kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Антика мәдениеті Грекия мәдениетінің кезеңдерін, Крит-Микены, Гомер, Архайка, Классикалық кезең, Элленизм кезеңдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка для проводения открытого урока для студентов колледж и школ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Антика мәдениеті Грекия мәдениетінің кезеңдерін, Крит-Микены, Гомер, Архайка, Классикалық кезең, Элленизм кезеңдері»

Оқытушы: Утепова Н.

Пәні : Мәдениеттану

Сабақ тақырыбы: Антика мәдениеті

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Антика мәдениеті Грекия мәдениетінің кезеңдерін, Крит-Микены, Гомер, Архайка, Классикалық кезең, Элленизм кезеңдері туралы малұмат беріп, түсіндіру

2.Дамытушылық: Оқушылады өз бетімен ізденуге, өзіндік ойын қорытуға білімін шыңдауға дағдыландыру

3.Тәрбиелік:Оқушылардың Қазақстан мәдениетін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: философия, тарих,әдебиет

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд

Сабақ жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі( 25мин)

Үнді, Кытай, Мысыр мәдениеті

III.Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)

Ежелгі үнді мәдениетінің аса құнды бөлігі?

Ежелгі үнді мәдениетінің аса құнды бөлігі?

Үндістанның адамдары неше кастаға бөлінген?

Үндістанның адамдары неше кастаға бөлінген?

Ежелгі Мысыр мәдениетінің аса маңызды ерекшелігі?

Мысырлықтардың мәдениетке қосқан зор үлесі және бізге жеткен ең ежелгі Мысыр мәтіндері?

Қытай мәдениетінің аса құнды бастауларының бірі қандай дін?

Ежелгі Қытай мәдениетінің аса көрнекті жетістіктерін атаңыз?

IY.Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға,меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі ( 10 мин) арнайы даптерлері мен оқу құралдарын тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау.







V Жаңа сабақ

Крит-Микены мәдениеті.Грекия аумағындағы ең ежелгі өркениет Крит-Микены мәдениеті деп аталады.Оның орталығы Крит аралы мен Грекиядағы Микены қаласы болған.Крит мәдениетінің пайда болуы-біздің дәуірге дейінгі 4-3 жылдықтар аралығы.Бұл кезең Критте сарайлар дәуірі деген атқа ие болды.ХХ ғасырдың бас кезінде ағылшын археологі А.Эванс Крит аралынан ежелгі патша сарайларының бірін тапты.Бұл атақты грек мифіндегі Минос патшаның лабиринті еді.Сарайлар қабырғаларына салынған фрескаларда ежелгі адамдар өмірінен көріністер ,жануарлар,гүлдер,т.б. бейнелер асқан шеберлікпен берілген.Крит мәдениетінің бізге жеткен сол құндылықтары арасынан тамаша фрескалардан басқа өте әдемі қола статуэткалары,қару-жарақтарды,әр түсті керамиканы ерекше атауға болады.Б.д.д. XV-XIII ғасырларда гүлденген Микены мәдениетінің ескерткіштері – сарайлар қалдықтары Микенадан,Тиринфтен,Пилостан,Афиныдан,Иолктен табылды.

Гомер дәуірінің мәдениеті.Грек тарихының келесі кезеңін ұлы ақын Гомердің атымен гомер дәуірі деп атайды.Оның тамаша поэмалары «Илиада» мен «Одиссея» сол уақыт жөнінде (б.д.д. 1-мыңжылдық) өте жақсы мағлұмат беретін хабарлар көзі болып табылады.Олар б.д.д XIII ғасырда өткен Троя соғысын және поэманың басты кейіпкерлерінің бірі Одиссейдің еліне қайтқан жорығы кезінде бастан кешкен таңғажайып оқиғаларын баяндайды.Сол кезең көркемөнерінің аса маңызды ескерткіштері геометриялық өрнектен жазылған керамикалық дүниелер біздің заманымызға дейін жетті.

Архаика кезеңінің мәдениеті.Б.д.д VIII-VI ғасырларда гректер өз Отандарынан тыс Жерорта , Қара және Мәрмәр теңіздері жағалауы елдерін отарлауға кірісті.Бұл уақыт тарихқа “ұлы отарлау» атымен енді.Соның нәтижесінде, грек мәдениеті өзге халықтармен араласып, мәдениетін байыта түсті.Гректер лидиялықтардан ақша соғуды,финикиялықтардан әліппелік жазуды үйрене отырып,оны одан әрі жетілдірді. Финикия әліппесіне дауысты дыбыстарды енгізіп, өз әліппесін жазады.Мәдениеті жоғары дәрежеде дамыған.Ежелгі Мысыр мен Вавилон елдерінен астрономия,геометрия ғылымдарының жетістіктері алынып,сәулет және мүсін өнерлері қажетке жаратылды.Гректер өзге елдер мәдениетінің озық үлгілерін тек сол күйінде қабылдап қана қоймай,оларды шығармашылықпен пайдаланып,өздерінің ешкімдікіне ұқсамайтын төл мәдениетін жасады.Архаика кезеңінде қала мемлекеттер-полистер Афины,Спарта,Коринф,Аргос,Фивы қалыптасты.Бұл кезең атышулы грек аңыздары –грек мифологиясының қалыптасу кезеңі болды.Грек аңызы бойынша,ең әуелі Хаос (ештеме жоқ,тәртіпсіз дүние) болған,одан жер(Гея қүдай ана)және жер асты патшалығы (Татар)бөлініп шыққан.Грек мифологиясы бойынша дүние құдайлармен адамдардан тұрған.Ең басты құдайлар Грекиядаға ең биік Олимп тауын мекендеген.Олардың ішіндегі ең бастысы Зевс басқа құдайларға және адамдарға билік жүргізген.Өзінің бір інісі Посейдон құдайға теңіздерді билеуді,екінші інісі Аидқа жер асты өліктер патшалығын билеуді тапсырған.Жарықпен поэзияның құдайы болып Зевстің ұлы Аполлон тағайындалған,оның артына көркемөнер мен ғылымдардың желеп-жебеуші тоғыз музасы – әдемі қыздар (Евтерпа –лирикалық поэзия,Клио-тарих,Талия-комедия,Мельпомена-трагедия,Эрато-махаббат поэзиясы,Терпсихора-би,Полгимния-гим,Урания-астрономия,Каллиопа-эпикалық поэзия) еріп жүрген.Зевстің басқа балалары- Афродита сұлулықтың құдайы,от пен ұсталық өнердің құдайы – айлакер Гефест,соғыс құдайы Арес,даналық құдайы Афина,айдың құдайы Артемида болған.Әрбір кәсіптің өзінің желеп-жебеуші құдайы болған.Мысалы,Деметра егіншілікті,Афина тоқымашылықты,Дионис шарап өндірісін,Гермес сауданы,Артемида аңшылықты,тағы аңдарды жебеуші құдай болып саналған.Грек халқы Троя соғысы,Геракл батырдың ерліктері,т.б. оқиғалар туралы толып жатқан аңыздардың авторы.

Гректер шығарған аса бай, әрі қызықты мифология өзге халықтардың мәдени өміріне орасан зор ықпал етті, бірнеше ғасырлар бойы ақындар, жазушылар және суретшілер шабытының қайнар көзі болды. Гректер мәдениетінің тағы бір бөлігі төрт жыл сайын Олимп құдайлары құрметіне өткізіліп тұратын олимпиадалық ойындар болған. Ең алғашқы олимпиадалық ойындар б.д.д. 776 жылы өткізілген. Жаңа заманда олимпиадалық ойындар 1896 жылы барон Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Афины қаласында өткізілгені мәлім.

. Ұлы философтар Фалес, Анаксимен, Алексимандр, Парменид, Гераклид, Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит, т.б. адам, қоғам, болмыс, сана, материя туралы салиқалы еңбектерін қалдырды.

Архаика кезеңінде грек әдебиеті де айрықша дамыды. Сол кезеңде грек әдебиетінің аса көрнекті өкілдері ақындар Архилох (б.д.д.VII ғ.), Алкей (б.д.д.VII-VI ғғ.), Анакреонт (б.д.д. Vғ.), т.б. болды.

Б.д.д.VI ғ. Бастап грек театры дами бастады. Грек театры ашық аспан астында ұйымдастырылған, оның орхестра ( хор алаңы), скена (актерлер үйі) тәрізді бөліктері болған. Актерлер ( тек ер адамдар) өз ойындарында маскалар қолданған.

Қала құрылысында сәулет өнерінің тамаша туындылары акраполь (қасиетті орын), агора(сауда орталығы), ғибадатханалар мрамордан тұрғызылған. Ғибадатхана құрылысында колонналарды (орасан ірі бағаналарды) ион және доринф стилімен салатын болған.

Архика кезеңінің керамикалық бұйымдары өздерінің аса байлығымен, түрлерінің әр тү түрлілігімен, суреттермен өрнектелу ерекшелігімен таңғалдырды.

Классикалық кезең мәдениеті. Ежелгі Грекия тарихының өзіндік межесі грек – парсы соғыстары (б.д.д. 500-449 ж.ж.) болды. Гректердің жеңісі нәтижесінде классикалық құлиеленушілік түбегейлі орнықты, полистік демократия дамып, ол өз кезеңінде Грекияның экономикалық және саяси өмірінің дамуына, мәдениетінің өрлеуіне мүмкіндік берді. Әсіресе грек мәдениеті б.д.д V ғасырда Переклдің басқаруы кезінде айрықша гүлденді. Грекия әлемге ұлы философтар Аристотельді, Платонды, Сократты, т.б берді. Ғылымға материяның бөлінбейтін бөлшектері- атомдар ұғымын Демокрит енгізді. Гректер мрамор мен граниттен тамаша мүсіндер жасады. Олардың арасында жаны да, тәні де сұлу адамдарға қызығушылық қалыптасып, спорт пен дене шынықтыруға ерекше мән берді. Б.д.д . V ғасырда сәулет өнері өркендеді. Архитектурада бір-біріне ұқсамайтын, аса сәнді дорийлік, ионийлік, коринфтік стильдер қалыптасты.

Грек медицинасының даңқын дәрігер Гиппократ (б.д.д. IV –III ғ.ғ.)шығарды. Оның шығармалары медицина ғылымының одан әрі өрендеуіне негіз болды. Дүние жүзі дәрігерлері күні бүгінге дейін медицина қызметкерлерінің кәсіби этикалық нормаларының кодексіне айналған « Гиппократ антын » беріп келеді.Б.д.д. V ғасырда грек әдебиетіндегі негізгі жанрлар трагедия мен комедия болды. Грек классикалық трагедиясының атасы Эсхилдің « Бұғаудағы прометей », «Орестея », « Парсылар» шығармалары уақытты жеңіп, қазіргі заманғы театрлар репертуарларынан берік орын алып отыр. Сонымен қатар ежелгі грек трагиктері Софокл мен Еврипид те бұл жанрдың қалфыптасуына зор еңбек сіңірді. Комедия жанрында ұлы грек драматургы Аристофан

(« Құстар», «Дүние», «Лионстрата») жемісті еңбек етті.

Эллинизм кезеңінің мәдениеті. Грекия тарихындағы жаңа кезең эллинизм дәуірі Македония патшасы Александр Македонскийдің жаулап алу жорықтары нәтижесінде (б.д.д 334-324 ж.ж ) құрылған Дунайдан Инд өзеніне дейінгі аралықты алып ж атқан орасан зор державаға байланысты дүниеге келген еді. Грек елін Эллада деп атағандықтан, осы держава құрамына енген елдер

мәдинеттерінің бір-бірімен араласып, кірігіп,баюы нәтижесінде өзіндік өрнегі бар эллинизм мәдиниеті қалыптасты.Осы кезеңде ұлы ғалымдар Архимед,Эвклид,Эротосфен таланттары жарқырай көрінді.Эллинизм дәуірінде дүниеге келген аса көрнекті мәдениет жаңалықтары қатарына математика саласындағы Евклидтің элементарлық геометриясын,Архимедтің винтті сорғышын,гидравиликалық заңын,Александрияда Птоломей патша сарайы жанынан ашылған мұражайды,музалар ғибадатханасын жатқызуға болады.Философия саласында Эпикур,Зенон сияқты ойшылдар өздерінің артында эпикурлық және стоицизм атты ағымдарды қалдырды.

Эллинизм дәуірінде оқу,білім ісіне ерекше мән берілді.Білім алудың алғашқы кезеңінде оқушылар оқу,жазу,есеп дағдыларын игеріп,гимнастикмен және музыкамен айналысты.Екінші кезең тілдерді,математикалық пәндерді,астрономияны,музыка теориясын оқу мен байланысты болып,спортпен шұғылдану жалғастырылды.Білімнің жоғары баспалдағында философия және риторика оқытылды.

Қалаларда қоғамдық орындар құрылысына ерекше мән беріліп,буневтерийлер (қала кеңесі),палестрлар (спорт мектептері),гимназиялар(мектептер),стадиондар,моншалар,т.б. құрылыстар көптеп салынды.Эллинизм дәуірінің аса көрнекті ескерткіштерінің қатарына Пергам қаласындағы(Кіші Азия)Зевстің рельефтік суретін,Мелос аралығындағы Афродита мүсінін(«Мелос Венерасы»),.Лаокоон» мүсіндік тобы,Демосфеннің мүсіндік портретін жатқызуға болады.Б.д.д.290 жылы Родос аралының тұрғындары Македония патшасын жеңу құрметіне арнап,Родос портына кіретін тау шатқалына орасан зор,биіктігі 35 метрлік Родос Алыбының стауясын орнатты.Бұл статуя «әлемнің жеті кереметінің» қатарына қосылды.58 жыл өткеннен кейін статуя жер сілкінуден қирады







Бекіту сұрақтары:

Тірек сөздерді жазу







Антика мәдениеті.

Архаика кезеңінің мәдениеті.

Крит-Микены мәдениеті

Гомер дәуірінің мәдениеті



Классикалық кезең мәдениеті.

Эллинизм кезеңінің мәдениеті



VII Қорытынды (5 мин). Бүгінгі өтілген тақырыпты түсінген болсаңдар, тақырып мазмұнын айта отырып, өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

VIII.Үйгетапсырма:Өтілген тақырыпты оқып келу, қосымша лекция жазу.















































Оқытушы: Утепова Н.

Пәні : Мәдениеттану

Сабақ тақырыбы Ежелгі мәдинеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон,Мысыр Қытай Үнді мәдениеті

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Ежелгі мәдинеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон,Мысыр Қытай Үнді мәдениеті оқушыларға айту.

2.Дамытушылық: Оқушылады өз бетімен ізденуге, өзіндік ойын қорытуға білімін шыңдауға дағдыландыру

3.Тәрбиелік:Оқушылардың Қазақстан мәдениетін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: философия, тарих

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд

Сабақ жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу

II. Үйтапсырмасынтексерукезеңі( 25мин)

Мәдениеттану ғылымының дамуы мен қалыптасуы

III.Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)

Мәдениет сөзі қай тілден шыққан?

Мәдениет құбылысы дегеніміз не?

Мәдениет нешеге бөлінеді және қандай?

Ғылыми әдебиетте “мәдениет дегеніміз” не?

Мәдениеттің философиялық сипаттамасы?

IY.Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға,меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі ( 10 мин) арнайы даптерлері мен оқу құралдарын тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау.

V Жаңа сабақ

Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды, алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың салт-жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады.

Адамар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы- тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті.

Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі- фетишизм,тотемизм,анимизм.

Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет.Көне Египет мәдениетінің басты ерекшелігі – ажалға қарсылық болды, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет.Иероглифтер-көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.

ХІХ ғ. с. ш. Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Дүние жүзіндегі ең алғашқы жазуды ойлап табу,ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмектер рецептері, тұңғыш күнтізбегін жасаған осы шумерліктер.

Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Соң ассириялықтардың үлесіне тисе,тарих сахнасында нағыз сарайлық өнер- Иран мәдениеті қалыптасты. Иран өркениетінің тірегі- зороастризм діні болды.

Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай мәдениетінің ерекше қайнар көзі – Конфуций ілімі болып саналады.

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі- Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланыста болды.

Үнді- будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде.

Будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық – діни үштікті құрады.

Бекіту сұрақтары:

1. Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі.

2. Вавилон мәдениеті адамзат мәдениетінің ең көне орталығы ата ?

3. Египет мәдениетінің құндылықтары:пирамидалар,мысыр жазуы,наным сенімдері қандай?

4. Ежелгі Қытай мәдениетінің мәні:Конфуций,Дао,Будда ілімінің алатын орны қандай?

5. Қытай иероглифтерінің мәдени тарихы?

6. Үнді мәдениетінің негізгі бағыттары,алғашқы философиялық мектептерді ата?

7. Үнді эпостарының дүниежүзілік мәдениетттегі орны қандай?

8. Үнді халқының әдет ғұрыптары.»Махабхарата»мен «Рамаяна»поэмалары авторын ата?



VII Қорытынды (5 мин). Бүгінгіөтілгентақырыптытүсінгенболсаңдар, тақырыпмазмұнынайтаотырып, өтілгентақырыптарбойыншасұрақтарқою.

VIII.Үйгетапсырма:Өтілгентақырыптыоқыпкелу,қосымша лекция жазу.



Оқытушы: Утепова Н.

Пәні : Мәдениеттану

Сабақ тақырыбы: Еуропалық қайта өрлеу Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Еуропалық қайта өрлеу Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет оқушыларға айту.

2.Дамытушылық: Студенттерді пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік:Оқушылардың Қазақстан мәдениетін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: философия, тарих

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд

Сабақ жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу

II. Үйтапсырмасынтексерукезеңі( 25мин)

Антикалық мәдениет

III.Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)

1. Грек философиясы,космологиясы?

2. Рим тарихнамасының қалыптасуы қай ғасыр?

3. Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсері қандай?

4. Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні қандай?

5. Спартандық тәрбие.Афина демократиясы және оның маңызы қандай?

6. Антикалық Рим мәдениетіндегі сабақтастық және жаңашылдық түсінігі?

7. Гомер кезеңі?



IY.Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға,меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі ( 10 мин) арнайы даптерлері мен оқу құралдарын тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау.









V Жаңа сабақ

Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекет етті.

Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы». Орта ғасырда математика, сәйкесінше математикалық символдар тілі болған. Алайда бұл математикалық символдар дін ілімінің символдары болған, өйткені математика «сакральды арифметика» түрінде болды, ол құдайшыл шындықтарды символдық түсіндіру қажеттіліктеріне қызмет етті.

Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші жалпы европа стилі болып саналады, ол VIII-XII ғ.ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін европалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница түріндегі терезелері бар роман стилінің ғимараты өзінің типі бойынша бекініс ғимараты болды. Бұл ұқсастықты дөңгелек бақылау мұнаралары толықтырып тұрды. Роман өнері жасаған негізгі құрылыс – қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған – рыцарьдың бекінісі, шіркеу – Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған.

Роман стилін XII-XIV ғ.ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға ұмтылысын, тастың дематериализациясы адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай сезім тудыратындай әсер ету керек болатын. Готикалық сәулетте бірінші рет көшеге немесе алаңға шығатын, әшекейлеу жағынан ғимараттың басқа бөлігінен ерекшеленетін әшекейленген фасад қолданылды. Готикалық собор христиан сенімінің сұлулық пен гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік символы болды. Париж Құдай Анасының соборы, Франциядағы Рейм және Шартр соборлары, Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы готика құрылыстарының жауһары болып саналады.

Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық мектеп антика мектебінен бастау алады. Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның «жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы білім – грамматика, риторика және диалектика), және квадривиум (төрт білім жолы: геометрия, арифметика, астрономия және музыка).

Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа европа орталықтарында пайда болды. Оларда жетекші факультет дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің таралуына мүмкіндік жасады. IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика, орта ғасырлық діни философия деген атқа ие болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен болады және әлем мен танымда оның алдында болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп аталған басқа линия жалпы ұғымдардың өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды және тек жалғыз заттарды ғана мойындады. ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі философ Фома Аквинский болды.

Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады.

Литургиялық драма пайда болды, ол соборда ойналып, қызмет бөлігі болып саналды, ол храм папертиінде болып, латын тілінде емес, жергілікті диалектіде жүргізілді. Кейіннен миракль (христиан сенімінің қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар), мистерия (керемет мерекелік ойындар, олар бірнеше күнге созылады, христиандық сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын мадақтайтын аллегориялық көріністер) сияқты жанрлар қалыптасады.

Бекіту сұрақтары:

1. Жаңа заман кезеңіне тән ерекшеліктерді ата?

2. Қайта өркендеу дәуірі қай уақыт, ерекшелігі?

3. Ренессанс өкілдерін ата?

4 . Реформация дәуірінің маңызы қандай?

5. Ағартушылық қай елден бастау алды?

6. Өнердегі негізгі ағымдарды ата?



VII Қорытынды (5 мин). Бүгінгіөтілгентақырыптытүсінгенболсаңдар, тақырыпмазмұнынайтаотырып, өтілгентақырыптарбойыншасұрақтарқою.

VIII.Үйгетапсырма:Өтілгентақырыптыоқыпкелу,қосымша лекция жазу.











Оқытушы: Утепова Н.

Пәні : Мәдениеттану

Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық араб- парсы мәдениеті

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Ортағасырлық араб- парсы мәдениеті туралы түсінік айту

2.Дамытушылық: Студенттерді пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік:Оқушылардың Қазақстан мәдениетін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: философия, тарих,әдебиет

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд

Сабақ жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі( 25мин)

Еуропалық қайта өрлеу Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет

III.Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)

1. Жаңа заман кезеңіне тән ерекшеліктерді ата?

2. Қайта өркендеу дәуірі қай уақыт, ерекшелігі?

3. Ренессанс өкілдерін ата?

4 . Реформация дәуірінің маңызы қандай?

5. Ағартушылық қай елден бастау алды?

6. Өнердегі негізгі ағымдарды ата?



IY.Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға,меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі ( 10 мин) арнайы даптерлері мен оқу құралдарын тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау.

V Жаңа сабақ

1. Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.

2. Исламды қабылдаушы елдердің рухани және материалдық мәдениеттеріндегі ерекшеліктер.

3. Парсы мәдениетінің құндылықтары.

4. Араб парсы мәдениетінің қазақ мәдениетіне тигізген әсері.

5.Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.Омар Хаям,Сағди,Хафиз,Низами,Руми дастандары.

Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі.Оның әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Фирдауси, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын.

Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды.Ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Мұсылмандық мәдениет көп ұлтты. Рационалдылық Х-ХІІ ғғ.Аль Фараби, Ибн Баджжа, Ибн Сина, Ибн Рошд сияқты ұлы араб философтарының аттарымен философиялық ойдың ең күшті ағымына айналды.

Мұсылмандық көркем әдебиет пен поэзияның дамуы философиямен және ғылыммен ұштасып табиғи байланысқан.Көптеген ойшылдар тамаша ақын, жазушы ретінде атағы шыққан.Ибн Туфейл,Омар Хайям, Фирдоуси, Низами, Руми сияқты мұсылмандық Шығыс ақындары өлместей әлемдік даңққа ие болды.

Қазіргі уақыттары мұсылмандық елдерде діннің мемлекеттен бөлінуі байқалады. Алайда қазірге дейін исламды ресми түрде мемлекеттік дін деп есептейтін 30 шақты мұсылмандық елдер бар.

Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. «Неоплатондалған» аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты.

Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы қояды.

Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның философиясы мен ғылымына әсер етті.

Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы – Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.

Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен байланысты, олардың шығармашылығы араб философиясының шыңы болды.Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды.

Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.

X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады.

Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.



Бекіту сұрақтары:

1. Ортағасырлық мұсылмандық кезеңді ата?

2. Орта ғасырдың негізгі ерекшеліктері қандай?

3. Философиялық жүйесі қалай аталады?

4. Шығыстық ғұламаларды ата?

5. Мұсылман дінінің шығуы және таралуы?

6. Исламның бес парызын ата?

7. Сопылық бағыттың ерекшелігі қандай?


VII Қорытынды (5 мин). Бүгінгіөтілгентақырыптытүсінгенболсаңдар, тақырыпмазмұнынайтаотырып, өтілгентақырыптарбойыншасұрақтарқою.

VIII.Үйгетапсырма:Өтілгентақырыптыоқыпкелу,қосымша лекция жазу.































Оқытушы: Утепова Н.

Пәні : Мәдениеттану

Сабақ тақырыбы: Антикалық мәдениет

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Антикалық мәдениет туралы мағлұмат беріп, түсіндіру.

2.Дамытушылық: Оқушылады өз бетімен ізденуге, өзіндік ойын қорытуға білімін шыңдауға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: Сауаттылыққа,жан-жақтылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: философия, тарих,әдебиет

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд

Сабақ жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі( 25мин)

Ежелгі мәдинеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон,Мысыр Қытай Үнді мәдениеті

III.Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)

1. Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі.

2. Вавилон мәдениеті адамзат мәдениетінің ең көне орталығы ата ?

3. Египет мәдениетінің құндылықтары:пирамидалар,мысыр жазуы,наным сенімдері қандай?

4. Ежелгі Қытай мәдениетінің мәні:Конфуций,Дао,Будда ілімінің алатын орны қандай?

5. Қытай иероглифтерінің мәдени тарихы?

6. Үнді мәдениетінің негізгі бағыттары,алғашқы философиялық мектептерді ата?

7. Үнді эпостарының дүниежүзілік мәдениетттегі орны қандай?

8. Үнді халқының әдет ғұрыптары.»Махабхарата»мен «Рамаяна»поэмалары авторын ата?



IY.Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға,меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі ( 10 мин) арнайы даптерлері мен оқу құралдарын тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау.

V Жаңа сабақ

«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды. Ежелгі гректердің құдайлары антропоморфты, ал адамның денесі грек мәдениетінің барлық пішіндерінің өлшемі болады. Гректер риторикада шешендердің ең тамаша сөздерін атлеттердің әсем денелерімен салыстырған, ал сәулет өнеріндегі математикалық есептеулер адам денесінің пропорцияларымен ара қатынаста болған. Антика мәдениетінің маңызды белгісі – оның бәсекелестігі, ол өмірдің барлық салаларын сипаттайды. Грек егесі (күрес, жарыс) еркін гректің келесі қасиеттерін бейнелейді: ол өзін полис азаматы, оның өкілі ретінде ғана көрсете білді. Грек егесінде диалектика бастау алған, бұл өзінің дәлелдерін дәлелдей отырып, әңгімелесе білу, әр түрлі философиялық бағыттардың болу құқығын негіздеу. Ежелгі Грек мәдениетінің тағы бір белгісі – оның мерекелігі, оның сыртқы әдемілігі, ойын-сауықтылығы.  Әдетте мерекелер полис қамқоршылары – құдайлардың құрметіне үнемі салтанатты шерулер мен жарыстар өткізумен байланысты болды. Алайда барлық ғасырда антиканың негізгі тенденцияларын көркем мәдениет — өнер толық бейнеледі.


Ежелгі Грек өнерінің тарихы бірнеше кезеңдерден құралады. Крито-микен кезеңі немесе эгей кезеңінде (б.з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдық) Крит шеберлерінің өнері гүлденіп, Балкандағы ахей тайпаларының шығармашылық белсенділігі өседі. Б.з. дейінгі ХІ ғасырдан VIII ғасырға дейін шартты түрде «гомер» деп аталатын кезең жалғасады. Ол белгілі эпостың пайда болуымен, керамиканың таралуымен сипатталады. Б.з. дейінгі VII-VI ғ.ғ. көне дәуір дербес қала полистерінің құрылуы және өнердің қарқынды даму кезеңі болды. Классикалық кезең б.з. дейінгі V және IV ғасырларды қамтиды және ежелгі грек өркениеті дамуының жоғарғы нүктесі болып саналады. Грек мәдениеті дамуының соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта теңізі бассейнінде тұрған халықтар арасында Эллада мәдениетінің кең таралуымен сипатталады.


Көне заман кезеңінде қала-мемлекеттің антикалық полисі қалыптасады, оның азаматтық қауымына қаланы қоршап тұрған ауыл шаруашылық территориясы да кіреді. Ең ірі полистер Афина, Спарта, Коринф, Аргос, Фива болды. Саяси жағынан Греция жеке қала-мемлекеттерге бөлінгенмен, көне заман кезеңінде “эллиндер”, “Эллада” ұғымдары пайда болады.


Грек мәдениетінің органикалық бөлігі саяси сипаттағы дін болды. Олимпия құдайларының бейнелерінде демонизм, зооморфизм жұрнағы бар, бірақ антропоморфизм бірінші орынға шығады. Антропоморфизм – анимизм формаларының бірі: адамға тән психикалық қасиеттердің табиғат құбылыстарына, жануарларға, заттарға ауысуы; құдайды адам бейнесінде беру, жалпы гректіктен басқа (Зевс, Гера, Посейдон, Аполлон, Афродита, Афина, Дионис және т.б.), Грецияның әр облысында орманда, тауда, далада тұратын жергілікті құдайлар болған, Құдайлар адамдар тәрізді тағдырға көнгіш келген, бірақ олардан айырмашылығы өлмейтін мәңгілік болған. Құдайлар туралы мифтерден басқа гректерде қаһармандар, жартылай құдай түріндегі жандар туралы мифтер тараған (Геракл, Ахилл, Энеи). Грек мифологиясы басқа халықтардың мәдениетіне үлкен әсер етті, ол ақындар мен суретшілердің шабыт көзі болып табылады.


Грециядағы діннің ажырамас бөлігі құдай мүсінімен азаматтардың салтанатты шеруі формасында бас құдайды құрметтеу және құрбандық шалудан соң, мерекелік шаралар өткізу болды. Ең белгілілері Зевске арналған спорт жарыстары – Олимпиада ойындарын өткізу болды, Олимпиада ойындары б.з. дейінгі 776 жылдан төрт жылда бір рет өткізіледі.


Көне заман дәуірінде Грецияның ең дамыған облысы Иония болды, осында антиканың бірінші философиялық жүйесі – натур-философия пайда болды. Оның өкілдері табиғатты, оның заңдылықтарын түсініп, барлығының алғашқы негізін айқындауға тырысты. Сонымен Фалес барлық заттардың алғашқы негізі деп – суды, Анаксимен – ауаны, Анаксимандр – апейронды (шексіз) атады, олар дүниені біртұтас материалдық бүтін деп қабылдады. Көрнекті математик Пифагор (б.з. дейінгі 6 ғ.) дүниенің алғашқы негізі сандар мен сандық қатынастар деп санады. Гераклит шындықтың негізі – от деп болжаған, ол болмыс үнемі өзгерісте, қозғалыста, мәңгі күресте болады деп санаған.


Б.з. дейінгі VIII-VII ғасырларда Гесиодтың «Теогониясы» жарыққа шығады, онда ежелгі гректің мифологиялық хикаялары жүйеленіп, дүниенің пайда болуының космогониялық суреті беріліп, гректік көркем мәдениеттің дамуында маңызды сәтті анықтайды, құдай, қаһарман, мифологиялық жандар адамдық кейіпке енеді.


Көне заман әдебиетінде маңызды роль эпостан лирикалық поэзияға ауысады. Адамға, оның ішкі әлеміне, оның сезімдері мен қуаныштарына көңіл аудару Архилок (б.з. дейінгі VII ғ.), Сафо (б.з. дейінгі VII-VI ғ.), Анакреот (б.з. дейінгі VI ғ.) шығармашылығына тән.


Діни мейрамдар салтынан шыққан грек театры көне заманға жатады. Мүсін, сәулет өнері дамиды. Б.з. дейінгі VI ғасырда доридалық және иондық варианттарда сәулет ордері жасалады. Алайда көне заман кезеңіндегі грек өнерінің негізгі тенденцияларын құмыра өрнегі толық көрсетті. Б.з. дейінгі VI ғ. ортасында қара фигуралы құмыра өрнегі дамыды, құмыраның сыртына тұрмысты бейнелейтін суреттер қызыл балшыққа қара лакпен салынды. «Гомер кезеңімен» берілетін дұрыс реттелген космос геометриялық белгілер – символдармен көрнекі түрде ашылады. Кейіннен сұлбалық қара фигуралы жазу қызыл фигуралы стильмен ауыстырылды, ол әрекеттің кең мүмкіндіктерін, кеңістік, көлем тереңдігін, бейнелеу бөлшектерін ашты.


Грек-парсы соғысы Ежелгі Греция тарихындағы аралық кезең болды (б.з. дейінгі 500-490 ж.ж.). Олар антика полисі – көне заманды қалыптастыру кезеңін аяқтайды және гүлдену кезеңі – классикалық басталады. Гректердің парсыларды жеңуі, классикалық құл иеленудің қалыптасуы, полисті демократияның дамуы б.з. дейінгі V ғасырда Грецияның экономикалық және саяси өмірінің өркендеуіне және мәдениетінің дамуына себеп болды. Мәдениет орталығы Афина болды, әсіресе Периклдің тұсында (б.з. дейінгі 444-429 ж.ж.).


Классикалық кезеңде философия дамиды, Демокриттің атомистік теориясы пайда болады (б.з. дейінгі 470 немесе 460 ж.ж.), софистік бағыт (Протагор) пайда болады, ол танымның объективті сипатын мойындайтын Демокриттен айырмашылығы қанша адам болса, сонша шындық болады деген. Софистерден Сократ шыққан (б.з. дейінгі 469-399 ж.ж.), ол абсолютті шындық бар, бірақ оны тек құдай ғана біледі деп санаған.


Б.з. дейінгі V ғ. әдебиетте комедия мен трагедия негізгі жанр болып саналды. Грек трагедиясы гомер эпосы тәрізді эстетикалық қана емес, тәрбиелік функция да атқарды. Трагедия авторлары көрерменді қызықтырып қана қоймай, оларды қорқытып, кейіпкерлерді мысалға ала отырып, құдай заңдарының әрекетін көрсетуге тырысты. Трагедияда катарсис (тазару), адамдардың адамгершілік қасиетін арттыру, қайғысына ортақтасу және аяушылық білдіру арқылы жанды «сұрқиялықтан» босату ұғымы орын алды.


Классикалық грек трагедиясын жасаушы Эсхил (б.з. дейінгі 525-456 ж.ж.) болды. Ол драманы динамикалы етіп, екінші ойнаушы адамдарды енгізді, оның аты декорациялар, маскалар қолданумен байланысты.


Эсхилдің негізгі мотивтерінің бірі – азаматтық ерліктерді, отан сүйгіштікті дәріптеу, және де жаза тақырыбы. Эсхил трагедиялары діни-этикалық шекарада шындық, әділдік, игілік ұғымдарын анықтайды: құдайлар белгілеп, бақылайтын әділ жазалаудың болмай қалмайтын заңы болды. Эсхилде құдайлардың еркі әділ, бірақ құдайларға жаңа қатынастың элементтері енгізіледі, Афина азаматтары мен олимпшілер бейнелерінің әлеуметтік құндылықтарының арасы салыстырылды. «Бұғаудағы Прометей» трагедиясында отты тапқан адамдар алып Прометейдің айтуымен қатал, құдіретті Зевсті шақырады.


Софокл трагедиясының дауы (б.з. дейінгі 497-406 ж.ж.) адам мен тағдыр арасындағы қарсылық. Құдайлардың құдіреті күшті, адамдар, кейіпкерлер, тұлғалар қайтпас жігерлі және күшті («Эдип-патша», «Антигона», «Электра» трагедиялары). Софокл трагедияларында көркем мәдениеттің жаңа лебі бейнеленген: өмірлік таңдауын өз бетімен, жеке анықтайтын нақты тұлғаға көңіл аудару.








Бекіту сұрақтары:

1. Грек философиясы,космологиясы?

2. Рим тарихнамасының қалыптасуы қай ғасыр?

3. Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсері қандай?

4. Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні қандай?

5. Спартандық тәрбие.Афина демократиясы және оның маңызы қандай?

6. Антикалық Рим мәдениетіндегі сабақтастық және жаңашылдық түсінігі?

7. Гомер кезеңі?


VII Қорытынды (5 мин). Бүгінгіөтілгентақырыптытүсінгенболсаңдар, тақырыпмазмұнынайтаотырып, өтілгентақырыптарбойыншасұрақтарқою.

VIII.Үйгетапсырма:Өтілгентақырыптыоқыпкелу,қосымша лекция жазу.





































Оқытушы: Утепова Н.

Пәні : Мәдениеттану

Сабақ тақырыбы:Ресей мәдениеті

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Ресей мәдениеті туралы жалпы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Студенттерді пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: философия, тарих,әдебиет

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд

Сабақ жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу

II. Үйтапсырмасынтексерукезеңі( 25мин)

Ортағасырлық араб- парсы мәдениеті

III.Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)

1. Ортағасырлық мұсылмандық кезеңді ата?

2. Орта ғасырдың негізгі ерекшеліктері қандай?

3. Философиялық жүйесі қалай аталады?

4. Шығыстық ғұламаларды ата?

5. Мұсылман дінінің шығуы және таралуы?

6. Исламның бес парызын ата?

7. Сопылық бағыттың ерекшелігі қандай?


IY.Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға,меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі ( 10 мин) арнайы даптерлері мен оқу құралдарын тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау.

V Жаңа сабақ

Ежелгі славяндардың мәдениеті — орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары — қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.

Ежелгі славяндардың дүниетанымы:Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун — қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі. Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған (Даждь бог, яғни рақымы күшті құдай) адамға тән қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тән қасиет болды. Сондықтан да «құдіретті тәңірананың» бейнесін жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниедегі барлық нәрсенің құдай — «тәңірананы» ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік анасы, дүниеге әкелуші деген ұғымдарды білдіреді) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алады. «Жер — ана» қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен. Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі, XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийскийбылай деп баяндайды: «Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген». Ал славяндардың әдет-ғұрпы мен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп жазды: «Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды». (Любимов Л. [2]. — Алматы, 1989. — 67-бет). Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғүрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметіне жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге ежелгі славяндар көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабылдаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғанын да атап өткен жөн сияқты.

Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай- ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киевдержавасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің,Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.

XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениеті

XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін «Ұлы мәртебелі Новгород» деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор «байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады» деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат. Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші.











Бекіту сұрақтары:

1. Ежелгі славяндардың мәдениеті қандай болды?

2.Ежелгі славяндардың дүниетанымы жайлы не айтасың?

3.Ежелгі Русь мәдениетінің ерекшелігі неде?

4.XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениеті қандай дәрежеде болды?



VII Қорытынды (5 мин). Бүгінгіөтілгентақырыптытүсінгенболсаңдар, тақырыпмазмұнынайтаотырып, өтілгентақырыптарбойыншасұрақтарқою.

VIII.Үйгетапсырма:Өтілгентақырыптыоқыпкелу,қосымша лекция жазу.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Утепова Нагима Аткелтировна

Дата: 12.06.2019

Номер свидетельства: 514457


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства