Просмотр содержимого документа
«ЗКО Акжайкский район Жанажолская средный школа»
Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қала Сабақтың мақсаты: Еліміздің бас қаласы Ел орда туралы мағлұмат беру,өлеңмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, Оқушылардың ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту,топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , Астананың көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының суреттері,
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты түгелдеу
Назарларын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық. Сабаққа біз даярмыз! Жалқаулықты қоямыз, Үздік оқып әрқашан, Кілең бестік аламыз. ІІ. «Ой шақыру» Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену, «5»-ке қолды жеткізу. ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Билет сатып алу» ойыны. Сұраққа-жауап әдісі. Сұрақ жазылған қызыл, сары, жасыл түсті билеттер сатылады. Сұраққа жауап берген бала билетке ие болады. Сұрақтар дорбасы. Балалар дорбадан бір сұрақты алады да, ойлап, жауап береді. Берілген сұрақтар: 1. Отан дегеніміз не? (Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады) 2. Біздің Отанымыз қалай аталады? (Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады) 3.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет) 4.Қазақстан Республикасының Президенті кім? 5.Мемлекеттік тіл қай тіл? 6.Рәміздерді ата. (Әнұран, елтаңба, ту) 7.Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? (Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Отан оттан да ыстық) 8.Туда не бейнеленген? (күн, қыран, ою) «Менің Туым » Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау сурет салу Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
+
Елтаңба
+
Ту
+
Мемлекттік Ту- 1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы күн халқымыздың нұры болып, шапағатын шашып тұр. Қыран құс- ерліктің белгісі.
ІҮ. Жаңа сабақ Топқа бөлу. -Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Елордамызға саяхатқа шығамыз. -Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер? ( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады) Саяхат картасы 1.Театр 2.Бәйтерек 3.Пирамида
1-аялдама. «Театр» Өлең авторымен таныстыру.
Махмұтбай Әміреұлы (20.02.1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылы) – ақын. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1964). 1964-66 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім, Қызылорда облысы шығармашылық үйінде әдіскер, 1967-97 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, 1967-71 жылдары аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1979-85 ж. Редактор, жауапты хатшы, 1971-79 ж. Сырдария ауданы комитетінде нұсқаушы, саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі. 1985 -88 жылдары орта мектептің директоры, 1988 -98 жылдары Қызылорда облысы кәсіподақтар баспасөз орталығының меңгерушісі, 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру «Астанаға саяхат» Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын бабаларымыз қоныс еткен қазіргі Ақмола территориясы – тарихи талай оқиғалар мен арпалыстарды бастан өткерген қасиетті өлке. 1994 жылы шілде айында Елбасының ұсынысы қолдау тауып, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылдады. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент бастаған алғашқы көш Алматыдан Ақмолаға 1998 жылғы мамырдың 6-сы күні Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп аталсын» деген тарихи жарлыққа қол қойды. Астана Қазақстанның солтүстік жағында орналасқан. Астана – тарихи және мәдени орталығы деп саналады. Қаланың ортасында тұрған Бәйтерек монументі алыс жерден көрінеді. Есіл жағалауында жаңа үйлер салынған. Қаланың көшелерінде су атқыштар бар. Қаланың барлық жерлерде әдемі биік ғимараттар тұр. Астана – жасыл қала.
2 – аялдама. «Бәйтерек» Мәлімет беру.Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев. Тапсырма «Бәйтерек» аялдамасының тапсырмасы өлеңді тізбектеп оқу. Ү. Жаңа сабақты бекіту 3-аялдама «Пирамида» Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан. Тапсырма Адасқан сөздерді орнына қой. Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.
Сергіту сәті
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. -Саяхат сендерге ұнады ма? -Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.
«Кубизм» әдісі. 1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала? 2.Бәйтеректің ұзындығы қанша? 3.Қ.Р тұңғыш президенті кім? 4.Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл ?. 5.Астанаға қандай тілек айтасың? ҮІ. Сабақты қорытындылау. ҮІІ. Үй тапсырмасы:
Үй тапсырмасын жазайық Бүгінгі алған білімді Ұмытпай есте сақтайық «Астана-арман қала» өлеңін жаттау
ҮІІІ. Бағалау. 5 болсын алар бағамыз Біліммен бақыт табамыз Өнер-білім көп бақыт Өсе берсін санамыз
Адасқан сөздерді орнына қой. Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.
