kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Календарьно-тематический план по обществознанию

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это образец планирования по обществознанию.Там еще есть рабочая программа по этому плануЭто дя учителей, было использовано в колледже.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Календарьно-тематический план по обществознанию»



1. СЕМЕСТР БОЙЫНША ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ.





Оқыту түрі

СЕМЕСТР БОЙЫНША БӨЛІНУІ





Семестр


Апта


Теория


Тәжірибе

Еемтихан

Ккеңес беру

Барлығы

КҮНДІЗГІ

1

16

38



1

38


1

16

38



1

38




Сабақ формасы және бақылау түрі

Балл

1

2

3

1.

Күнделікті бақылау:

  • Дәріс (Дәрісті конспектіні тексеру)

  • Тақырыптық бақылау

  • 5-10 мин. Бақылау жұмысы

  • Конспектіні тексеру

2-5

2.

Ағымдық бақылау

  • Сабақтағы белсенді жұмыс


  • Конспектінің жазылуы

  • ЖҮЖ,ТС орындалуы

2-5

3.

Аралық бақылау

Диф сынақ


2-5

2. ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ





ТҮСІНІК ХАТ



«Дүние жүзі тарихы » пәнінің типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік

талаптарды іске асыру жөніндегі техникалық және орта кәсіптік білім алатын студенттерді дайындауға арналған оқу-әдістемелік құжат.

«Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде білім беру саласына енгізілген.

«Дүние жүзі тарихы»оқу пәнінің мақсаты – жас ұрпақты әлеуметтік

белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол

жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке,

тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу

болып табылады.

Пәннің оқу бағдарламасын игеру барысында студенттер төмендегідей мағлұматтарды білуі тиіс:

  • Студенттерге адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып,олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

  • Дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып,студенттерді халықтар арасындағы өзара түсінушілік,бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу;

  • Тарихи үрдістің көпқырлылығын,көптүрлілігін көрете отырып,студенттерді дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған қарай тарих ғылымын шығармашылықпен қарауға үйрету;

  • Студенттердің дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың және Отанымыздың рухани байлығына құрметпен қарауға дайындау;

  • Студенттерді бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу,олардың бойында ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке,соғысқа қарсылық сезімін сіңіру,адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу;

  • Тарихи материалды дұрыс іріктеп,сапалы оқытуарқылы студенттерді ізгілікке,саналылыққа адамгершіліккеимандылыққа,еңбексүйгіштікке,олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру;

  • Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың ұстанымын қалыптастыру.





Студенттерге қойылатын талаптар:

  • Қазіргі дүние жүзінің даму бағыттарымен таныс болуы керек, халықаралық қатынастардың және дүниежүзілік жаңа тәртіптер дамуының негізгі тұжырымдамаларын білуі қажет.

  • Жоспарланған тақырыптар аясындағы елдердің, лидерлердің,блоктардың қозғалыстардың ұстанымдарын салыстыру, оларға баға беруі.

  • Тарихи қозғалыстарға,тарихи тұлғалар қызметіне баға беру.

  • Тарихи оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастарды салыстыру,өз пікірін дәлелдеу

  • Конспектілер,тезистер жазу, рефераттар дайындау және баяндамалар әзірлеу, тарихи пікір сайыстарға қатысу.



Жалпы сағат саны: 38сағат Семестр:1 Дәріс: 38 сағат Тәжірбие: 0 сағат



















































I бөлім. ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі

1-1.Еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы. Қазіргі дүние жүзі тарихы курсы бүгінгі мен ұштасқан дүние жүзі тарихынның бөлімі. Дүние жүзі біртұтастыққа қарай бел алды. ХХ ғасыр басындағы дүние жүзінің саяси картасы . Еуропамемлекеттерінің саяси құрылысы .Ұлттық мемлекет идеясы мен экономикалық интеграцияландыру процесі .Ұлы державалардың экспансиясы.Дүние жүзін жүзін бөлісу мәселелері.

1-2.Еуропадан тысқары дүние жүзі.Азия мемлекеттері (Қытай,жапония,Корея,Монғолия).Жартылай және отар елдер.Еуропалық мемлекеттердің үстемдік етуінің түп негіздері.Ұлттық сана және азаттық қозғалыстардың өрлеуі.Дүние жүзінің біртұтастығы.Өркениеттер байланысы.Еуропаландыру.

1-3.Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы..Шілде дағдарысы. Соғысқа қатысушы мемлекеттердің жоспарлары.Шлифен жоспарының күйреуі. Жаңа одақтар.

1-4.Еуропадағы және Азиядағы соғыс қимылдары

Шығыс елдерінде ұлт-азаттық қозғалыс өрлей түсіп, алғашқы тәуелсіз мемлекеттер өмірге келді. Бостандыққа талпыну Азия мен Африка халықтары арасында өріс алып, оның сәтті қимылдары ХХ екінші жартысында отаршылдық жүйені күйретуге ықпал етті. Ал социалистік партиялар теңдік пен азаттық туын жоғары көтерді. Бұл ұрандар езілген халықтардың жатжерлік үстемдікті түбірімен жою талаптарымен үйлесе отырып, жаппай антиимпериалистік ұлт-азаттық қозғалыстарын күшейтті.

1-5.Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы саяси әлеуметтік дағдарыстар

ХІХғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты.   Автро-Герман блогының құрамында Германия,Австрия-Венгрия,Түркия және Италия болды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басты себебі: империалистік державалар арасында, ең алдымен Германия мен Англия арасындағы  отарлар мен ықпал ету аймағы үшін күрес болды. Соғысты бастаған герман империалистері, ал соғысқа кінәлі барлық елдің империалистері  болатын. Негізі соғыс екі жақтан да басқыншылық  сипатта болды. Ресей соғысқа 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамыз) кірісті. Австро –Герман блогының ойлаған жоспары — Францияға соққы беріп, Париж арқылы Англияны, содан кейін бар күшті Ресейге жұмсау еді. Бірақ Ресей соғысқа өте қызу араласты.

ІІ бөлім. Соғыстан кейінгі дүние жүзі.

2-1.Версаль-Вашингтон жүйесі.

Келісім шарттар. Париж конференциясы.АҚШ. Вильсонның «14пункті».Жеңуші елдер арасындағы қарама-қайшылықтар.Версаль бейбіт келісім шарты. Ұлттар лигасы. Жаңа мемлекеттердің құрылуы. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің баянсыздығы.20 жылдардағы халықаралық қатынастардың тұрақтануы.Германия жағдайын жеңілдету.Рейннің кепілдік пактысы.Женва конвенциясы. АҚШ-тың оқшаулануы.

2-2.Демократиялық толқындардың көтерілуі және төмендеуі.

Бұқаралық қозғалыстардың артуы.Дамудың екі жолы. Революциялар.Веймар республикасы.Реформалар. Демократиялық толқындардың жетістіктері мен төмендеуі.Жұмысшы және социалистік қозғалыстың жіктелуі.Экономикалық көтерілу. Компартиялардың ықпалының төмендеуі және социал –демократияның нығаюы.

2-3.КСРО-дағы тоталитарлық жүйенің орнауы

Ресейдегі Ақпан революциясы  монархияны жойғанымен, елдің өміріндегі түпкілікті мәселелерді шешуге асыға  қойған жоқ. Соғыста  ақырына дейін  жеңу  ұстанымын көздеген Уақытша  буржуазиялық үкімет майданға миллиондаған солдаттарын жіберіп жатты. Соғыстан титықтаған Ресейдің селолары мен қалаларының  еңбекші бұқарасы 1917 жылдың күзінде  Уақытша буржуазиялық үкіметтің  саясатына жаппай наразылықтарын білдірді. Майдандағы солдаттардың басым көпшілігі  және Ресейдегі халық бұқарасы: Барлық билік Кеңестерге! Деген большевиктік ұранды қолдады. Сондай-ақ большевиктердің  қатары да жылдам өсті. 1917 жылдың қазан  айында 350 мыңға жуық адам болды. Барлық жерде большевиктердің басшылығымен Қызыл Армия қосындары құрылды. Большевиктердің басты күштері  Петроградта шоғырланды. 12 қазанда  Петроград Кеңесі қарулы көтерілісті  тікелей даярлап өткізу және өкіметті басып алу үшін Әскери-революциялық комитетті сайлады.

2-4.1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалык дағдарыс

Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардьщ бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928—1929 жж. экономикалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.

Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.


2-5.АҚШ. «Жаңа бағыт» саясаты

АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.президент Ф.Рузвельт және оның «жаңа бағыт» саясаты.Алғашқы «жүз күн». Американдықтардың көңіл-күйіндегі өзгерістер.Кәсіподақ қозғалысының өрлеуі. Үкімет саясатындағы «солға қозғалу» және ішкі саяси күрестің шиеленісуі.Жоғары сот реформасы және оның сәтсіздікке ұшырауы. Жаңа дағдарыс.1938 жылғы реформалар. «Жаңа бағыттың » маңызы.

2-6. 1918-1939 жылдардағы Латын Америкасы елдері

Латын Америкасы елдері. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген әсері. Аргентина, Чили, Уругвайдағы буржуазиялық реформизм. Мексика революциясы және А.Обрегон үкіметі. Никарагуадағы сандинистер қозғалысының АҚШ-қа қарсы күресі және Сомоса диктатурасының орнауы. Бразилиядағы буржуазиялық революция. Чилидегі революциялық оқиғалар.

2-7.Ұлыбритания мен Канада соғысаралық кезеңде

Мемлекеттің қалыптасуы.
Канада жеріне қоныстану 15 - 16 ғасырларда басталды. Алғашқы рет ағылшындар мен шотландықтар Ньюфауленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысына қоныстанды. 1608жылы Квебек, 1642жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. 1763 жылғы Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті.
Канада 10 провинция мен екі аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Басқару жүйесі жөнінен федеративтік конституциялық монархия. Ресми түрде Ұлыбритания королевасы мемлекет басшысы болып есептеледі.

ІІІ бөлім. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ірі шиеленіс.


3-1.Франция мен Испаниядағы халықтық майдан.

Франция .Парламенттік дағдарыс және фашизм қатері.Елдегі антифашистік майданның қалыптасуы.Халықтық майдан идеясы және оның жүзеге асырылыуы.Мантиньон келісімі.1936 жылғы заңдар.Испания. Республика және революция. Халықтық майданның жеңісі.Испаниядағы франкшілердің билігі.Испан фашизмі мен франкизмнің ерекшеліктері.



3-2.Италия мен Германиядағы фашизм.

Б.Муссолини басқарған фашистік партияның үкімет басына келуі.Фашистік-тоталитарлық режимнің орнауы.Италия фашизмінің ерекшеліктері.Муссолини үкіметінің сыртқы саясаты.

Германияда фашизмнің пайда болуы. Веймар республикасындағы дағдарыс.Фашистердің билікке келуі.Тоталитарлық диктатураның орнауы.Демократияны жою. Жаңа экономикалық саясат.Экономиканы милитаризациялау. Неміс экономикасын қайта құрудың қортындылары.Германиядағы өмір сүру жағдайы. Антисемтизм.Германияның сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық.

3-3.Дүниежүзілік соғыстың басталуы. Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы.

Соғыс қарсаңындағы Еуропадағы саяси дағдарыс.Германияның Польшаға басып кіруі және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.Соғыстың ауқымы. Соғыс қимылдарының сипаты. Соғыс кезеңдері.Африка мен Балқандағы соғыс. Үштік пакт. «Барбаросса» жоспарының қабылдануы.Ұлы Отан соғысының басталуы.1941-1942 жылдардағы Кеңес әскерлерінің барлық майдандада күйрей жеңілу себептері.Осы тақырыптағы қазіргі көзқарастар мен пікірлер.Перл –Харбор. Тынық мұхитындағы соғыс қимылдары. Үштік Одақ елдерінің жетістіктері.АҚШ-тың соғысқа кіруі.Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары.

3-4.«Қырғи-қабақ соғыс».НАТО мен Варшава Шарты Ұйымы. Дүниежүзілік саясат циклдары.

«Қырғи қабақ»соғысының пайда болу себептері.АҚШ пен КСРо-ның халықаралық өмірде алдыңғы қатарға шығуы. Трумэн доктринасы. АҚШ-КСРО тайталасының ұлғаюы. Жаппай қаруулану бәсекелестігі. Маршалл жоспары. Дүние жүзінің 2 лагерьге бөлінуі.НАТО- ның құрылуы.Варшава Шарты Ұйымы. АҚШ- тың ядролық қарудағы монополиясын жою. Милитаризм. Осы соғыстың салдарлары.

3-5.АҚШ және Батыс Еуропа елдері.(1945-2012ж.ж)

Соғыстан кейінгіі Еуропа. «Рахатты мемлекет» қайнар көзі. «Рахатты мемлекеттің» белгілері.Жаңа халықаралық шарттар.Еңбек қатынастарын реттеулер.Еуропа интеграциясы. «Рахатты мемлекет» тоталитарлық мемлекеттің баламасы ретінде. 70-80 жылдардағы экономикалық дағдарыс.НТР. «Консервативтік толқын» АҚШ- тың соғыстан кейінгі жағдайы.Республикашылардың жеңісі. Д.Эйзенхауер.Кеннеди саясаты. Линдон Джонсон.Жастар қозғалысы.Никсон саясаты. «Уотергейт жанжалы» Д.Картер мен Р.Рейганның саясаты.Д.Буш пен Б.Клинтон әкімшілігі.Кариб бассейніндегі елдер. ХХІ ғасыр басындағы Латын Америкасы.

3-6.Ұлыбритания және Франция.

Соғыстан кейінгі Ұлыбритания. Лейбористер Саясаты.Билікке консерваторлардың қайта оралуы.Солтүстік Ирландия проблемасы. Ұлыбритания және Еуропа. Ольстер проблемасы. М.Тэтчер саясаты. Фолкленд соғысы.Экономикалық бетбұрыс.М.Тэтчердің отставкаға кетуі. Э.Блэрдің «үшінші жолы».

Францияның соғыстан кейінгі жағдайы. Уақытша режим. Төртінші республика конституциясы. «Қырғи-қабақ соғыс» және Төртінші республика. Алжир мәселесі.Шарль де Голльдің қызметі.1958 жылғы сайлау.Жак Ширак үкіметі.Қазіргі француз қоғамы.ХХІ ғасырдағы Франция.


3-7.Германия және Италия Федеративтік Республикасы.

Соғыстан кейінгі Германия. Германиядағы оккупациялық режим.ГФР конституциясының қабылдануы.Алғашқы бундестагқа сайлау.Ішкі және сыртқы саясаттағы проблемалар.,өзгерістер.Жаңа саяси топтасулар.Г.Коль саясаты. ГДР- дағы «социализм негіздері». ГДР- дағы әлеуметтік-саяси дағдарыстар. Берлин қабырғасының құлауы.Шредер саясаты.ХХІ ғасырдағы Германия.

Соғыстан кейінгі Италия. Республиканың жариялануы.Де гаспери.центризм. Италия экономикасының дамуы.ИКП ролі. ХДП-ның ықпалының төмендеуі.Мафия. Саяси дағдарыс.90-жылдардағы Италия.С.Берлусконидіңүкіметі. ХХІ ғасырдағы Италия.




Әдебиеттер



1. Ж.А Кредер «Новейшая история ХХ век » 1995 г. Москва.


2. А.А Данилов. Л.Г Косулина «История России ХХ век »1995 г. Москва


3.Н. Верт. «История Советского государства 1900-1991 годы »1992г

4. С.С Сорокова-Цюпа «Мир в ХХ веке » 1996г7 Москва


5. «Большая историческая энциклопедия для школьников и студентов »


6. «Всемирная история » Энциклопедия для детей Москва 2004г









































«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі





«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Әдістемелік кеңес отырысында Директордың оқу ісі

Хаттама №------ жөніндегі орынбасары

Әдіскер -------Турмаханова Р.А ------ Дауленбаева Ш.А

«---» ------ 2017ж. «___» _________ 2017ж.



ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Мамандығы: -------------------------------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

пәннің атауы









Тобы: -----------

Курсы:------------

Семестр:----------















Байқоңыр қаласы,2016-2017 оқу жылы.







---------------------------------------------------------------------------------------------------- -------------------

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Пәнінен бағдарламаны дайындаған

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------









«Жалпы пәндер» (циклдік) комиссия отырысында қаралып, мақұлданды.





Хаттама № ----- «----» -------- 2017ж













Жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі ----------------- Утепбергенова. Л.К.

(қолы)

























2. Тақырыптық жоспар және пән бағдарламасы















































2. Тақырыптық жоспар және пән бағдарламасы



Рет саны

Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Барлығы

Сағат саны

дәріс

тәжірбие

I бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың баскезіндегі дүние жүзі дамуының негізгі үрдістері.


6

6


Дүние жүзінің соғыстан кейінгі дамуы. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары

2

2


Дүние жүзі саяси дамуының ерекшеліктері.

2

2


Қазіргі заманның жаһандық мәселелері

2

2


ІІ бөлім. 1945-2006 жылдардағы халықаралық қатынастар.

6

6


40-жылдардың екінші жартысы мен 50-жылдардағы халықаралық қатынастар

2

2


ХХ ғасырдың 60-жылдары мен 80-жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар

2

2



ХХ ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі халықаралық

2

2


ІІІ бөлім. Америка Құрама Штаттары.

4

4


Америка Құрама Штаттары 1945-1960 жылдарда

2

2


АҚШ 1960-2006 жылдарда

2

2


IV бөлім. Батыс және Оңтүстік Еуропа елдері.

8

8


Ұлыбритания

2

2


Франция

2

2


Германия Федеративтік Республикасы

2

2


Италия

2

2


V бөлім. Жапония. Корея Республикасы.

4

4


Жапония

2

2


Корея Республикасы

2

2


VI бөлім. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы. Тәуеліз Мемлекеттер Достастығы.

10

10


40- жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басындағы КСРО

2

2


50-жылдардың ортасы мен 60-жылдардың бірінші жартысындағы Кеңес қоғамы

2

2


60-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың бірінші жартысындағы КСРО

2

2


Кеңес Одағы 1985-1991 жылдарда

2

2


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

2

2



Барлығы

38

38






















































ТҮСІНІК ХАТ

«Қоғамтану » пәнінің типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік талаптарды іске асыру жөніндегі техникалық және орта кәсіптік білім алатын студенттерді дайындауға арналған оқу-әдістемелік құжат.«Қоғамтану» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде білім беру саласына енгізілген.«Қоғамтану »оқу пәнінің мақсаты – жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке,тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу болып табылады.

Пәннің оқу бағдарламасын игеру барысында студенттер төмендегідей мағлұматтарды білуі тиіс:

  • Студенттерге адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып,олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

  • Дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып,студенттерді халықтар арасындағы өзара түсінушілік,бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу;

  • Тарихи үрдістің көпқырлылығын,көптүрлілігін көрете отырып,студенттерді дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған қарай тарих ғылымын шығармашылықпен қарауға үйрету;

  • Студенттердің дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың және Отанымыздың рухани байлығына құрметпен қарауға дайындау;

  • Студенттерді бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу,олардың бойында ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке,соғысқа қарсылық сезімін сіңіру,адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу;

  • Тарихи материалды дұрыс іріктеп,сапалы оқытуарқылы студенттерді ізгілікке,саналылыққа адамгершіліккеимандылыққа,еңбексүйгіштікке,олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру;

  • Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың ұстанымын қалыптастыру.





Студенттерге қойылатын талаптар:

  • Қазіргі дүние жүзінің даму бағыттарымен таныс болуы керек, халықаралық қатынастардың және дүниежүзілік жаңа тәртіптер дамуының негізгі тұжырымдамаларын білуі қажет.

  • Жоспарланған тақырыптар аясындағы елдердің, лидерлердің,блоктардың қозғалыстардың ұстанымдарын салыстыру, оларға баға беруі.

  • Тарихи қозғалыстарға,тарихи тұлғалар қызметіне баға беру.

  • Тарихи оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастарды салыстыру,өз пікірін дәлелдеу

  • Конспектілер,тезистер жазу, рефераттар дайындау және баяндамалар әзірлеу, тарихи пікір сайыстарға қатысу.







Жалпы сағат саны: 19 сағат Семестр: 2 Дәріс:19 сағат Тәжірбие: 0 сағат



I бөлім. ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі

Еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы. Қазіргі дүние жүзі тарихы курсы бүгінгі мен ұштасқан дүние жүзі тарихынның бөлімі. Дүние жүзі біртұтастыққа қарай бел алды. ХХ ғасыр басындағы дүние жүзінің саяси картасы . Еуропамемлекеттерінің саяси құрылысы .Ұлттық мемлекет идеясы мен экономикалық интеграцияландыру процесі .Ұлы державалардың экспансиясы.Дүние жүзін жүзін бөлісу мәселелері.

Еуропадан тысқары дүние жүзі.Азия мемлекеттері (Қытай,жапония,Корея,Монғолия).Жартылай және отар елдер.Еуропалық мемлекеттердің үстемдік етуінің түп негіздері.Ұлттық сана және азаттық қозғалыстардың өрлеуі.Дүние жүзінің біртұтастығы.Өркениеттер байланысы.Еуропаландыру.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы..Шілде дағдарысы. Соғысқа қатысушы мемлекеттердің жоспарлары.Шлифен жоспарының күйреуі. Жаңа одақтар.Еуропадағы соғыс қимылдары.Азиядағы соғыс қимылдары.

ІІ бөлім. Соғыстан кейінгі дүние жүзі.

Версаль-Вашингтон жүйесі.Келісім шарттар. Париж конференциясы.АҚШ. Вильсонның «14пункті».Жеңуші елдер арасындағы қарама-қайшылықтар.Версаль бейбіт келісім шарты. Ұлттар лигасы. Жаңа мемлекеттердің құрылуы. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің баянсыздығы.20 жылдардағы халықаралық қатынастардың тұрақтануы.Германия жағдайын жеңілдету.Рейннің кепілдік пактысы.Женва конвенциясы. АҚШ-тың оқшаулануы.

Демократиялық толқындардың көтерілуі және төмендеуі.Бұқаралық қозғалыстардың артуы.Дамудың екі жолы. Революциялар.Веймар республикасы.Реформалар. Демократиялық толқындардың жетістіктері мен төмендеуі.Жұмысшы және социалистік қозғалыстың жіктелуі.Экономикалық көтерілу. Компартиялардың ықпалының төмендеуі және социал –демократияның нығаюы.

АҚШ. «Жаңа бағыт» саясаты және Латын Америкасы.АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.президент Ф.Рузвельт және оның «жаңа бағыт» саясаты.Алғашқы «жүз күн». Американдықтардың көңіл-күйіндегі өзгерістер.Кәсіподақ қозғалысының өрлеуі. Үкімет саясатындағы «солға қозғалу» және ішкі саяси күрестің шиеленісуі.Жоғары сот реформасы және оның сәтсіздікке ұшырауы. Жаңа дағдарыс.1938 жылғы реформалар. «Жаңа бағыттың » маңызы.

Франция мен Испаниядағы халықтық майдан.Франция .Парламенттік дағдарыс және фашизм қатері.Елдегі антифашистік майданның қалыптасуы.Халықтық майдан идеясы және оның жүзеге асырылыуы.Мантиньон келісімі.1936 жылғы заңдар.Испания. Республика және революция. Халықтық майданның жеңісі.Испаниядағы франкшілердің билігі.Испан фашизмі мен франкизмнің ерекшеліктері.

Италия мен Германиядағы фашизм.

Б.Муссолини басқарған фашистік партияның үкімет басына келуі.Фашистік-тоталитарлық режимнің орнауы.Италия фашизмінің ерекшеліктері.Муссолини үкіметінің сыртқы саясаты.Германияда фашизмнің пайда болуы. Веймар республикасындағы дағдарыс.Фашистердің билікке келуі.Тоталитарлық диктатураның орнауы.Демократияны жою. Жаңа экономикалық саясат.Экономиканы милитаризациялау. Неміс экономикасын қайта құрудың қортындылары.Германиядағы өмір сүру жағдайы. Антисемтизм.Германияның сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық.



ІІІ бөлім. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ірі шиеленіс.

Дүниежүзілік соғыстың басталуы. Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы.

Соғыс қарсаңындағы Еуропадағы саяси дағдарыс.Германияның Польшаға басып кіруі және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.Соғыстың ауқымы. Соғыс қимылдарының сипаты. Соғыс кезеңдері.Африка мен Балқандағы соғыс. Үштік пакт. «Барбаросса» жоспарының қабылдануы.Ұлы Отан соғысының басталуы.1941-1942 жылдардағы Кеңес әскерлерінің барлық майдандада күйрей жеңілу себептері.Осы тақырыптағы қазіргі көзқарастар мен пікірлер.Перл –Харбор. Тынық мұхитындағы соғыс қимылдары. Үштік Одақ елдерінің жетістіктері.АҚШ-тың соғысқа кіруі.Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары.

«Қырғи-қабақ соғыс».НАТО мен Варшава Шарты Ұйымы. Дүниежүзілік саясат циклдары.

«Қырғи қабақ»соғысының пайда болу себептері.АҚШ пен КСРо-ның халықаралық өмірде алдыңғы қатарға шығуы. Трумэн доктринасы. АҚШ-КСРО тайталасының ұлғаюы. Жаппай қаруулану бәсекелестігі. Маршалл жоспары. Дүние жүзінің 2 лагерьге бөлінуі.НАТО- ның құрылуы.Варшава Шарты Ұйымы. АҚШ- тың ядролық қарудағы монополиясын жою. Милитаризм. Осы соғыстың салдарлары.







































АҚШ және Батыс Еуропа елдері.(1945-2012ж.ж)

Соғыстан кейінгіі Еуропа. «Рахатты мемлекет» қайнар көзі. «Рахатты мемлекеттің» белгілері.Жаңа халықаралық шарттар.Еңбек қатынастарын реттеулер.Еуропа интеграциясы. «Рахатты мемлекет» тоталитарлық мемлекеттің баламасы ретінде. 70-80 жылдардағы экономикалық дағдарыс.НТР. «Консервативтік толқын» АҚШ- тың соғыстан кейінгі жағдайы.Республикашылардың жеңісі. Д.Эйзенхауер.Кеннеди саясаты. Линдон Джонсон.Жастар қозғалысы.Никсон саясаты. «Уотергейт жанжалы» Д.Картер мен Р.Рейганның саясаты.Д.Буш пен Б.Клинтон әкімшілігі.Кариб бассейніндегі елдер. ХХІ ғасыр басындағы Латын Америкасы.

Ұлыбритания және Франция.

Соғыстан кейінгі Ұлыбритания. Лейбористер Саясаты.Билікке консерваторлардың қайта оралуы.Солтүстік Ирландия проблемасы. Ұлыбритания және Еуропа. Ольстер проблемасы. М.Тэтчер саясаты. Фолкленд соғысы.Экономикалық бетбұрыс.М.Тэтчердің отставкаға кетуі. Э.Блэрдің «үшінші жолы».

Францияның соғыстан кейінгі жағдайы. Уақытша режим. Төртінші республика конституциясы. «Қырғи-қабақ соғыс» және Төртінші республика. Алжир мәселесі.Шарль де Голльдің қызметі.1958 жылғы сайлау.Жак Ширак үкіметі.Қазіргі француз қоғамы.ХХІ ғасырдағы Франция.



Германия және Италия Федеративтік Республикасы.

Соғыстан кейінгі Германия. Германиядағы оккупациялық режим.ГФР конституциясының қабылдануы.Алғашқы бундестагқа сайлау.Ішкі және сыртқы саясаттағы проблемалар.,өзгерістер.Жаңа саяси топтасулар.Г.Коль саясаты. ГДР- дағы «социализм негіздері». ГДР- дағы әлеуметтік-саяси дағдарыстар. Берлин қабырғасының құлауы.Шредер саясаты.ХХІ ғасырдағы Германия.

Соғыстан кейінгі Италия. Республиканың жариялануы.Де гаспери.центризм. Италия экономикасының дамуы.ИКП ролі. ХДП-ның ықпалының төмендеуі.Мафия. Саяси дағдарыс.90-жылдардағы Италия.С.Берлусконидіңүкіметі. ХХІ ғасырдағы Италия.









Әдебиеттер



1.Тарих. Жалпы орта білі беретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған бағдарламалар.

Алматы, 2004.

2.Дүние жүзі тарихы – 11сынып, авторы: Алдабек Н., Бекіш Р., Кожахметұлы К., Мектеп, 2004 ж


3.Қазіргі заман тарихы – 10 сынып, авторы Хасен М.Х., Батурина Л.Н., Базанова Ф.И.,

Мектеп; 2001 ж.


4.Дүние жүзі тарихы – 10 сынып жұмыс дәптер, құрастырушы Құлыпбаева К.Т.,


5.Журнал «Всемирный следопыт», № 1-12 за 2007 -08ж.


6.11 сыныпқа арналған дүние тарихы бағдарламасы,, составители: Тұрлығұл Т.Т.,

Кожахметұлы К., Шупеков А.

7. История Отечества М. Просвещение,1995г.


8.Политический альманах «Страны мира»


9.М. Қозыбаев «Избранные труды»,Алматы,»Гылым», 2006ж





























« БАЙҚОҢЫР «КОСМОС» КОЛЛЕДЖІ» білім мекемесі.





«КЕЛІСІЛГЕН» «БЕКІТЕМІН»

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

-------Турмаханова Р.А жөніндегі орынбасары

Тіркеу №------ ------ Дауленбаева Ш.А

« --- » -------- 2015 ж.





ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Мамандығы: ---------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

пәннің атауы







Тобы: ------------

Курсы:------------

Семестр:----------











Байқоңыр қаласы,2014-2015оқу жылы.



----------------------------------------------------------------------------------------------------

-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Пәнінен бағдарламаны дайындаған

------------------------------------------------------------------------------------------------------









Бағдарлама: «жалпы білім беру» пәндері бірлестігі

комиссия отырысында қаралып, мақұлданды.





Хаттама № ----- «----» -------- 2015ж







«Жалпы пәндер »бірлестік жетекшісі ----------------- Темирханова С.Т.

(қолы)

























ТҮСІНІК ХАТ

«Қазақстан тарихы » пәнінің типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік талаптарды іске асыру жөніндегі техникалық және орта кәсіптік білім алатын студенттерді дайындауға арналған оқу-әдістемелік құжат.

«Қазақстан тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде білім беру саласына енгізілді.

«Қазақстан тарихы»оқу пәнінің мақсаты – жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке,тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу болып табылады.Қазақстан тарихы «Оптика және электрондық жабдықтар» мамандығына -40 сағат, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу, пайдалану» мамандығына-80 дәріс сабақ бөлінген.

Пәннің оқу бағдарламасын игеру барысында студенттер төмендегідей мағлұматтарды білуі тиіс:

  • Студенттерге Қазақ елінің 1916- жылдан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып,олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

  • Дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып,студенттерді халықтар арасындағы өзара түсінушілік,бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу;

  • Тарихи үрдістің көпқырлылығын,көптүрлілігін көрете отырып,студенттерді дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған қарай тарих ғылымын шығармашылықпен қарауға үйрету;

  • Студенттердің еліміздегі мәдениетке, жеке халықтардың және Отанымыздың рухани байлығына құрметпен қарауға дайындау;

  • Студенттерді бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу,олардың бойында ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке,соғысқа қарсылық сезімін сіңіру,адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу;

  • Тарихи материалды дұрыс іріктеп,сапалы оқытуарқылы студенттерді ізгілікке,саналылыққа адамгершіліккеимандылыққа,еңбексүйгіштікке,олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру;

  • Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың ұстанымын қалыптастыру.





Студенттерге қойылатын талаптар:

  • Қазіргі дүние жүзінің даму бағыттарымен таныс болуы керек, халықаралық қатынастардың және дүниежүзілік жаңа тәртіптер дамуының негізгі тұжырымдамаларын білуі қажет.

  • Жоспарланған тақырыптар аясындағы уақыттың, лидерлердің,блоктардың қозғалыстардың ұстанымдарын салыстыру, оларға баға беруі.

  • Тарихи қозғалыстарға,тарихи тұлғалар қызметіне баға беру.

  • Тарихи оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастарды салыстыру,өз пікірін дәлелдеу,

  • Тарихи оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастарды салыстыру,өз пікірін дәлелдеу;

  • Конспектілер,тезистер жазу, рефераттар дайындау және баяндамалар әзірлеу, тарихи пікір сайыстарға қатысу.

Жалпы сағат саны: 40 сағат Семестр:2 Дәріс:40 сағат Тәжірбие:0 сағат

Тақырыптық жоспар

р/с

Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Сағат саны

мерзімі


Үйге тапсырма

1






І т.Қазақстан революция жылдарында және азамат соғысы кезінде (1916-1920).



2

1916 жылғы ұлт-азаттық революция.

22


оқу

3

Ресейдегі 1917 жылғы ақпан төңкерісі. Қосөкімет жағдайындағы жіне қарулы көтерілісті дайындау қарсаңындағы Қазақстан.

22


Реферат жазу

4

1917 жылғы Қазан төңкерісі.

22


Конспект оқу

5

Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы.

22


Қосымша материал дайындау

6

Қазақстан шетелдік интервенция жылдарында.

22


Реферат жазу

7

Қазақстан азамат соғысы жылдарында.

32


Қосымша материал дайындау

8

Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат.

22


Реферат жазу

9

Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның тарихи маңызы.

22


Қосымша материал дайындау


ІІ тарау.Қазақстандағы ХХ ғасырдың басындағы мәдениет.

10

Халық ағарту ісінің күйі және қазақ әдебиеті.

22


Реферат жазу

11

Қазақ –кеңес әдебиетінің қалыптасуы.

22


Конспект оқу

12

Қазақ кеңес өнерінің қалыптасу кезеңі.

22


Реферат жазу

13

Қазақстандағы мәдени құрылыс тәжірибесі

22


Конспект оқу


ІІІ тарау. Қазақстан жаңа экономикалық саясат және оның тоқталуы.

14

Жаңа экономикалық саясатқа көшу

22


Қосымша материал дайындау

15

Ашаршылықпен күрес

22


Реферат жазу

16

1921 жылғы жер-су реформасы

22


Конспект оқу

17

Қазақ жерлерін Қазақ АКСРінің құрамына біріктіру

22


Конспект оқу

18

Республиканың қоғамдық-саяси өмірі

22


Реферат жазу

19

Жинақтау сабағы

22


Қосымша материал дайындау


ІV тарау. Казармалық социализм құрылысы. Геноцид саясаты.

20

Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде

22


Конспект оқу

21

1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір. Қазақстан соғысқа дейінгі кезеңде

22


Конспект оқу

22

1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы халық ағарту ісі.

22


Реферат жазу

23

Қазақстандағы кеңес әдебиетінің қалыптасуы

22


Реферат жазу

24

Қазақстандағыкеңесөнерінің қалыптасуы

2


Реферат жазу

25

Қазақстандағы мәдени құрылыс тәжірбиесі

22


Қосымша материал дайындау

26

Республиканың әлеуметтік дамыуы

22


Конспект оқу


V тарау. Халық жаңа сын үстінде.

27

Қазақстанның үйлесімді әскери экономикасы.

22


Конспект оқу

28

Майданға және оккуациядан азат етілген аудандарға бүкілхалықтық көмек.

22


Қосымша материал дайындау

29

Соғыс жылдарындағы әдебиет және өнер.

22


Реферат жазу

30

Қазақстан халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту кезеңінде

22


Конспект оқу

31

Қазақстан 50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың ортасында

22


Конспект оқу

32

Қазақстан 60-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың басында

22


Реферат жазу

33

Өзгерістер жолында

22


Конспект оқу


VI тарау.Тәуелсіз Қазақстан.

34

Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

22


Конспект оқу

35

Рыноктық экономикаға өту

22


Конспект оқу

36

Қазақстан экономикалық дағдарыс жылдарында

22


Конспект оқу

37

Қазақстанның халықаралық және шетел елдерімен экономикалық қарым-қатынасы.

22


Қосымша материал дайындау

38

Қазақстанның ішкі саяси жағдайы

22


Конспект оқу

39

Қазақстанның мәдени өміріндегі өзгерістер

22


Реферат жазу

40

Елбасының стратегиялық бағдарламасы

22


Реферат жазу


Барлығы

80 сағат

















1 бөлім. Қазақстан революция жылдарында және азамат соғысы кезінде. (1920-30)

1-1. 1916 жылғы ұлт-азаттық революция.Жалпы ұлттық дағдарытың пісіп-жетілуі. Патшаның Орта Азия мен Қазақстанның бұратана халықтарын мемлекет қарауына алу жөніндегі 1916 жылғы 25 маусымжағы жарлығы, оның халыққа жат мәні. Қазақ қоғамының әр түрлі топтпрының патша жарлығына көзқарасы. Қазақтың Революцияшыл-демократиялық зиялыларының көш басы жағдайы.

1-2. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан төңкерісі. Қос өкімет жағдайындағы және қарулы көтерілісті дайындау қарсаңындағы Қазақстан.Ресейде Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы. Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Петроград кеңесінің жазалау экспедициясын кері шақырып алу жөніндегі шешімі. Уақытша үкіметтің Қытайдағы, Ауғаныстандағы босқындарды қайтару жөніндегі шаралары.

1-3. 1917 жылғы Қазан төңкерісі

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға.Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты.

Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады.



Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Ресейде буржуазиялық-демократиялық революциясының жеңуі. Қазақстанда Кеңестердің және Уақытша үкімет органдарынң құрылуы. 1916 жылы бас сауғалап Қытай мен Ауғаныстанға көшкендерді қайтару жөніндегі шаралар. Тыл жұмысына алынғандардың қайтып келуі.

1-4. Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында.Қазақстанда азамат соғысының басталуы. Майдандардың құрылуы. Қызыл Армияның ұлттық бөлімшелерінің қалыптасуы. Колчактың жорығы. Партизандық соғыс. Колчак армиясының талқандалуы және майдандардың жойыоуы. «Алаш Орда» үкіметінің Кеңес өкіметі жағына шығуы. Большевиктердің және ақ гвардияшыл үкіметтердің ұлт саяматы. «Әскери коммунизм» саясаты. Шаруашылықта болған өзгерістер. Қазақ Ревкомының құрылуы.

1-5. Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат. 20-жылдардың басында шаруашылықтың құлдырауы.Халықтың Кеңес өкіметіне наразылығы. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.Қазақстан ауылдары мен деревнялары ЖЭС жылдарында.1921 жылғы ашаршылық және оның зардаптары.Еңбекші қазақтар жерінің қайтарылуы. «Қосшы» одағы. Жер -–су реформалары.

1-6. Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның тарихи маңызы

Қазақ АКСР-ін құруға дайындық. Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет және оның қызметі. Кеңес үкіметінң Ресей құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңес социалистік республикасын» құру жөніндегі 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті. Қазақ АКСР-і Кеңестерінің құрылтай съезі. Республиканың жоғарғы органдары – Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлау.»Қазақ КСР еңбекшілері құқыларының декларациясы» және оның маңызы. Қазақ АКСР-інің Ресеймен федерациялық қатынастары.

ІІ тарау. Қазақстандағы ХХғасырдың басындағы мәдениет

10-тақырып.Халық ағарту ісінің жайы және қазақ әдебиеті. Демократиялық интеллигенция өкілдерінң мәдениеттің дамуына қатысуы. М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Торайғыров, Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, С.Дөнентаев және ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылым мен мәдениеттің басқа да қайраткерлері.

11-тақырып. Музыка мәдениеті.. Қазақтардың өзіндік музыка мәдениеті. Күйлер мен күйшілер. Қазақ композиторлары – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы ындағы жыршылар: К.Әзірбаев, М.Шамсудинова, Ы.Сандыбаев, Е.Беркімбаев, және күйші-композиторлар Д.Нүрпейісова, Қ.Тілепбергенов, С.Оразалиев. Атақта әншілер Ә.Қашаубаев, Қ.Байжанов, Г.Айтбаев. Басқа халықтармен жасалған музыкалық байланыстар.

12-тақырып. Бейнелеу өнері. Ресей суретшілерінң Қазақстан жөніндегі шығармалары. В.Верещагиннің және Н.Г. Хлудовтың картиналары. Халықтық қолданбалы өнер. Металды, ағашты, жүнді, теріні, мамықты, пайдалану. Киіз үй және оның жиһаздары. Тоқымашылық: кілем тоқу, текемет жасау, сырмақ тігу, сүйектен өрнек жасау. А.П.Зенковтың сәулет өнері.

13-тақырып.Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен өнері . Ұлттық қолөнердің үздік үлгісі-киіз үй, ұлттық киімдер. Ою-өрнектердің мәні мен қолданылуы.

ІІІ тарау. Қазақстан жаңа экономикалық саясат және оның тоқталуы.

14-тақырып.Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Өлке эконмикасының құлдырауы. Кедей шаруалардың соғыс коммунизімі саясатына наразылығы. Кеңес өкіметіне қарсы ұйымдастырылған бүліктер. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

15-тақырып.Ашаршылықпен күрес. Жер-су реформасы. 1921 жылғы жұт пен құрғақшылық. Еділ бойындағы ашаршылыққа ұшыраған халықтың Қазақстанға, Түркістанға көшіп келуінің күшеюі. Құрғақшылық болмаған аудандардағы азық-түліктің артық мөлшерін алу. Ашаршылық және оның зардаптары. Егіс көлемінң , мал басының , шаруашылықтар санының кемуі.

16-тақырып.1921жылғы жер-су реформасы. Патша өкіметі тартып алып, Сібір және Орал казак әскерлеріне берген жерлердің қазақтарға қайтарылуы. Қателіктер мен қиғаштықтар «Қосшы» одағы. Жаңа экономикалық саясаттың қиындықтары мен табыстары.

17-тақырып.Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-інің құрамына біріктіру. Халықтардың ұлттық сана сезімінің және жергілікті жерлерден бірігу тенденцияларының өсуі. Республиканың территориялық біртұтастығын қалыптастырудың күрделілігі. Бұл мәселені шешудегі қателіктер мен қиғаштар. Ұлы державалық шованизм және жергілікті ұлтшылдық көріністерін жеңу және территориялық проблемалар бойынша ұлтаралық келісімге жету.

18-тақырып.Республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Республиканың қоғамдық-саяси өмірінде большевиктер партиясының, оның Орталық комитінің, Қазақстан Компартиясы ықпалының күшеюі. Голщекиншілдік. Жеке адамның өкімет билігі режимінің орнығуы Орталық өктемдігінң күшеюі.Республика басшылығында әкімшіл-әміршіл әдістің енгізілуі.

19-тақырып. Жинақтау сабағы. Қазақ АКСР-інің жаңа экономикалық саясат кезеңінде дамуының негізгі қорытындылары. Оның тиімді және тиімсіз жақтары.

ІV тарау. Казармалық социализм құрылысы.Геноцид саясаты

20-тақырып.Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде. Қазақстан экономикасының ауыр жағдайы. Индустрияландырудың ерекшеліктері мен біржақтылығы. Индустрияландыру мәселесі төңірегіндегі идеялық тартыстар. С.Сәдуақасов шаруашылықтың отарлық құрылымын өзгерту туралы. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» теориясының зардаптары.Қ.Сәтпаев. Табиғат байлықтарын зерттеу. Өнеркәсіп және транспорт.Өнеркәсіп салаларындағы табыстар.Елдің дамыған аймақтарымен шарушылық және мәдени байланыстардың нығаюы.

21-тақырып. 30-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. Қазақстан соғысқа дейінгі кезеңде.Өнеркәсіп дамуның қорытындылары. Колхоз құрылысын нығыайтуға бағытталған шаралар, ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштері. Әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктер. Қазақ Кеңес мемлекетінің 20 жылдығы.Тарих тәжірбиесі және сабақтары.

22-тақырып. 20-30 жылдардағы Қазақстандағы халық ағарту ісі.Халық ағарту ісі. Ересек халықтың саутсыздығын жою. Мектеп құрылысы жөніндегі айтыстар. Жалпыға бірдей білім беру туралы заңның енгізілуі .20-30 жылдардағы ағартушылардың қызметі , олардың халыққа білім берудің ұлттық жүйесін құруға қосқан үлесі. Тоталитаризмнің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге тигізген зиянды ықпалы.



23-тақырып. Қазақстандағы кеңес әдебиетінің қалыптасуы.Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров және басқалары. Республика Жазушылар Одағының құрылуы.Социалистік реализм қыспағында әдебиеттің дамуы. 20-30 жылдардағы жазушылар.



24-тақырып.Қазақстан кеңес өнерінің қалыптасуы .Халық театрларының , клубтарының, драма және әдебиет үйірмелерінің пайда болуы. Оның көрнекті өкілдері. 20-30 жылдары көрнекті мәдениет қайраткерлерінің жазықсыз жазалануы және ауыр зардаптары. Қазақ кеңес өнері. Өнер саласының көрнекті өкілдері.Ұлттық қазақ театрының ,мемлекеттік халық аспаптар оркестірінің, Мемлекеттік филармонияның ашылуы.Бейнелеу өнерінің дамуы. Кеңестік идеологияның мәдениет саласына тигізген зардаптары.Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті.1920-45 жылдардағы біздің өлке.

25-тақырып.Қазақстандағы мәдени құрылыс тәжірбиесі.Тоталитаризм, жеке өкімет билігі режимінің идеологиясы, оның рухани зардаптары.Қазақ жазуы, мектеп білімі саласындағы реформалардың қолайсыз зардаптары. Қазақ халқының өткендегі мәдени мұрасына теріс қатынас.Мәңгүрттікке табыну. Ұлт зиялыларының қайғылы тағдыры.

26-тақырып. Таптық құрылымдағы өзгерістер. Қазақ шаруаларының, еркін шаруалардың жойылуы. Демографиялық кемшіліктер. 1936 жылғы Қазақ КСР Конститутциясы және шындық.Партиялық-мемлкеттік төрешілік, оның өкімет билігінің күшеюі. Республикадағы соғыс қарсаңындағы қоғамдық саяси жағдайы

V тарау.Халық жаңа сын үстінде.

27-тақырып.Қазақстанның үйлесімді әскери экономикасы. Қазақстан экономикасы – елдің әскери экономикасының құрамдас бөлігі. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің, Кеңес үкіметінңҚазақстанның отын-энергетика өнеркәсібі мен көлігін дағдарыстан шығаруға бағытталған күш-жігері. Қазақ КСР-і Урал, Еділ бойы және Сібір әскери индустриясының шикізат базасы.

28-тақырып. Майданға және оккупациядан азат етілген аудандарға бүкілхалықтық көмек.Қорғаныс қорын құру. Танк колоннасының құрылысы үшін қаржы жинау. Азат етілген аудандарға қамқорлық көрсету. Еңбекшілердің әскери заемдарға жазылуы. Халық бұқарасының қайыршылануы. Қазақстан халқы тіршілік деңгейінің төмендеуі.



29-тақырып.Соғыс жылдарындағы әдебиет және өнер.Соғыс кезі жағдайындағы ұлтаралық қатынастар. Соғыс және халықтар өмірін одан әрі интернационалдандыру. Сталиннің халықтардың патриоттық дәстүрлеріне арнап үндеу жариялауға мәжбүр болуы:ұлттық әскер құрамаларын құру .КСРО халықтарыың тілдерінде майдандық баспасөз шығару, сыртқы істер халық комиссариаттарын құру.

30-тақырып.Қазақстан халық шаруашылығын дамыту және қалпына келтіру кезеңінде.Соғыстан кейінгі жылдары ауыл шаруашылығында байқалған келеңсіздіктер. Астық өнімнің кемуі.Мал шарушылығының нашарлауы. Тың және тыңайған жерлерді игеру.Оның республиканың экономикасына тигізген пайдасы мен зардабы. Тың игерудің келеңсіз салдарлары.

31-тақырып. Қазақстан 50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың ортасында.1950-60 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.Әкімшіл-әміршіл жүйенің одан әрмен күшеюі.Коммунизм идеологисының Қазақстандағы үстемдігі және оның зардаптары.Семей облысында атом полигонының салынуы және оның зардаптары.

32-тақырып.Қазақстан 60-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың басында. Әлеуметтік-экономикалық даму. 60-жылдардағы экономикалық ілгерілеулер.Тоталитарлық жүйенің дамуды тежеуі. 60-жылдардағы басталған экономикалық реформаның сәтсіздікке ұшырауы.Өнеркәсіптің жетекші салаларын орталықтан басқару және оның зардаптары.Ғылым мен техника жаңалықтарын, жаңа технологияны өндіруге мән бермеу.

33-тақырып.Өзгерістер жолында.1986 жылғы желтоқсан оқиғалары: басталуы, барысы, сипаты, жастарды жазалау шаралары. Желтоқсан оқиғаларының маңызы және қорытындылары. Жаңа Өзендегі оқиғалар. Қарағанды шахтерлерінің ереуілі.

34-тақырып. Рыноктық экономикаға өту. Тәуелсіздік жағдайындағы республиканың жоғарғы кеңесі., 1993 жылғы Конституция, Сайлау туралы кодекс, саяси партиялар, кәсіпқой парламенттің дүниеге келуі, дүние жүзі қазақтардың құрылтайы.

35-тақырып. Қазақстан экономикалық дағдарыс жылдарында. Нарық принциптері бойынша стратегиялық даму, ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі, жекешелендіру. Әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі.

36-тақырып. Қазақстанның халықаралық және шетел елдерімен экономикалық қарым-қатынасы. Әлемдік қауымдастыққа төте араласу, халықаралық қатынастардағы негізгі бағдарлардың айқындалыы, Қазақстанның геосаяси жағдайы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: ұстанымды ерекшеліктері, тәуелсіздік жағдайындағы жаңа бағыт.



37-тақырып. Қазақстанның ішкі саяси жағдайы. Қазақстан –Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы аса ірі экономикалық аймақ. Өндіргіш күштердің одан әрі дамуы, ауыл шаруашылығындағы өзгерістер. Тың жерлерді игеру. Республика халқы ұлттық құрамының өзгеруі. Экономиканың, мәдениет пен қоғам-саяси жүйенің дамуындағы келеңсіз құрылыстар.

38-тақырып. Қазақстанның мәдени өміріндегі өзгерістер. Қазақстан қоғамында қайта құру идеяларының таралуы. Коммунистік идеологипяның ақыры және оның нәтижелері. Жетекші саяси партиялардың бағдарламаларындағы тәуелсіздік және қоғамды демократияландыру идеялары. Тарихи сана қалыптасуының ауыр жолы.





39-тақырып. Елбасының стратегиялық бағдарламасы. Ғылымның дамуы: қоғамдық-гуманитарлық зерттеулердегі түбірлі өзгерістер. Көркем өнер: әдебиет және өнер. Көркем өнер туындыларындағы қоғамды демократияландыру және ізгілендіру идеяларының көрініс табуы. Бұқаралық ақпарат құралдары торабының дамуы: баспасөз, радио және теледидар.

40-тақырып. Қазақстанның ішкі саяси жағдайы. Қазақстан –Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы аса ірі экономикалық аймақ. Өндіргіш күштердің одан әрі дамуы, ауыл шаруашылығындағы өзгерістер. Тың жерлерді игеру. Республика халқы ұлттық құрамының өзгеруі. Экономиканың, мәдениет пен қоғам-саяси жүйенің дамуындағы келеңсіз құрылыстар.









































































Әдебиеттер



  1. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы,1997.

  2. Қазақстан тарихы.11 сынып Алматы,2005 ж.

  3. «Қазақстан тарихы. Хрестоматия» – оқулық. Алматы, 2005.

  4. Дарын ақпарт-әдістемелік журнал. Алматы, 1999.

  5. Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. – А.,2000

  6. Н.ә.Назарбаев. 2050 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы.

  7. Оқу әдістемелік кешені

  8. Бағдарламамен қамтамасыз ету

  9. Тақырыптық плакаттар жинағы.

  10. Тарих.Жалпы орта білім беретін мектептердің бағдарламалар. –Алматы,. 2004




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Календарьно-тематический план по обществознанию

Автор: Кузембаева Мираш Кемаловна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392230


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства