kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок по самопознанию «Жа?сы с?з- жан?а ?уат».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «Жа?сы с?з- жан?а ?уат».

Ма?саты:

  1. О?ушылар?а адам ?міріндегі жа?сы с?зді? ма?ыздылы?ын т?сіндіру.
  2. ?рт?рлі жа?дайда жа?сы сздерді ?олдана білу, іскерліктерін дамыту.
  3. О?ушыларды ізгілікке, ізеттілікке, ?дептілікке т?рбиелеу.

 

К?рнекіліктер: суреттер, т?рлі та?ырыпта?ы слайдтар.

 

І. Шатты? ше?бері.

Балалар бір-біріні? ?олынан ?стап ше?бер ??рады. Бір-біріне си?ырлы тая?шаны беру ар?ылы жа?сы тілектер айтып, жылы лебіздер білдіреді.

Барлы?ы:            ?уанамын мен де,

                           ?уанасы? сен де.

                           ?уанайы? достарым

                           Арайлап ат?ан к?нге.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«урок по самопознанию «Жа?сы с?з- жан?а ?уат».»

Тақырыбы: «Жақсы сөз- жанға қуат».

Мақсаты:

  1. Оқушыларға адам өміріндегі жақсы сөздің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Әртүрлі жағдайда жақсы сздерді қолдана білу, іскерліктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ізгілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: суреттер, түрлі тақырыптағы слайдтар.


І. Шаттық шеңбері.

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Бір-біріне сиқырлы таяқшаны беру арқылы жақсы тілектер айтып, жылы лебіздер білдіреді.

Барлығы: Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.


















  • Балалар, біз жаңа неліктен қуандық? Жаңағы бір-біріңе айтылған жақсы сөздерден қандай әсер алдыңдар?

(Балалардың жауаптары тыңдалады)

  • Ендеше осы жақсы сөздер кім-кімге болмасын қуаныш, шаттық, жылулық сыйлайды екен. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы жақсы сөз туралы болады. Яғни, «Жақсы сөз – жанға қуат» деп аталады.

ІІ. Ойланайық, пікірлесейік.


  • Балалар, сендер қандай кезде жақсы жақсы сөздерді қолданасыңдар?

(Қуанғанда, алғыс білдіргенде, тілек айтқанда, кешірім сұрағанда, т.б)

  • Ал осы жақсы сөздерді естігенде қандай сезімде боласыңдар?

(Көңіл-күйіміз көтеріледі, қуанамыз, шаттанамыз, өзімізді жақсы сезінеміз, т.б)

  • Ал жаман, дөрекі сөздерді естігенде қандай сезімде боласыңдар?

(Ренжулі, көңіл- күйіміз нашарлайды, тынымсызданамыз, өзімізді ыңғайсыз сезінеміз, т.б)

















  • Ендеше, балалар, мен сендерге қазір тентек, дөрекі мінезді бала туралы бір әңгіме айтып берейін. Әңгіменің аты – «Шегелер» деп аталады.

«Баяғыда бір тентек, әрі қызба мінезді бір бала болыпты. Бір күні әкесі ұлын жазаламақшы болып , бір қап шеге сатып алады. Баласының әрбір тентек ісіне есік алдындағы қақпаға бір шегеден қақтырып отырады.

Қақпаға бір күнде 37 шеге қағылады. Келесі аптада баласы өзін-өзі дұрыс ұстап, тентектік, қызбалық мінезі түзеле бастайды. Яғни қақпадағы қағылатын шеге саны да азая береді. Ол шеге қаға бергенше өзін-өзі бақылау керектігін түсінеді.

Бір күні бала өзіне-өзі әбден ие болып, қақпаға шеге қақпайтын күн де туыпты.Ол осы ісін қуанышпен әкесіне келіп айтады. Ал әкесі осы жолы баласына «өзіңді-өзің дұрыс ұстай білген сайын әлгі қақпадағы шегелерді бір-бірлеп жұлып отыр» деп тапсырма береді.

Уақыт өтіп жатады. Бала бір күні әкесіне келіп қақпада бірде бір шегенің қалмағанын айтады. Әкесі баласының қолынан ұстап, әлі қақпаға алып келеді де былай дейді:

  • Балам, сен жақсы жұмыс істепсің, бірақ қақпадағы тесіктерді көрдің бе? Бұл қақпа енді бұрынғы қалпына келмейді. Егер де сен адамға жүрегіне ауыр тиетін дөрекі сөз айтсаң, оның жүрегінде тура осы тесіктердей сызат қалады. Осыдан кейін сен қанша рет өзгерсең де, жүректегі сызат қала береді».

  • Балалар, осы әңгімедегі әкесінің баласына қанша өзгерсең де жүректе сызат қалады деп, нені меңзеді?

(Оның дөрекі мінезін, ерсі қылықтарын, дөрекі сөздері, тентектік қылықтарын т/б)

  • Сонда кімдердің жүректерінде сызат қалды деп ойлайсыңдар?

( Айналасындағы адамдардың, қарым-қатынас жасаған адамдардың, достарының, туыстарының)

  • Сонда қақпада қалған тесіктер тәрізді айналасындағы адамдардың жүректерінде қалған сызат, дақ олардың жанын ауыртты ма?

(иә)

  • Яғни, дөрекі әрі жаман сөздер адамның бойына жағымсыз әсер қалдырып, көңіл-күйін бұзады.





















ІІІ. Дәйексөз.

  • Енді тақтадағы нақыл сөзге назар аударайық.

«Жүректен шыққан сөз – жүрекке жол табады»

  • Осы нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

( Адамның шын жүректен айтылған сөзі басқа адамның жүрегіне де, жанына да жақын болып, үнемі есінде қалады).

  • Жүректен шыққан сөздер адамдарға қалай әсер етеді?

(Жүректен шыққан сөз адамдарды достастырады. Ондай сөздер адамдарды сабырлы болуға үйретеді. Жүректен шыққан сөз адамның денсаулығын сақтауға, көңіл-күйін көтеруге ықпал етеді. Ашуланған адамдарға сабырлы көмегі тиеді).

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.

ІV. Шығармашылық жұмыс.

Топ бойынша жұмыс.

  • Ендеше, балалар, жақсы сөз бізді қуанышқа бөлесе, біз де бірге қуанайық. Қазір бәріміз бірлесе отырып, «Қуаныш» тортын жасауға өз үлесімізді қосып, ойын ойнайық.

  • Торт қандай тағам? Сендер оны жақсы көресіңдер ме?

  • Торттың құрамына қандай тағамдар кіреді?

  • Ал біздің «Қуаныш» тортымыз ерекше болғалы тұр. Аты «Қуаныш» торты болғандықтан, оның құрамында да бәрімізді қуантатын жақсы сөздер ғана болу керек.

  • Балалар, мына торттың әр бөлігінде жақсы сөздердің түрлері берілген. «Қуаныш» тортын пісіру үшін сендер оның бөліктерін бояп, кем дегенде үш сөзден жазуларың керек.

(Алғыс сөздер, тілек сөздер, кешірім сөздер)

  • Міне, балалар, біздің «Қуаныш» тортымыз да әзір болды.


















V. Сахналау.

Оқушыларды үш топқа бөліп, оларға тақырыпқа байланысты 3 жағдаятты сахналап көрсету тапсырылады.

Тақырыптары: 1. «Сабаққа кешігіп келген оқушы».

2. «Дүкендегі оқиға».

3. «Әжесі мен немересі».

VІ. Жағдаяттарды талдау.













Оқушылар қойылған көріністер бойынша өз пікірлерін, ойларын ортаға салады.

  • Сабаққа кешігіп келген оқушы туралы не айтасыңдар?

  • Дүкенге келген оқушы қандай қателік жіберді? Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Әжесін тыңдамай кетіп қалған немересі туралы не айтар едіңдер?

Осы жағдаяттар бойынша түйінсөз.

  • Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп халқымыз бекер айтпаған. Шынында да, жақсы сөз сенің жаныңа серік болып, әрқашан үйде де, түзде де, достарыңның арасында да тигізер пайдасы мол. Қазір Сейілханов Айбол жақсы сөз туралы өлеңін оқып береді.


  • Балалар, жақсы сөздер тағы қандай әсер береді?

(Жақсы сөз отбасындағы күнделікті қуаныштарды да көріктендіріп, жандандырып жібереді; Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі).

  • Сондықтан да бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

VІІ. Тапсырма.


  • Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер бізге не сыйлайды?

(Қуаныш, мейірім, шаттық, бақыт, көңіл-күй, жылылық).

  • Ал Жер бетіне жылылық қайдан келеді? (Күн көзінен)

  • Егер жылылық күн сәулесінен тараса, бәріміз бірігіп, ортаға шығып, мына ортадағы күн көзінің әрбір сәулесіне барлық аталған жақсы сөздерді жазайық.

VІІІ. Жүректен жүрекке.

















Оқушылар шеңбер құрып, ортаға шығады. Ортаға «Ғажайып сандық» әкелінеді.

  • Балалар, мына «Ғажайып сандықтың» ішінде сендерге қуаныш сыйлайтын сыйлықтар бар. Енді осы сыйлықтарды бір-біріңе жылы лебіздеріңді білдіре отырып, сыйға тартыңдар.

(Әр сыйлықта мейірімді сөздер жапсырылған: мейірімділік, сүйіспеншілік, қуаныш, денсаулық, бақыт, шаттық).




















Сабақ соңында оқушылар «Мен әдепті баламын» әнін айтады.















«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ






Өзін-өзі тану пәні бойынша

өткізілген

сабақ жоспары:



Тақырыбы:













Сыныбы: 4«Д»


Өткізген: Нурмухаметова Алтынгүл Кумаровна











Семей қаласы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
урок по самопознанию «Жа?сы с?з- жан?а ?уат».

Автор: Нурмухаметова Алтынгуль

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301386

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Интегрированный урок самопознания и казахской литературы "
    ["seo_title"] => string(61) "intieghrirovannyi-urok-samopoznaniia-i-kazakhskoi-litieratury"
    ["file_id"] => string(6) "195811"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427967712"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства