Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: көрнекі құралдар, альбом, бояу түрлері, қылқалам, қарындаш т.б.
Сабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру
1\ Оқушылармен амандасу.
2\ Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Өздік жұмыс.
V. Қорытынды.
VI.Үйге тапсырма.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
«Қарама-қарсылық заңдылықтары», «Түстік контраст» және «Контраст» сөзіне ребус құрау.
Сұрақтар арқылы тексерейік.
Бәріміз жасап келдікпе?
Ондай болса мен бағалап кетейін.
Сұрақтар:
1.Контрас дегеніміз не? \қарама – қайшы рең н\е бояу\
2.Контрас қай елдің сөзі? \латын сөзі contrarieкері түрде деген мағынаны береді\
3.Біруақытты ж\е тізбекті контрастар деген ұғым бар неге қатысты айтылған? \Бояуларға\
4.Контрас түстерді ата? \қызыл-көк, ақ-қара\
Жұмбақ.
Келістіріп өрнегін Дүниеге тұмсықсыз ақ келеді,
Құрып қойды өрмегін Дегенмен тұмсығынан өледі
\Кемпірқосақ\ \карандаш\
Сурет сабағы
Шіркін сурет сабағы,- Ауылды еске салады
Мың құбылтып бояймыз, Туып өскен даланы.
Қызыл бояу қызғалдақ, Сары бояу сарғалдақ
Жасыл бояу жайлауым, Іздеп барар арманым
Жеті түсті қарындаш, Тату-тәтті қарындас
Күні бойы болдырып,Ұзақ-ұзақ жол жүріп.
Көлге бірге барыпты, Қол ұстасып алыпты.
Жетеуінің жолымен, Менде жүріп көріп ем,
Байқадым бір қызықты, Кемпірқосақ сызыпты.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жылы және суық түстер.
Оқушылар бірінші сыныптан бастап бояу түрлерімен де, түстерімен де таныс.Олардың бояуды қабылдау, көре білу,жұмыс істеу іс-әрекеттерін арттыру үшін үнемі пысықтап отырған жөн. Әсіресе, негізгі түстер және қосымша түстер, жылы және суық бояуларды дұрыс ажыратуға арықша назар аударып, үнемі жаттығулар жасату қажет.
Барлық түстер жылы және суық түстерге бөлінеді.
Жылы түстерге қызыл, сары, жасыл, қызғылт сары, ал суық түстерге көгілдір, сия көк, көк түстер жатады
Жылы және суық түстерді араластыру арқылы олардың өзге реңктеріне қол жеткізуге болады.
Белгілі бір заттың жарық түсіп түрған және көлеңке бөліктері жарықталумен қатар жылы және суық түстік реңдермен ерекшеленеді.Егер жарық жылы болса, онда көлеңке суық реңге ауысады.Ал жарық суық болса, көлеңке жылы рең болады.Жылы және суық түстердің үйлесімді болып келуі заңды нәрсе.
Жылы түстер
Қызыл Сары Жасыл
Суық түстер
Көк Көгілдір Сия көк
Ал балалар енді жылы түспен суық түстерді арластыра отырып өзге реңктер алайық
Жылы және суық түстерге әр түрлі тапсырмалар орындау
Л
Алдымен балалар шаршы сызып алайық сол шаршыны ішін есімдеріңде қанша әріп болса сонша бөліктерге бөлеміз.Енді сол бөліктердің ішіне өз есімдеріңді жазып суық түспен әріптерді бояу.Бос жерлерді әр түрлі штоих түрлерімен толтырып шығыңдар.
Тапсырма:Сызықтық композиция
Бекіту: тест сұрақтар.
Тест
Жылы түсті көрсет?
а\ сары ә\ көк б\ көгілдір
Суық түсті көрсет?
а\ сары ә\ көк б\ қызыл
Негізгі түстерді араластырғанда қандай түстер шығады.
а\ негізгі ә\ жылы б\ қосымша
Суреттің көлеңкесі жылы түс болса көлеңке қандай болады?
а\ суық ә\ жылы б\ суық және жылы
Қоныр, қызыл, сары, жасыл қандай түс?
а\ жылы ә\суық б\ қосымша
Тест
Жылы түсті көрсет?
а\ сары ә\ көк б\ көгілдір
Суық түсті көрсет?
а\ сары ә\ көк б\ қызыл
Негізгі түстерді араластырғанда қандай түстер шығады.
а\ негізгі ә\ жылы б\ қосымша
Суреттің көлеңкесі жылы түс болса көлеңке қандай болады?
а\ суық ә\ жылы б\ суық және жылы
Қоныр, қызыл, сары, жасыл қандай түс?
а\ жылы ә\суық б\ қосымша
Үйге тапсырма:натюрморт орында, жылы және суық реңдерге арнап сурет сал
Бағалау.
Краткое описание документа:
Сабақтың тақырыбы: Жылы және суық түстер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың бояу түстері жайлы соның ішінде жылы және суық түстер жайлы таным түсінігін кеңейту.
Тәрбиелігі:әдемілікке, сұлулыққа деген талғамын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Бояумен жұмыс істеу әдіс-тәсәлдерін арттыру, дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу.