Урок изучения нового материала для учащихся 4 казахского класса. Использованы новые подходы в преподавании и обучении -это деление и работа в группах, презентация каждой группы, дидактический материал, информационно-коммуникационные технологии. Для создания атмосферы сотрудничества и доверия в классе была проведена физ.минутка на уроке.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Урок казахского языка "Зат есiм" в 4 классе »
Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты: Білімділік: Әр түрлі әдіс арқылы зат есімнің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Қойылатын сұрақтарды меңгерту. Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру. Дамытушылық: зат есім ерекшеліктерін меңгерте отырып, өздік жұмыс істеу және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Қатесіз әдемі жазуға машықтандыру. Тәрбиелік: оқушыларды іздемпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, сөйлеу мәдениетін меңгерту. Сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, талдау. Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд, жай тақта, семантикалық карта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) амандасу, түгендеу ә) сынып тазалығына мән беру б) оқушылардың көңіл күйіне назар аудару
1- слайд.
А) Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз-еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу!
Ә) Оқушыларды 4 топқа бөлу ( Алфавит бойынша бөлу)
2-слайд.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша, өтілген тақырыптарға байланысты интерактивті тақтамен жұмыс жасау.
Адасқан сөздерді табу ( берілген сөздерді сөз таптарына бөлу)
Зат есім: өзен, үй
Сан есім: бес жүз, отыз екі
Сын есім: сұлу
Етістік: жайнап тұр, ойнады
3-слайд Сөзжұмбақ шешу (Сұрақтарға жауап беру)
1. Суретте кім бейнеленген? (қыз)
2. Киіз үйдің бір құралы? (шаңырақ)
3. Шөлге төзімді төрт түліктің бірі (түйе)
4. Құрылыс заттарының бір бөлшегі қалай аталады? (шеге)
5. Әжелердің киім- кешек салатын жиhазы қалай аталады? (сандық)
6. Таулы жерлерде өмір сүретін құстың атауы (бүркіт)
7. Екі шекті, тоғыз перне құрайтын қазақтың қандай ұлттық аспабы? (домбыра)
-Сонда балалар бізде қандай сөз табы шықты?
-Зат есім
-Дұрыс балалар затесі дегеніміз: заттың атын білдіріп, кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
-Ендеше балалар қазір барлығымыз тақтаға қарайық мұнда семантикалық карта берілген онда біз білетін сөз таптары және сөздер тұр. Сол сөздер қай сөз табына жатады соларды сәйкестендіреміз.
4-слайд
Семантикалық картамен жұмыс.
Сөз таптары
Зат есім
Сан есім
Сын есім
Етістік
Алма
+
Барды
+
Жеті
+
Қызыл
+
Тарақ
+
оқыды
+
қоңыр
+
он
+
5-слайд Суретпен жұмыс
Суретте көрсетілген заттарды екі топқа бөледі кім? Сұрағына, не? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.
Не? . Кім?
Ағаш Айдос
ит балалар
күрек
-Енді балалар осыдан қорытынды жасайық. Кім? деген сұрақтарды кімдерге қоямыз? (адамдарға) не? деген сұрақтарды нелерге қоямыз? (жан-жануарларға, заттарға т.с.с.)
Дәптермен жұмыс. Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің астарын сызу.
3-жаттығу
Мақта- Оңтүстікте өсетін өсімдік. Сен досыңды мақта. Анам түскі асқа кеспе пісірді. Айдар, жасыл орманды кеспе. Атам айтысты ұнатады. Бүгін мектепте жарыс ұйымдастырды. Сен велосипедпен жарыс.
6- слайд
Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық
Кәне қанат қағайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Кәне жерге қонайық
7-слайд
Оқулықпен жұмыс
Төрт топқа тапсырма беріледі.
Ең алдымен барлығы мәтінді оқиды. Мәтінді төрт бөлікке бөледі.
І топ (Мәтіннің І бөлігін мәнерлеп оқып, мазмұнын айтады. Мәтіннің І бөлігінің ішінен зат есімдерді тауып жазады және І бөлігіне ат қояды.)
ІІ топ (Мәтіннің ІІ бөлігін мәнерлеп оқып, мазмұнын айтады. Мәтіннің ІІ бөлігінің ішінен зат есімдерді тауып жазады және ІІ бөлігіне ат қояды.)
ІІІ топ (Мәтіннің ІІІ бөлігін мәнерлеп оқып, мазмұнын айтады. Мәтіннің ІІІ бөлігінің ішінен зат есімдерді тауып жазады және ІІІ бөлігіне ат қояды.)
IV топ (Мәтіннің IV бөлігін мәнерлеп оқып, мазмұнын айтады. МәтінніңIV бөлігінің ішінен зат есімдерді тауып жазады жәнеIV бөлігіне ат қояды.)
Әр топтан бір баладан келесі топтарға барып түсіндіреді. (еңалдымен І топ, содан соң ІІ топ, ІІІ топ, Ivтоп солай барлық бала жұмыс жасайды.) 8-слайд
-Балалар осымен біз сендермен қандай тақырыппен таныстық?
-Зат есіммен
Балалар осы тақырыпты қорытындылау үшін тест жұмысын орындап білімімізді қорытындылаймыз. Жаңа сабақты қорытындылау. Тест жұмысын орындау: 1. Заттың атын білдіретін сөздерді қалай аталады? А) зат есім Ә)сын есім Б) сан есім В)етістік 2. Заттың атын білдіретін сөздерді тап А) қызыл, жасыл Ә) Майра, доп Б) он жеті, екі 3. Кім?деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап А) Қар жауды Ә) Арайлым әдемі Б) Машина жүрді 4. Қыз, доп әке сөздерінен төмендегі сұрақтың қайсысын қоюға болады? А) қандай?, қай? Ә) кімдер?, нелер? Б) кім?, не? 5. Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап А) құстар, үйлер, аталар Ә) алды, ақ, келді Б) үстел, гүл, кімдер
Оқушыларды бағалау.
Жақсы қатысқан балаларға баға қою
9- слайд Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
4-жаттығу: Деңгейлік тапсырмалар:
1. Мәтінді көшіру. Мәтіннің ішінен зат есімді табу.
2. Бес зат есім жазып, оларға сөйлем құрау
3.Зат есімдерді қатытырып, эссе жазу.
Бекіту:
Осымен сабақ аяқталы. Сау болыңдар.
«Ақсу қаласы Алғабас селолық округінің Айнакөл орта мектебі» КММ