kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мінез-адам көрсеткіші

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сабақ жоспары  « Өзін –өзі тану »

Мектеп : Жаңатұрмыс НМ Дата:              13 сабақ

Тақырып: Мінез- адам көрсеткіші

 Мұғалім: Айбасова Сая         Класс  :  9 класс            Оқушы саны    

Құндылық : Қиянат жасамау   Қасиеттері:  Сабырлылық,  ар-ұят, жанашырлық.

 Мақсаты: Оқушыларға   мінез – адам көрсеткіші екенің түсіндіре  отырып  жалпыадамзаттық Қиянат жасамау құндылығының  мәнін ашу.

 Міндеті : -ар-ұят білімдерін кеңейту  .

                   - сабырлылық қасиетін дамыту   .

                  -  жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурсы:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мінез-адам көрсеткіші»

Сабақ жоспары « Өзін –өзі тану »

Мектеп : Жаңатұрмыс НМ Дата: 13 сабақ

Тақырып: Мінез- адам көрсеткіші

Мұғалім: Айбасова Сая Класс : 9 класс Оқушы саны

Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттері: Сабырлылық, ар-ұят, жанашырлық .

Мақсаты: Оқушыларға мінез – адам көрсеткіші екенің түсіндіре отырып жалпыадамзаттық Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу .

Міндеті : -ар-ұят білімдерін кеңейту .

- сабырлылық қасиетін дамыту .

- жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурсы:

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі : 5Т

1.Тәртіп 2.Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5.Татулық

2 . Тыныштық сәті: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі ашылды. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді нұрға бөлеп, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарап жатыр. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

3.Үй жұмысын тексеру № 13сабақ

«Бәрі өз қолыңда» тақырыбындағы аңызды оқып келеді.

  1. Қандай ұстаз өмір сүрген ?

  2. Шәкірт ұстазына қандай сұрақпен келді ?

3. Ұстазы қалай жауап берді ?

4. Жақсы адам қандай болуы керек ?

5. Қандай адам жақсылық жасай біледі ?

6. Тіл жүректің айтқанына қай уақытқа қай

уақытта көнеді?

«Хрустальная

Грусть »















































«Бәрі өз қолыңда » притча

  1. Дәйексөз

«Қиянат жасамау-ақиқатпен өмір сүру...»

Абай Құнайбайұлы

- Дәйексөзді қалай түсінесіздер?

2 рет кыздар , 2 рет ер балдар , 1 рет топпен қайталаймыз


Дәптерге жаздыру

5. Мұғалімнің сыйы . Аңыз « Шеге»

«Шеге»

Бірде бір жігітке әкесі бір қалта шеге береді .

Әкесі: «Ашуыңа ырық бергенде қақпадағы тақтайшаға мына шегелерден қағып тұр»,- деді.

Алғашқы аптада тақтайға бірнеше шегелер қағылады .

Келесі аптада жігіт ашуға бой алдырмауға дағдыланып , бірте-бірте тақтайдағы қағылатын шегелер саны азая бастайды .

Өз-өзін қалыпты жағдайда ұстайтын кез де келіп жетті .

Сонда әкесі: «Әр қалыпты күнде өзің қақпаға қаққан шегелеріңді суырып тұр»,- деді.

Уақыт зырғып өте берді . Қақпадағы шеге де аяқталды . Сонда әкесі былай деді : « Тапсырманы жақсы орындадың . Бірақ мына тақтайшадағы шегенің қалдырған тесіктеріне қарашы . Бұл тақтайша енді ешқашан қалпына келмейді»

  1. Әкесі баласына қандай тапсырма берді?

  2. Уақыт өте келе жігіт ойы?

  3. Әкесінің баласына айтқан ақылы?

4. Ата-ана - біздің бақытымыз үшін барын беруге

даяр ал біз оларға не бере аламыз?

5. Ар-ұяты бар адам қандай адам?

6. Қандай адамның жүрегі нұрға толы?

аңыз «Сызат»

  1. Шығармашылық жұмыс ( жеке жұмыс)

«Қиянат жасамайық » оқушылар ереже жазады.

Шығармашылық жұмыстарды Шығармашылық бұрышқа ілінеді .

  1. Топпен өлен айту «Жақсы адамдар»

Әні мен сөзі: А Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Жақсы адамға қосылмас басқа балдар

Табаныңның астымда жатар әлі,

Пенделіктен өресі аспағандар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өткені әппақ ар бар.

Сендер жайлашырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін кетсін көре алмас патшағарлар.

«Жақсы адамдар» өлеңі

Әні мен сөзі: А Оралов

  1. Үй жұмысы :

№14 «Дән мен тас» 70-бет . оқып келу.

«Өзін –өзі тану »оқулығы

  1. Қорытынды минуты:

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлармен мен істеремізді ой елегінен өткізіп көрейікші .Сабақта айтылған ойларымызды жүрек түкпіріне бекітіп , түйейік . Өмірде жасаған жағымды іс-әрекеттеріміз шын жүректен шығып , ізгілікке ниеттелсін . Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна екенін ұмытпайық . .Ешқайсымыз ешкішге қиянат жасамайық, ойымыз таза ,жүрегіміз таза ұрпақ болып өсейік .

«Хрустальная

Грусть »















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мінез-адам көрсеткіші

Автор: Айбасова С.Е

Дата: 05.04.2018

Номер свидетельства: 465071


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства