Наурыз-думан
/әдеби-сазды бағдарлама/
Өтетін орны: № 29 мектеп ауласы
Өтетін уақыты: 21 наурыз, сағат 1200
(Өтілетін орын мерекеге сәйкес безендіріледі, киіз үй құрылады,ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді т.б.)
І-жүргізуші:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз құтты болсын. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
ІІ-жүргізуші:
Қош келдің, Наурыз.
Наурыз мерекесі құтты болсын!
I - жүргiзушi
«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн- Наурыз мерекесі құтты болсын!
I - жүргiзушi
Шашу шашайық болсын деп- аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүрлі жақсы салтым,
Шашуды тергін, мол болсын деп несібем,
Келер жылға жетейік амандықпен
/Әжелер шашу шашады/
I- жүргiзушi :
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Ортаға қол соғып қошеметтеп Көктем аруы Наурыз қызды шақырамыз!
/Ару көктем- Наурыз қыз музыка әуенiмен билеп келедi.Наурыз қыз сөзі./
I – жүргiзушi:
Қазақтың ұлттық биі «Қаражорға» орындайтын бишілер тобы.
IІ - жүргiзушi
Уа, халайық ! Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралап, адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікке жанбақ. Бәрімізге де Қыдыр жолыққай деп тіліейміз.
/Музыка ойнатылады, сахнаға Қыдыр баба шығады/
I – жүргiзушi : Армысыз Қыдыр баба!
Қыдыр баба: Армысыздар халайық!
Наурыз мерекесі құтты болсын!
IІ– жүргiзушi: «Ырыс алды- ынтымақ», «Татулық түбі - береке» Халқым- үшін тұрақтылық пен бейбітшілік, ынтымақ пен береке сұраймыз қасиетті
Қыдыр баба!
Қызыр Ата
Армысыңдар жамағат /қолын жайып/
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлiк ақты болсын!
Ұлыс береке берсiн,
Бәле-жала жерге енсiнI
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерiң көк болсын!
Қайғы –уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!
I- жүргiзушi
Салтымен ата-бабамның
Жаңғырды қайта заманым!
Жаңа жыл басы-Бұл Наурыз!
Қайырлы болсын, қадамың!
IІ – жүргiзушi:
Бұл күні алдағы күндерге арналып, ізгі ой, арман, мақсат айтылып тілектер тіленген.
Ендеше құттықтау сөз
І-жүргізуші
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі-бақи,
Наурызың құтты болсын қазақ елі.
Әбдибеков Алимханның орындауында «Отырардағы той» әнін қабыл алыңыздар.
І-жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке.
Бишілердің орындауында поппури биі.
ІІ -жүргiзушi:
Жақсының той дегенде жаны күлер,
Бағаңды жас білмесе,кәрі білер.
Наурызың құтты болсын нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, нар інілер.
І- жүргiзушi:Әнмен қанаттандырып,күймен шабыттандырып,қазақтың кеңдiгін,өрлiгiн,сезiмiн паш ететiн домбыра емес пе?
Ортада мектебіміздің «Балауса» домбырашылар ансамблінің орындауында
Халық күйі «Келіншек»
IІ- жүргiзушi:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі-бақи,
Наурызың құтты болсын қазақ елі
___________________________________________________________
I- жүргiзушi: Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсiнiң ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етiп шыға келген ел алдына,
Бишiміз қандай ғажап, биі қандай.
«Еркеназ» би тобының орындауында «Қазақ биі»
I- жүргiзушi: Мәнге толы халқымыздың ғұмыры,
Сәнге толы халқымыздың тірлігі.
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.
№ 29 орта мектеп ұжымының « » дәстүрін тамашалайық.
ІІ-жүргізуші:
Жақсылық жүрегіңе жел еселер,
Биікке шарықтатар немесе өнер.
Наурызың құтты болсын, жан аналар,
Наурызың құтты болсын, жеңешелер
_______________________________________________________________
І-жүргізуші:
Тамашалармыз пәк сәбидiң күлкiсiн,
Ақ әжелердiң өзiнен естiп сырды шын,
Ақ бата алып қариялардан өмiрге,
Наурызым саған ұшырғым келедi жыр құсын.
______________________________________________________________
ІІ -жүргiзушi:
Жақсының той дегенде жаны күлер,
Бағаңды жас білмесе,кәрі білер.
Наурызың құтты болсын нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, нар інілер.
_____________________________________әнін қабыл алыңыздар.
ІІ-жүргізуші:
Жақсылық жүрегіңе жел еселер,
Биікке шарықтатар немесе өнер.
Наурызың құтты болсын, жан аналар,
Наурызың құтты болсын, жеңешелер
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
ІІ-жүргізуші:
Сәулесі бар «Наурызда» таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күні паш етейік
Белгісін Достық пенен Мәңгіліктің!
__________________________________________________________________
ІІ-жүргізуші:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
_________________________________________________________________
ІІ-жүргізуші:
Наурыз келiп қуанады елiмiз
Гүлденедi,жаңарады жерiмiз,
Наурыз көже сапырады әжелер,
Көже iшуге дастарханға келiңiз!
Мол астық пен тоқшылық тiлекшiсi–
Тоғыз дәмнен пiсiрген наурыз көже iшуге шақырамыз.
/ “Қазақтың дастарханы” /
II бөлiм – спорттық ойындар.
Азей Нурсауле
Наурыз-думан
/әдеби-сазды бағдарлама/