Адасқан сөздерді орнына қой. Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
Семантикалық карта
Авторлары
Рәміздер
Шота Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев,
Ш.Қалдаяқов
Әнұран
Елтаңба
Ту
«Бес жолды өлең». Зат есім(1) Сын есім, сын есім(2) Етістік, етістік, етістік(3) Сөйлем(4) Зат есім
Тапсырма
І топ: «Астана – арман қала» эссе жаз
ІІ топ: Астана қаласына арнап «бес жолды өлең» жаз
Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Астана – бас қала. Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Стратегиялар: «Топ ұстанымын құру». Диалог «Қайта бағыттау». «Маршрут картасы». Сергіту сәті «Әнге билету». «Ментальды карта». «Бес жолды өлең». Рефлексия «Бір сурет, бес сөз». Мақсаты: Қазақстанның астанасы - Астана қаласы жайлы білімдерін сыни ойлау арқылы толықтыру Міндеттері: - Астана қаласының көрікті жерлерін білу және мәтіндегі негізгі ойды ашу; - топтық жұмыс арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру; - өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру
Ұйымдастыру: Оқушыларды психологиялық дайындау. Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен Бүгінгі сабағымызды бастаймыз! 1. Топқа бөлу. «Сурет қиындылары» Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді, қиылған суреттерді құрастыру керек. Астана, Алматы, Қарағанды, Балқаш топтары болады.
2. Топ ұстанымын құру. «Маршрут картасы» арқылы Астана қаласындағы көрнекі жерлерді аралау. Әр аялдамада тапсырма орындайды.
1-аялдама: Астана қаласының картадағы орны.
2-аялдама: «Бәйтерек» Оқулықпен жұмыс Әр топ мәтінді бөлімге бөліп оқиды.
3-аялдама: «Ақ орда»
Диалог «Қайта бағыттау» Сұрақтар: - Мәтінде не туралы айтылған? - Кісі, жер-су аттары қалай жазылған? - Астана қаласында болғандарың бар ма? - Қазақстанның басқа қалаларынан айырмашылығы бар ма? Қандай? Дәлелде.
4-аялдама: Бейбітшілік және келісім сарайы Сергіту сәті «Әнге билету» «Астана» туралы ән.
5-аялдама: «Шабыт» шығармашылық сарайы
«Ментальды карта» - Қазақ жерінің табиғатын, кен орындарын, атақты адамдарының аттарын ментальды картаға салу. 1-топ: Таулары. 2-топ:Кен байлықтары. 3-топ: Атақты адамдары. 4-топ: Қалалары.
6-аялдама: Назарбаев Университеті
«Бес жолды өлең». Зат есім(1) Сын есім, сын есім(2) Етістік, етістік, етістік(3) Сөйлем(4) Зат есім
Рефлексия: «Бір сурет, бес сөз». - Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Бағалау Ойлау қызметінің қандай түрлерін сабақта пайдаланғанын анықтау. Формативті бағалау жүргізу. Үйге тапсырма Астана – бас қала. (эссе жазу
Сабақтың тақырыбы: Астана–бас қала
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға еліміздің бас қаласы Астана туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетіне сай тапсырмаларды қолдана отырып, оқушыларды дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету. Сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту;
Тәрбиелік: оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеуге баулу. Отансүйгіштікке, туған жерді аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:суреттер, слайд, кестелер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу және сабаққа даярлықтарын тексеру
А) Сәлемдесу – қуаныш шеңберді құру:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді!
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
ә) Балалар мұғаліммен бірге жіп бұдағын қолына ұстап, бір-біріне жылы тілектерді айтады
б) топтарға бөлу
в) кезекшілермен сөйлесу
2.Сұрақтар дорбасы. Балалар дорбадан бір сұрақты алады да, ойлап, жауап береді. Берілген сұрақтар:
1) Отан дегеніміз не? (Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады)
2) Біздің Отанымыз қалай аталады? (Біздің Отанымыз Қазақстан Республика деп аталады)
3) Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет)
4) Қазақстан Республикасының Президенті кім?
5) Мемлекеттік тіл қай тіл?
6) Рәміздерді ата. (Әнұран, елтаңба, ту)
7) Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? (Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Отан оттан да ыстық)
8) Отан туралы қандай өлең жолын білесің?
Қазақ жері Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен – Қазақстан.
9) Ресейдің астанасы қай қала?
10) Қырғызстанның астанасы қай қала?
11) Францияның астанасы қай қала?
Миға шабуыл:
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы сұрақтардың ішінде қандай сұрақ жоқ?
- Дұрыс. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Сонымен, біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы?
Астана – бас қала
Дәптерге бүгінгі күнін жаздыру.
3.Сөздік жұмыс. Сабаққа керекті сөздер.
Қала – город
Бас - главный
Ғимарат - здание
Саяхат - путешествие
Саяхатшы - турист
Мәдени - культурный
Қонақүй - гостиница
Мақтаныш - гордость
Болашақ – будущее
4.Астана туралы көп өлеңдер, әндер айтылады. Сендер біздің Елордамыз туралы қандай өлең- тақпақтарды білесіңдер?
Астанаммен мақтанам,
Бас қаламмен шаттанам.
Көркейе бер, өсе бер,
Мақтанышым Астанам.
Ел жүрегі Астана,
Жаңа қала, жас қала
Зәулім, сәнді үйлері
Үлгі болған басқаға
Астана! Астана!
Ел тілегі бас қала!
Астана! Астана!
Ел жүрегі Астана.
Ағаштары тербелген
Үлкен биік Астана
Биік биік үйлері
Әсем біздің Астана!
Қол соғайық қанеки,
Жаса, мәңгі Астана!
5. Өткен жазда сендердің сыныптастарыңыз Кордюченко Влад әке-шешемен Астанаға барған. Қазір сендерге сол саяхат туралы әңгімелейді.
Астанаға саяхат
Өткен жазда мен ата-аналармен Астанаға бардым. Осында туыстарымыз тұрады. Біз Астананың көп жерлерін араладық. Океанариумға, мұражайларға, «Думан», «Хан Шатыр», «Мега» ойын сауықтыру орталықтарға бардық. Астананың орталығында «Бәйтерек» орналасқан. Астананың көшелері кең, түзу.
Түнгі Астана жарқырап тұрады. Осы саяхатты мен ешқашан ұмытпаймын. Келесі жазда Астанаға баруды жоспарлап жүрмін. Менің ойымша, Астана – жер бетіндегі ең әсем қала.
6.Кроссворд шешу
1
2
3
4
5
6
Сұрақтар:
1. Қазақстанның қай рәмізінде шаңырақ бейнеленген?
2. Астананың ең басты өзеңі қалай аталады?
3. «Флаг» сөзінің аудармасы қандай?
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
5. Тудың ортасында не бейнеленген?
6. «Родина» сөзінің аудармасы
7.Топпен жұмыс
Бағалау критерийлермен таныстыру:
1.Есту және тыңдай білу білігі
2.Уақыт регламенті
3.Біреудің пікірін сыйлай біл
Жоба жұмысы
Суреттер, 5 жолды өлең. Жобаны қорғау. Сабаққа керекті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді құру
Жұмысқа және қорғауға топтардың әр мүшесі қатысады.
Жобаларды қорғау. Рефлексия. Оқушыларды және сабақты бағалау
Ұнады - жасыл
Ешқандай әсер еткен жоқ - сары
Ұнаған жоқ - қызыл
Үй жұмысы: 43 бет, 3,5 жаттығу
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы
Рузаев орта мектебі
Онлайн сабақ
«Астана - бас қала»
4 «Б» сынып
Өткізген: Жанайдарова Г.Б.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
2012 – 2013 оқу жылы
«Астанаға саяхат»
Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын бабаларымыз қоныс еткен қазіргі Ақмола территориясы – тарихи талай оқиғалар мен арпалыстарды бастан өткерген қасиетті өлке.
1994 жылы шілде айында Елбасының ұсынысы қолдау тауып, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылдады.
1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент бастаған алғашқы көш Алматыдан Ақмолаға аттанды.
1998 жылғы мамырдың 6-сы күні Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп аталсын» деген тарихи жарлыққа қол қойды.
Астана Қазақстанның солтүстік жағында орналасқан. Астана – тарихи және мәдени орталығы деп саналады. Қаланың ортасында тұрған Бәйтерек монументі алыс жерден көрінеді. Есіл жағалауында жаңа үйлер салынған. Қаланың көшелерінде су атқыштар бар. Қаланың барлық жерлерде әдемә биік ғимараттар тұр. Астана – жасыл қала