kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ыны? ?алыптасуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биыл?ы жыл?ы  Елбасы Н.?.Назарбаевты?  «Н?рлы жол-болаша??а бастар жол» атты халы??а жолдауында «2015 жыл - ?лтты? тарихымызды ?лы?тау ж?не б?гінгі биіктерімізді ба?алау т?р?ысынан мерейлі белестер жылы» деп, «?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ын, ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы мен Конституциямызды? 20 жылды?ын, ?лы Же?істі? 70 жылды?ын» ерекше атап ?ткен болатын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ыны? ?алыптасуы»











Өткен заман әлдеқайда алыста,

                                                                  өз  уақытының аясында емес,

                                                    осында, менің ішімде.

                                                        Өткен заман – мен өзім,

                                              ол – менің өмірім.

                                                                                               Х.Ортега – и- Гассет

 

Биылғы жылғы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.

Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірде сақтардан, ғұндардан, түріктерден, тағы басқа рулық ұлыстық елдерден қалған аса құнды мұралардың және ескерткіштердің табылғаны жұртқа аян. Солтүстік және Батыс Шыңжаң өңірінен, Қазақстаннан, Моңғол Халық Республикасына қарасты Орхон, Тамыр, Тұла өзендері аңғарларынан табылып жатқан мұралар мен тарихи еркерткіштер жұртты қызықтырып отыр. Осы ұлан-ғайыр кең далада қазақ шежіресі  бойынша қазақтың үш жүзінің құрамын толықтырған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпында сақтаған тайпалар және ұлыстар жасаған. Үйсін, қаңлы, түрік, түркеш, оғыз, қарлық, керей, найман, жалайыр, қоңырат, меркіт, уақтар сияқты өз заманындағы рулық, ұлыстық атаулар қазірге дейін қазақ тайпалары арасында сақталып отырғаны даусыз. Олар қоныстанған және өмір сүрген өңірді 13-ғасырдың басында араб, парсы тарихшылары «Дешті Қыпшақ» деп атаған. Ал 15-ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың «Қазақ даласы» деп атағаны жұртқа аян.

Міне, осы «Қазақ даласына» 15-ғасырда  күннің шығысынан  күннің батысына дейін  алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Кезінде  қазақ - тарихсыз, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған. Ашық айтылмаған бұл тұжырым қалай негізделеді десеңіз, ең алдымен қазақта бұрын-соңды ұлттық мемлекет болмады деп жарияланады. Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрылыстың кейбір элементтері ғана ұшырасқан.

Оның өзінде бұл – біртұтас құрылым емес; әрбір ру, әрбір аймақ өз басына би болған; бұл қазақ басы біріккен хандық құрып көрген жоқ дейді. Тәуба, коммунистік программа жүзеге аспады, қызыл империализм келмеске кетті; тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық деп отырмыз. Бірақ еңсемізді қайта көтеру үшін, рухани жаңғырып, санадағы жарақат жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге тура келді.  Иә, тарих - үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих  бұл адамзатты, әлемді, өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралына саяхат.Өз халқыңның тарихын білу барлық адамдар үшін қасиетті парыз.

Халқымызда мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» демекші біріншіден   қазақ хандығы 13-ғасырдың басынан 15-ғасырдың ортасына дейін (қазақтар біртұтас халық болып қалыптасқанға дейін) Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қол астында болған көшпелі түркі тайпалар «Алаш» қауымынан бастап біртіндеп бірлесіп екі ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық болып қалыптасу барысын бастан кешірді. Екінші сөзбен айтқанда, алғашқы «Алтын орда» хандығы, одан кейінгі «Ақ орда» хандығы мен Өзбек хандығы дәуірі, міне, осылайша біртұтас «қазақ» халқы болып қалыптасуға алғышарт-жағдай әзірлеген.

Ежелден түркі тілдес, көршілес, аралас жасаған түркі тайпалары ұзақ тарихи дәуірді бастан кешу арқылы табиғи түрде «Қазақ хандығы» аталып ел болып құрылған.    «Қазақ» деген аттың ертеде ру-тайпа атынан қазақ біртұтас халық атына айналуы және Қазақ хандығының құрылуы барысы сияқты тарихи оқиғалар жөнінде ел ішінде көптеген аңыз-деректер сақталған. Қазақстан аумағында біртұтас мемлекеттік Алтын Орданының бөлінуі кезінен бастап, Қазақ хандығы пайда болып, нығайғанға дейін жергілікті этникалық негізде қалыптасты.

Әбілқайыр хандығы ыдырағаннан кейін нақ сол қалыптасқан халықта, нақ сол этникалық аумақта, нақ сол  шаруашылық-экономикалық жағдайларда билеуші әулет қана алмасып. Жошы  ұрпақтарының бұрынғы тармағының билігі қалпына келтірілді. Ақ Орда мемлекетін,  Әбілқайыр хандығын, Моғолстанның солтүстік бөлігін және Ноғой Ордасын қазақ халқының ірі-ірі этникалық топтары мекендеді. Қазақ хандығы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің және жоғарыда айтылған басқа да мемлекеттердің  тікелей жалғасы болды. 

Осы мемлекеттер шеңберінде қазақ халқы  қалыптасуының ұзаққа созылған процесі, ал Қазақ хандығында біртұтас халықтың біржола топтасуы аяқталды. Қазақ хандығының қалай құрылғаны, қандай дәуірлерді бастан кешіргені туралы тоқталудан бұрын алдымен хандарының ақылшысы болған қоғам қайраткері, философ, ойшыл Асан қайғы жайлы аңызға тоқталу керек болады. Қазақтың бұл ірі аңыз кейіпкері халық қамын, ел болашағын ойлап, үнемі мұңға батып жүргендіктен, замандастары оны  «Асан қайғы» деп атап кеткен екен. Асан қайғы атамыз екі хандық аумағында яғни, Орта және Кіші жүз мекендеген қазақтардыңда ортақ ойшылы, философы болды. Аңыз – деректерге сай «Тауарих хамсада» жазылуынша, қазақтың үш жүзге бөлеген қазақтың тұңғыш хандары «Әз- Жәнібек», Керей, Хақназар,Тәуекел Есім, Жәңгір, Тәуке хандар қазақ хандығының құрылуы  мен нығаюы арқасында қазақтың әдет-ғұрып заңдары қалыптасты.  Бұл заңдар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке  ханның «Жеті жарғы» заңдары кемелдену өткенін дәлелдейді. Бұл заң 17- ғасырға жетіп, Есімнің кезінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталды.Сол дәуірде қазақ үш жүзінің атақты үш төбе биі  Ұлы жүз биі –Төле, Орта жүз биі – Қазыбек, Кіші жүз биі - Әйтеке бұл заңға «жер дауы», «күн дауы» деген екі тарау қосып толықтырады да, ежелгі әдет- ғұрып заңдары ендігі жерде «Жеті жарғы » деп атала бастады. «Жеті жарғы» заңын бүкіл қазақ халқы атқаруға тиісті заң болғандықтан,13-18 ғасырларда мәдениеттен келе көшпелі ел, өзі ортақ мойындаған заңдарын табиғи түрде өзі бағынатын жол- жосынға айналдырған.

Біз XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді. Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, 1470 жылды, тіпті, бұрын соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды.

1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін жариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде бірден-бір дерек «Тарих-и Рашиди» дерегіне сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан  Шибан әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен саяси күрес, жауласудан кейін оның билігінен бас тартып, соңына ерген жұртымен көтеріле көшіп, Шу өзінінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері XIV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы – төңірегендегі жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы-төбені білдірсе керек.

Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен үлкен Керей ақ киізге хан көтеріліпті. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жеңібек хан әмір жүргізеді. Сірә, қазақ жұртының Әбілқайырдың жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – ол халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады.

Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігне ұйытқы болған асыл ұрық, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан; Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Қенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, Алаш-Орда көсемі Әлихан Бөкейханов – барлығы да осы әулие Әз-Жәнібек ханның  тікелей ұрпақтары.

Түрік жұртының бұған дейінгі мың жылдық тарихында сыннан өткен жол-жора, қалыптасқан жүйе негізінде соңғы екі жарым ғасыр орайында ер халықтың, мерт халықтың жиын ортасынан жарып шыққан, бар тілегі  туған елінің  мұратымен берік астасқан асыл тұқым – Шыңғыс хан – Жошы хан – Орыс хан - Әз-Жәнібек хан әулеті өз жұртын тарихтың барлық қиын өткелінен алып өтті. Әбілқайырдың 1731 жылы Ресей бодандығын қабылдап, сол бодандықтың шырамауынан шығу үшін Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет, Есет бастаған күресімен, 1916 жылғы тар жол тайғақ кешуді бастан өткерген, 1930-1932 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы қазақ жастарының қасқалдақтың қанымен келген бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді.

Тұғыры көк байрағымызды  аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған «Елін сүйген,елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Бүкіл дүние жүзі  халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың  көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан  негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін  дәлелдеді.        

Керей мен әз-Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні 23 жыл бойы Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Оған дәлел биылғы 2014 жылғы 11 қарашадағы  Елбасының «Нұрлы жол» халыққа жолдауында  «Біздің Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.

Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.

Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі.

Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген еді.        Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді. Тарихы,тілі,діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін,байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік  ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдырады  деп кәміл сенеміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? ханды?ыны? ?алыптасуы

Автор: Тюлешева Анар Ибраевна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303631

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "$12. Қазақ халқы мен Қазақ хандыының қалыптасуы"
    ["seo_title"] => string(52) "12_k_azak_khalk_y_mien_k_azak_khandyynyn_k_alyptasuy"
    ["file_id"] => string(6) "365295"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480765908"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства