Просмотр содержимого документа
«Жыл басы - наурыз !»
Тақырыбы: Жыл басы – Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы: І Кіріспе Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы- наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды! (Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) Наурыз қыз: Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз.
ІІ. Негізгібөлім: Құрметті қонақтар, сіздерге арналған Дайындық “Е” тобының дайындаған мерекелік концертін тамашалауға шақырамын.
Би биледік бәріміз! Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан. Бас иеміз- Наурыз!
Әнуар:
Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік, біз сізге!
Мағжан: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен, Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем Жарығымен, шуағымен Күн - Ана Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Нұрсая: Осыншама жақсылық, Алып келдің Наурызым! Төрлет бізге нұр болып, Шуақ шашып нұр жүзің!
Арсен: Құтты болсын Наурыз Жалқаулық қос жауымыз Дала толы егіске, Малға толсын тауымыз
Ән: Наурыз-көктем
Я.Диас: Наурыз тойы әдемі, Әжем еске түсірді Біздерге арнап әдемі, Наурыз көже пісірді.
Абылай: Кел балалар ойнайық, Наурыз тойын тойлайық Баянды боп мереке Қыр гүліндей жайнайық
Мейрамбек: Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын! Қайда барсаң, жол болсын Төрт түлік ақты болсын, Ұлыс береке берсін, Бәле – жәле жерге енсін
Думан: Арпа, бидай, тары бар Қатық, малта, тағы бар Ішілетін, жейтінің Бұл көжеде бәрі бар.
Жұлдызай: Бата беріп атамыз, Бата беріп әжеміз Тәтті болып жасаған Көжеден дәм татамыз
Би: “Қамажай” қыздар биі
Жанерке: Құт бауырсақ шашылып, Наурыз тойы ашылсын Бір бірімен мына жұрт Көрімдігін асырсын
Ұлжан: Күттіріп келген жыл басы Бізбен бірге жырлашы Дастарханға елімнің Береке ырыс сыйлашы Ерлан: Ой, халайық, халайық Әсем әнге салайық Наурыз тойын көңілді Бірге қарсы алайық Гүлсезім: Бәйшешек гүл ашады Мұздар сайға қашады Суға толып өзен көл Кемерінен асады.
Ән: “Бол жанымда” орындайтындар: Мағжан, Я.Диас
Ермұхан:
Күн менен түн теңеледі Жер шуаққа кенелді Соны тойлар ел енді Рамазан:
Армысың ағайын Бармысың ағайын Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Ұлболсын:
Наурыз шаттық әніміз Салтанатты сәніміз Ән саламыз бәріміз Би билейміз бәріміз Алуа: Сәнді көктем нұрымен Наурыз тойы жырымен Көңіл гүлдей жайнасын Наурыз тойы тойлансын
Би: Ұлдар биі: “Қара жорға” Қабыл:
Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды!
Тимур:
Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз.
О.Диас:
Ұлыс күні кәрі жас, Құшақтасып көріскен Жаңа ағытқан төлдей Жамырасып өріскен
Әдина:
Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
ІІІ. Қорытынды: Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қыдыр ата батасын береді.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.