kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЗКО Акжайкский район Жанажолская средный школа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Моя мама.

Самый дорогой человек для меня-это моя мама. Моя мамочка приветливая, добрая, нежная, ласковая, жизнерадостная.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЗКО Акжайкский район Жанажолская средный школа»

Тақырыбы: «Менің анам»

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды мейрімділікке, аналардың, ұстаздардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуін, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру;

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелілік: оқушыларды адамгершілкке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу.

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, топтастыру, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар,гүлдер, сыйлықтар

Даналық сөздер:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.”

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

І.Психологиялық дайындық:

Өзімізге: Сәттілік, қуаныш

Қонағымызға:Жақсы көңіл-күй тілейміз.

Елімізге: Тыныштық, молшылық тілейміз.

Болашаққа сенеміз,

Жақсы оқумен, еңбекпен,

Біздер жауап береміз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Жұлдызым жоғары» ойыны. (тақырып бойынша сұрақтар қою, сұраққа жауап берген оқушылар жұлдызға ие болып отырады)

ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

А әрпінен бастап, бір әріпті қалдырып оқы.

Керемет, қасиетті сөз шығады.

-Қандай сөз шықты? (Менің анам)

1.Кіріспе әңгіме. а)Өмірде ақылды да ардақты кім? -Бүгінгі ашық сабағымызда Сағи Жиенбаевтың «Менің анам» өлеңімен танысамыз. Күннің жадын, тақырыпты дәптерге жазып алу.

Автор туралы түсіндірме беріледі.

Қазақ ақыны, нәзік сезімді, қайырымды азамат, поэзия зергері және ақындардың әлденеше буынының ұстазы- Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған.

1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласының 10 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.

1956 жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналының редакцияларында істеді. Ұзақ жылдар бойы «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарды. Соңғы жылдары «Ақ Орда» журналының бас редакторы болды.

С.Жиенбаев көптеген жыр кітаптарының авторы. Оның алғашқы «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы, 1959 жылы жарық көріп, қалың оқырманды ақындық аса нәзік ерекше тынысымен баурап алды.

-Ана деген сөз қасиетті дегенге келісесіңдер ме?

-Не себепті?

Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған –АНА. Бала –ананың бауыр еті. «Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің ыстығына төзеді. Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей, анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан-жануар да өз баласына мейіріммен қарайды. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен? Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы- өмір сыйлады ғой!» деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!»-дейді Баубек Бұлқышев. Сонымен ана дегеніміз- төзімділік пен адамгершіліктің тәңірі.

Дүниеде ананың мейіріміне,аялы алақанына не жетеді? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында, меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан бұл сөздің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей аялап ғұмыр кешу деп ұғамыз.

VІ.Мәтінмен жұмыс. а)Өлеңді мәнерлеп оқу. - Мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы. - Оқушылардың іштей оқуы. - шумақтап екі жолдан оқуы. ә)Өлеңді талдау. -Өлеңің «Менің анам»деп аталу себебі не? -Ақын ананың қадірлі екендігін қалай суреттеген?



VІІ.Шығармашылық жұмыс.

1.«Менің анам» тақырыбында эссе жазу. 2.Аналарына ақ тілектерін жазу. 3.Ана туралы өлең шығару. Сергіту сәті. Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындату. VІІІ.Қорытынды. «Ой түйіндеу» Соңғы жолдары берілген өлеңнің, алдыңғы жолын өздері құрастырады «Ана» сөзін топтастыру. (әр оқушы стикерге жазып, тақтаға топтастыру)

ІХ.Сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойынын ойнату. Шашылған сөздерден мақал-мәтел құрастыру. Ана- өмір тірегі. Ана- өмір шуағы. Ана –алып бәйтерек.

Х.Үйге тапсырма беру. Өлеңді мәнерлеп оқу

Бағалау .




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
ЗКО Акжайкский район Жанажолская средный школа

Автор: Аскарова Айман Мендихановна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399857

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "ЗКО Акжайкский район Жанажолская средный школа"
    ["seo_title"] => string(54) "zko_akzhaikskii_raion_zhanazholskaia_sriednyi_shkola_1"
    ["file_id"] => string(6) "399864"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489418866"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства