Р/с | Тақырыбы | Мақсаты | Уақыты | Жауапты |
1 | "Мамандықтың бәрі жақсы" мамандық таңдау кеші | Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу | 17.01.2020ж | 11-cыныптың жетекшісі Н.Ажибекова |
2 | "Әке - асқар тау" 9-11 сыныптың ұлдары мен әкелерінің қатысуымен, дөңгелек үстел | Мектеппен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты, ата-анаға деген құрмет сезімін нығайту; Ата-ананың бала тәрбиесіне, оның біліміне, тәртібіне ықпал етуіне көмектесу, ата-ана белсенділігін арттыру. | 21.02.2020ж | Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Ж.Нуртолеуова |
3 | "Наурыз - жыл басы" | Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. | 21.03.2020ж | 5-сыныптың жетекшісі М.Ахунова |
4 | "Ұлылардың ұлысы-Абай" әдеби-музыкалық кеш | Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелей отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. | 17.04.2020ж | Қазақ тілі пәні мұғалімі Қ.Таукенова |
5 | "Ұлттар достығы" 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні | Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. | 01.05.2020ж | Ағылшын пәні мұғалімі Б.Каратаева |
6 | «Сары алтындай сары күз» | Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыра отырып, оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу. | 25.09.2020ж | 9-сыныптың жетекшісі А.Дакен |
7 | "Ұстаз мектеп жүрегі" | Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. | 02.10.2020ж | Бастауыш сынып мұғалімі Т.Накипбаева |
8 | «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» | Отан тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласына үн қосу, талантты балаларды сахна төріне шығару. Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау; Жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру; | 25.11.2020ж | ДТІЖО А.Алибаева |
9 | "Жайдарман" КТА ойыны | 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне байланысты оқушылардың шығармашылық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді. Ауылымыздағы шығармашыл және бастамашыл жастарды тәрбиелеу. Аудандық, облыстық, КТА ойындарына қатыстыру. | 15.12.2020ж | Өзін-өзі тану пәні мұғалімі М.Дармурзина |