Жүні жығылу

5. Көңілі жер болу

6. Көңілі құлазу

7. Қабағы салбырау

3. Ұялу  сөзіне ұйытқы болған фразеологизмдер

1. Бетінен оты шығу

2. Өлген жері осы

3. Жүзі шыдамау

4. Беті күю

5. Құлағының ұшына дейін қызару

4. Көп, мол сөзідеріне ұйытқы болған фразеологизмдер

1. Аяқ алып жүргісіз

2. Бықып жату

3. Есеп жоқ

4. Құмырсқадай құжынау

5. Иттен де көп

6. Аузы мұрнынан шығу

5. Аз сөзіне ұйытқы болған фразеологизмдер

1. Ат төбеліндей

2. Бір түйір

3. Бір уыс

4. Бір шөкім

5. Қасқалдақтың қанындай

6. Саусақпен санарлық

6. Шешен сөзіне ұйытқы болған фразеологизмдер

1. Сылдыр көмей, жез таңдай

2. Тілінен бал тамған

3. Сөзінің уыты бар

4. Нақышына келтіріп сөйлеген

5. Су жұқпас

6. Топ жарған

7. Тілге ұста

8. Тілін безеген

9. Аттыға сөз, жаяуға жол бермеген

10. Сөз баққан

11. Аузымен құс тістеген

12. Тілдің майын ағызу

Сонымен қорыта айтсақ : Тіл мәдениетінің бастауы- фразеологизмдер. Әрбір қазақ үшін- тіл мәдениетін меңгеру міндеттерінің бірі- дұрыс сөйлеу, образды сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы тұрақты тіркестердің рөлі ерекше. Фразеологизмдер халықтың ғасырлар бойы жасаған тіл қазынасының алтын қабаттарының бірінен саналады және ауызекі және әдеби тілдің еншісіндегі қолданыс аясы жан- жақты әрі стильдік- эмоционалдық әсері жоғары тіркестер.

Алдыңғы және бүгінгі сабақтармен сабақтастық болу үшін  сабақтың соңында  Тұрақты тіркес  сөзіне фонетикаклық талдау жасаймыз. 13 әріп, 13 дыбыс, тұ- рақ- ты-3 дауысты дыбыс,  4 дауыссыз дыбыс, 3 буын, тұ- ашық буын, рақ- бітеу буын, ты- ашық буын, тір- кес- 2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс, 2 буын, тір- бітеу, кес- 4 дауыссыз дыбыс. 

Т- дауыссыз дыбыс, үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, айтылуына қарай шұғыл, тілдің жасалуына қарай- тіл алды

Ұ- дауысты дыбыс, тілдің қатысына қарай- жуан, жақтың қатысына қарай- қысаң, еріннің қатысына қарай- еріндік

Р- дауыссыз, үнді, ауыз жолды, діріл,  тіл ұшы

А- дауысты, жуан, ашық, езулік

Қ-дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл арты

Т-

Ы- дауысты, қысаң, езулік

Т-

І- дауысты, қысаң, езулік

Р-

К- дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл ортасы

Е- дауысты, ашық, езулік

С- дауыссыз, қатаң, ызың, тіс

Студенттерден не білгенін, не үйренгенін сұрау

8. Бағалау: Студенттерді сабаққа қатысқандарына қарай  және алғырлық пен  ширақтылық танытқандары үшін бағалау

9. Үй тапсырмасы:   Көркем әдебиеттен фразеологизмнің түрлеріне мысалдар жазып келу, әрқайсысына бесеуден.

Қосымша тапсырма:  «Қазақтың төл фразеологизмдері» тақырыбында реферат жазу




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы.

Автор: Орынбаева Бакытгуль Турсынбаевна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390249

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілінен тест с?ра?тары"
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-tilinien-tiest-su-rak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "315587"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1459924982"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "?аза? тілінен тест тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(34) "k-azak-tilinien-tiest-tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "290938"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1455035075"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Тест жұмысы"
    ["seo_title"] => string(14) "tiest_zhu_mysy"
    ["file_id"] => string(6) "433750"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1508636688"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы"
    ["seo_title"] => string(37) "k_azak_tili_p_ninien_tiest_zhu_mysy_1"
    ["file_id"] => string(6) "390445"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1486785229"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы"
    ["seo_title"] => string(37) "k_azak_tili_p_ninien_tiest_zhu_mysy_2"
    ["file_id"] => string(6) "463086"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1521815126"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства