Мақсаты:ата-аналарға және балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Сайыс түрінде өтетін ұлттық ойындардан ер балалардың ұғымдары мен қабілеттерін байқау.
Қажетті құралдар: асықтар, 3 кг кір тасы секіртпе, шашкалар
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе сөзін айту.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арнап өткізіп отырған ұлдарының арасында «Жігіт султаны» атты сайысын тамашалауға шақырамыз.
2. Әділқазыларды таныстыру
Бағдарламада:
І Таныстыру
ІІ Мергендер сайысы (асық ату)
ІІІ Мақал айту (Отан, еңбек, оқу, батырлық жайлы)
ІV «Кім шапшаң?» ойыны (шашкалар жинау)
V Кір тасын көтеру (әлдерінше көтереді)
Атамның ән күйі ғйып,
Әжемнің әлдиі ғажайып,
Анамның мейрімі ғажайып,
Осындай жақсы әдет ғажайып,
Қалмасын ешқашан азайып.
Ал енді құрметті қонақтар сайысымызды бастайық. Ол үшін алдарынызға сайыскер ұлдарды шақырайық:
1 Еңбексүйгіш Қанат
2 Қимылы шапшан
3 Білімді Диас
4 Спортшы Азат
5 Әрдайым көңілді жүретін Ерхат
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен ептіліктің жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сонымен сайысымыздың І турын бастайық. Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтерер биік ата салтынет құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп. ІІ тур мергендік қасиеттерін көрсету. Қазір балалар кезектесіп, әркім өз сақасымен асық атады, мүмкіндік 3 рет.
«Шебердің қолы - ортақ
Шешеннің тілі – ортақ» олай болса, келесі сайысымыз мақал айту.
Сайыстың ІV туры. Ер балалардың шапшандықтарын байқау. Қазір олар жерде шашылып жатқан шашкаларды жинайды, қанша жинаса, сонша үпай алады.
Сайыстың V туры. Ардақты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар сайысымыздың соңғы туріне де жеттік. Кір көтеру (3кг). Әркім әлі келгенше көтереді. Ең көп көтергені көп ұпай алады.