Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Жалқы мен жалпы есім
Сабақтың мақсаты: зат есім туралы алған білімдерін еске түсіру.
Пәндік нәтиже: жалқы және жалпы есімді ажырата білу; олардың бір-бірінен ерекшелігін түсіне білу; сөздердің жалпы және жалқы есімнің айтылуына байланысты екенін ұғыну.
Тұлғалық нәтиже: дұрыс сөйлеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Жүйелі-әрекеттік нәтиже: сөйлем ішіндегі жалқы есімдер мен жалпы есімдерді ажырата білу; жалқы есімдерді бас әріппен жазу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, топтық жұмыс.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, батырлардың портреттері.
Сабаққа қажетті-құралдар: интерактивті тақта, дәптер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу. Сабаққа зейінін аудару.
Ә) Психологиялық дайындық
Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Б) қызығушылығын ояту.
Оқушыларды екі топқа бөлемін.
1-топ: Жалқы есім
2-топ: Жалпы есім
2. Үй тапсырмасын тексеру
Зат есім туралы білімдері пысықталады.
Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.
Оқушыларға сөзжұмбақ шешу ұсынылады. Мұғалім сөзжұмбақ Шешу арқылы «Сөйлеу» әлеміне саяхатқа шығатындарын хабарлайды.
Жылт-жылт еткен, жылғалардан өтксн. (Су)
Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (Өрік)
Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (Қой)
"П"-дан егер бастасаң, Зоопаркте тұра алам. "Т"-дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам. (Піл-тіл)
Ұстасаң, сөйлеп кетеді. (Телефон)
Аулада бар, елде жоқ Дауылда бар, желде жоқ. (У әрпі)
Оқулықпен жұмыс.
Зат есім жалқы және жалпы есім болып бөлінетіндігі айтылып, жалқы есім туралы мәлімет беріліп, жалқы есімдердің бас әріппен жазылатыны түсіндіріледі.
Өткенді пысықтау үшін екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.
3. Жаңа сабақ
Дәптерізді ашып, бүгінгі күнін, сабақ тақырыбын жазамыз.
Кітаптағы 1- жаттығу орындалады. Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығады.
II. Операционалдык-орындаушылық кезең.
Жаттығу
Сөйлемдерді оқы. Жалқы есімдер мен жалпы есімдерді екі бағанға бөліп жаз.
Назым хат жазды. Бейсен апасына көмектесті. Гүлнұр тамақ пісірді. Анар кесте тікті. Бұлбұл сайрады. Қарға қарқылдады.
Сұрақтар:
Адам аттарына сұрақ қой?
Олар қандай әріппен жазылады?
Кім? Деген сұраққа жауап берсе, қандай сөз табы болады?
Балалар тақтаға назар аударайық. Тақтадағы сөйлемдерді оқыту.
Болаттың Ақтөс деген иті бар.
Қысқы Азиада ойындары Астана, Алматы қалаларында өтті. ( бас әріппен сөздерді табу).
Ереже құрастыру. ( слайд арқылы)
Кісінің аты-жөні, жер-су атаулары, жан-жануарға қойылған атаулар...... деп аталады........ бас әріппен жазылады.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді....... дейміз. ..... кіші әріппен жазылады.
Жаттығу. Мақалды көшіріп жаз. Жалпы есімдерді тауып, астын сыз.
Бабасы еккенде баласы орады
Адам болатын бала алысқа барады.
Балалар, бұл мақалды қалай түсінеміз?
Сергіту сәті
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Жаттығу. Шығармашылық жұмыс.
Оқулыққа назар аударамыз. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр.
Сөйлемдерді жалқы есімдер мен жалпы есімдерді тап.
Жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Тентек сәби шырылдайды
Көтерсең, құлағыңа сыбырлайды. ( телефон)
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
1 топ: А әріпінен басталатын қала аттарын жазу.
2 топ: К әріпінен басталатын зат атауларын жазу.
Қорытынды
Зат есім
Жалқы жалпы
Кім? Не?
Кімдер? Нелер?
1 топ: Жалпы есімдернің ережесін айту.
2 топ: Жалқы есімдернің ережесін айту.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Үйге тапсырма беру, ( 5 жаттығу 150 бет.) оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін бағалау. Оқушылар бір- біріне баға қояды.