kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Учитель начальных классов

Нажмите, чтобы узнать подробности

бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Учитель начальных классов»

«Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны»

Мақсаты: Президенттің мақаласын еске түсіру, алма мен қызғалдақтың тарихымен

таныстыру, әдемілікті сезіне білуге, табиғатты қорғауға, адамгершілікке,

ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, презентация, бейнеролик, суреттер, алмалар, постер,

фломастер,түрлі-түсті қарындаштар, магнит, Алматы туралы әндер



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» деген. Бүгінгі біздің іс-шарамыз алма мен қызғалдаққа байланысты болады. (мақаланы қысқаша еске түсіру)

Алдымен біз 2 топқа бөлінеміз: «Алма» және «Қызғалдақ» тобы (стикерлер арқылы)

( Іс-шара бойы слайдттар көрсетіледі)


Алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді,

Алманың отаны

Алманың отаны – Қазақстан екендігін білесіз бе? Білмесеңіз, біле жүріңіздер! Ғалымдардың пікірінше, ғаламшарымыздағы барлық алма атаулының арғы атасы қазақтың жерінде өскен! Адам ата мен Хауа ананың алғашқы мекені, олар қуылған Жаннат бағы жайлы христиан дінінде де, Исламда да айтылады. Христиандықтар Хауа анамыз дәмін татып көріп, жұмақтан қуылуына себепкер болған жеміс алма болған деп санайды

Алма отанының біздің елімізде орналасуы тек бір ғажайып тұжырым деп ойлаған боларсыздар, дегенмен бұл ғылыми дәлелденген дерек. Оксфордтық ботаника профессоры доктор Барри Джунипер және француз зерттеушісі Кэтрин Пэкс бұған дәлел ретінде генетикалық талдамаға негізделген зерттеу жұмысын ұсынады.

Ғылымдағы бұл жаңалық – батыс зерттеушілерінің көпжылдық ізденісінің нәтижесі. Ғалымдар қазірде белгілі барлық алманың сұрыптарына генетикалық талдама жасап, жер бетіндегі алғашқы және, бәлкім, сол Тауратта айтылатын жұмақтағы алма жемісінің отаны – Қазақстан, дәлірек айтсақ Алмалы шатқалы екендігін мойындады. Бұл мекен сан ғасыр бойына осылай аталып келеді. Алматы қаласының атауы да осы алма жемісінен шыққандығы баршаға мәлім

1 тапсырма. Алманың пайдасы. Постермен жұмыс. Спикерлері қорғайды.

Жұмыс барысында Мұзатттың «Сағындым Алматымды» әні қойылады


Алманың адам ағзасына пайдасы

Алманың адам денсаулығына пайдалы қасиеттерін әрбіріміз білетін болармыз Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген.Алманың құрамындағы темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.


А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, адам жиі ауырмайды. Ойлау қабілетті жақсы дамытады. Ал ең бастысы - алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.


Алма жайлы қызықты мәліметтер

Қазан айының 21-жұлдызы – Алма күні.

• Әлемде алманың 7500-ден астам сұрпы өсіріледі. Күн сайын алманың жаңа сұрпының дәмін татып көру үшін, адамға 20 жылдан астам уақыт қажет.

• Алмалардың неліктен суға батпайтынын білесіз бе? Себебі көлемінің 25 пайызы ауадан тұрады.

• Алма құрамында майлар мен холестеридер жоқ. Және ол – жасұнық көзі. Орта есеппен бір алмада адамға керек өсімдік талшықтарының 4,5 грамм мөлшері бар.

• Алманың шие тәрізді кішкентай, грейпфрут сияқты үлкен түрлері бар.

• Алма ағаштарының жасы 100 жылдан аса уақытқа жете алады.

• Алма қабығында пайдалы талшықтардың үштен екі бөлігі мен көптеген антиоксиданттар бар. Өкінішке орай, алмаларды жинай салысымен, оларға табиғи балауыз жағады. Ол жемістердің сырты жылтырап, көзге әдемі көрінуі үшін жасалады. Балауыз тауарды бактериялардан қорғап, пісу процесін баяулатады.

• Алмада ой белсенділігін арттыратын бор микроэлементі бар.

• Алма дәндерінде, қауіпті заттек, цианид аздаған мөлшерде кездеседі.

• Алғашқы жемісін беру үшін алма ағаштарына 4-5 жыл уақыт керек.

• Алмада шамамен 80 калория бар.

• Қытай, АҚШ, Түркия, Польша және Италия – алма ең көп өсірілетін елдер.

• Әдетте бақтарда аласа алма ағаштары өсіріледі. Себебі аласа ағаштарды күту, жемісін жинау оңайырақ.

• Орта есеппен адам жыл сайын 65 дана алма жейді.

• Алма құрамында алма қышқылы бар. Ол – тіс ағартатын құралдар жасап шығаруда қолданылатын химиялық зат. Алма қышқылы тіс кіреукесіндегі дақтардан арылуға көмектеседі.

• Малусдоместикафобия – алмадан қорқу.

2 тапсырма: Алма-дастархан көркі. 2 топқа ортақ тапсырма беріледі. Алмаларды үстел үстіне әдемі кесіп қою керек. (нарезки)

Қ. Нұртастың «Алматының түндер-ай» әні қойылады

Қазақ жері алуан түрлі өсімдікке бай, соның бірі – гүл.
Жетісу өңірінің Алтынемел, Қапшағай, Ұзынағаш, Бақанас аймағы Шу даласымен жалғасып, мамырдың орта шенінен бастап қызыл кілемге оранады. Көздің жауын алатын гүл-көрік көктем мезгілінде қазақ даласының әр аймағын әрлейді. Жердің түкпірлерінде қызғалдақ түрі жеткілікті.Нәзік гүлге сүйсініп,қарап оның шығу тарихы:ғалым Анна Иващенко Қазақстан қызғалдақтары деп Отаны –осы Қазақ жерінде шыққан деп айтқан екен

Гүл мен тіл

Тіл – тарих, тіл – мәдениет, тіл – ұлттың өзі. Қазақ тілінде гүлге қатысты көнеден келе жатқан сөздер бар. Сарғалдақ, қызғалдақ, қалампыр, т.б. секілді көптеген гүл атауларын айтпағанда, гүлдің табиғатын тап басып, таудан туған «қызыл гүл», «жолыңа гүл бітсін», «қадамыңа гүл бітсін», «он екіде бір гүлі ашылмаған» дейтін тіркестер – сонау көне заманның бізге жеткен танымдық мұрасы. Гүлді тану мен оны бағалау арқылы қазақ тиісті жерінде оны теңеуге, ойды дәл жеткізу құралына айналдырған. Гүл сұлулықтың, нәзіктіктің, тазалықтың символы ретінде ұғымымызда орныққан. Осы таным бүгінге дейін халықтың жан әлемінде жасап, тілінде өмір сүріп келеді.
Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қызғалдақ гүлінің жай-күйін қозғап, оның 35 түрі қазақ топырағында өсетінін ерекше атап өтті. Осы орайда қызғалдақ гүлінің шығу тарихына қатысты мынандай бір мәліметтер қызық көрінді.

Бүгінде Нидерланд елінің экономикасы тікелей гүлмен байланысты. Мәселен, бір ғана Ресейге 2016 жылы 182 млн еуро көлемінде гүлдер жіберген екен. Ал Royal FloraHolland компаниясы бұл елдің сол жылғы табысы 13 млрд еуроны құрағанын хабарлаған. Голланд халқының негізгі табыс көзінің бірі болғандықтан, өткен ғасырда қызғалдақ гүлінің қайдан шыққаны зерттеліпті. Бастапқыда парсылардан ХІ, ал түріктерден ХІІІ ғасырға дәл келетін жазба деректер табылып, соның негізінде осы екі ел қызғалдақтың отаны деген жаңсақ пікір айтылып келді. Алайда Қазақстан өз алдына жеке мемлекет болып, алыс-жақын елдермен емін-еркін қарым-қатынас орнатып, осындай алыс-беріс көбейген шақта ғалымдардың зерттеуі бойынша гүлдің әр түрі, сонымен бірге, қызғалдақ та ежелден қазақ даласында өсетіндігі анықталды. Бұған қоса, қазақ жерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, онда табылған алтын бұйымдарда қызғалдақ суреттері бейнеленгені анықталды. Бұл жәдігерлердің біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-ІІІ ғасырға жататыны да көп ұзамай дәлелденді.

Ал Қазақстанға жасаған ресми сапарында Нидерланд ханшайымы Беатрикс ханым Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімесінде былай деген еді: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ, Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Қазақстанның даласы мен тауларында жайқалып өсетін бұл гүл біздегі саудада ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі Нидерланд елінің барынша танылған экспорттық тауары ретінде бағаланады. Ол біздің ұлттық символымыз іспетті. Қызғалдақ – ең үлкен сыйлық. Сол үшін біз сіздің еліңізге қарыздармыз. Қызғалдақ екі мемлекеттің арасындағы қатынастарды гүлдендіретін дәнекер ретінде жайнап өсе берсін!».

Тарихына көз жіберсек, Нидерланд жеріне қызғалдақты профессор Карлос Клюзиус алып барыпты. Ғалым оның түйнегін Австрия елінен алған көрінеді. Ал Австрияға, жоғарыда айтылғандай, Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен. Профессор бел сыбана кіріскені сондай, маңайындағы жұртты қызықтыра түсіпті. Аз ғана уақыттың і інде Нидерланд жерінде түрлі қызғалдақтар өсіп шыққан. Ал сирек тұқымды түрлерінің құны қымбаттап, жұрт арасында кикілжіңнің туындауына себеп болған. Өз кезегінде ел билігі өсімдіктің сирек түрінің өсірілуіне тыйым салып, есесіне олардың түйнектерін экспорттауға мүмкіндік жасаған. Экспорттың артқаны сондай, жылына екі миллиардқа жуық түйнегі сатылыпты. Бұл голланд халқының гүл саудасын әлем нарығына алып шыққан кезеңінің бастауы болса керек.

«Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны — Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивальда қызғалдақтың бірінші отаны — Қазақстан, ал екінші отаны - Голландия деп хабарланды.

НИДЕРЛАНДЫДА «НАЗАРБАЕВ» атты қызғалдақтың жаңа түрі пайда болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланды Корольдігіндегі ресми сапары аясында жаңа сұрапының тұсаукесер рәсімі болды.Бұл тұралы 24 kz арнасы хабарлады.Қызғалдақ сорттынын авторы Рини Вагтманс.

Мұсылмандар Қызғалдақты жұмақ гүліне балайды.Қазақ қол өнерінде де,зергерлік бұйымдарда да қызғалдақ бейнесін әшекейлеген,көп бұйымдарда бедерленген.Сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар, көрпе , текемет , алаша сырмақтарда да өсімдіктердің пішіндері , көбінесе қызғалдақ бейнесін салып әшекейлеп, кестелеген.Соңдықтан да қызғалдақ түрі бізге тарихымыздан мұра болып қалған.

Гүл мен нарық

Нидерланд – шағын ел. Оны тиімді пайдалану үшін бір жерден кемінде үш түрлі гүл алу жоспарланатын көрінеді. Сол себепті түйнектерін түрлі тереңдікке егеді. Мәселен, біз сөз етіп отырған қызғалдақты 15 см тереңдікке отырғызып, бетін 5 см топырақпен көміп қойса, келесі 5 см-ге сүмбіл гүлін, ал беткі қабатындағы 5 см-ге зағыпыран өсімдігін егеді. Сонда бірінен кейін екіншісі өніп, жер де, уақыт та үнемделіп, шығымы да артады. Бұл гүл өсірудегі жергілікті халықтың тиімді әрекеті екен.

Бүгінде бір ғана қызғалдақты өсіру үшін 10 мың гектар жер бөлінеді. Ал саяхатшылар жылда тек қызғалдақ гүлдейтін сәуір-мамыр аралығында Кёкенхоф паркіне баруды жөн көреді екен. Себебі 1857 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан саябақта дәл осы уақытта 7 млн гүл бүр жарып, кез келген жанды керемет сезімге бөлейді. Бұл елге барған саяхатшылардың басым бөлігі қызғалдақтың түйнегін алып кетуге құмар көрінеді. Бірақ фитосанитарлық қызмет оған жол бермейді.

Қорыта айтар болсақ, гүл – жердің көркі. Бұл ұғым біздің елімізде әлі күнге дейін сақталып келеді, мыңдаған жылдардың куәгері дала гүлдері – соның айғағы. Енді оны елдің көркіне айналдыратын уақыты да жетті. Ал халықаралық байланыстың, экономиканың, нарықтың да тамаша көркі бола алатынын Нидерланд елі бүгінде дәлелдеп отыр. Бұл мемлекет бүгінде қызғалдақтар елі болып саналғанмен, жоғарыда айтылғандай, оның түпкі отаны – Қазақстан. Сондықтан гүл шаруашылығын қолға алып, білікті мамандарды шақырту арқылы жандандыруға мүмкіндігіміз мол. Былтыр Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мамыр айындағы жағдай бойынша алтын-валюта қоры 90,3 млрд долларды құрағанын хабарлаған. Егер өз гүлімізді өзіміз қайта түлетіп, ел қазынасына жылына 13 млрд теңге қосымша құйылып отырса, сауда-саттығымыз да артпақ, қосымша жұмыс орындары ашылып, екі қолға бір күрек таппай жүргендерді салалық кәсіппен қамтамасыз етуге болар еді. Бұл Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қызғалдақ тақырыбын қозғауына түрткі болса керек…

Бүгінде «Қызыл кітапқа» қызғалдақтың 18 түрі енгізілген екен. Өкінішке қарай, тізім мұнымен бітер емес. Сондықтан да дала гүлдерін жүйелі түрде қорғау бүгінгі таңдағы басты мәселе болып тұр.

Қызғалдақтардың түрлері сияқты гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады .Оның биіктігі 10 см –ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады .

Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына 1 тал ғана гүл жарады.

Егер азамат қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, онда ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабымен оның үстінен қылмыстық іс қоз­ғалады..

Әсіресе, мейрамдар қарсаңында қыз­ғал­дақтың «жаулары» күрт көбейеді екен. «Аяусыз жұлу­дың ке­сірі бірнеше жылдардан кейін қыз­ғалдақтардың жаппай жойылуына алып келе ме деген қауіп бар. 



3 тапсырма; «Суретшілер». «Алма» тобы кызғалдақтың, ал «Қызғалдақ» тобы-алманың суретін салады.



ҚЫЗҒАЛДАҚ және АЛМАсөздеріне «Синквейн әдісін» қолданайық. Бес жолды өлең құрастырайық.



(Оқушылар тақтаға жазады)





Өсімдіктерден пайдалы заттар аламыз, ал таза ауа үшін тигізер пайдасы ерекше.

Көптеген қызғалдақтардың емдік қасиеттері бар, сонымен қатар, олар өте әдемі, біз оларды әрдайым сүйсініп тамашалаймыз. «Өсімдіктер әлемі-жер дүниенің сәні мен әні» деп бекер айтылмаған. ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ берері мол, дәрілік қасиеті бар бұл өсімдіктің азайып кетуіне жол бермейік!



















































































Тасөткел негізгі мектебі























«Қ А З А Қ С Т А Н – А Л М А М Е Н



Қ Ы З Ғ А Л Д А К Т Ы Ң О Т А Н Ы»



(қоғамдық-гуманитарлық пәндер



апталығында өткізген іс-шара)





































Жолдыбаева Л.Т.

2018-2019 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Учитель начальных классов

Автор: Жапан Болорма

Дата: 04.05.2019

Номер свидетельства: 509057

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "План работы ШМО учителей начальных классов МОБУ СОШ с. Новофёдоровское"
    ["seo_title"] => string(78) "plan_raboty_shmo_uchitieliei_nachal_nykh_klassov_mobu_sosh_s_novofiodorovskoie"
    ["file_id"] => string(6) "393097"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1487401786"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "План работы МО учителей начальных классов школы-интернат"
    ["seo_title"] => string(55) "planrabotymouchitielieinachalnykhklassovshkolyintiernat"
    ["file_id"] => string(6) "272779"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452064603"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "План работы МО учителей начальных классов школы-интернат"
    ["seo_title"] => string(56) "planrabotymouchitielieinachalnykhklassovshkolyintiernat1"
    ["file_id"] => string(6) "272780"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452064610"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) ""Использование ИКТ в работе учителя начальных классов." "
    ["seo_title"] => string(59) "ispol-zovaniie-ikt-v-rabotie-uchitielia-nachal-nykh-klassov"
    ["file_id"] => string(6) "215984"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432835984"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Статья на тему "Оптимальное вхождение учителей начальных классов и младших школьников в ФГОС" "
    ["seo_title"] => string(106) "stat-ia-na-tiemu-optimal-noie-vkhozhdieniie-uchitieliei-nachal-nykh-klassov-i-mladshikh-shkol-nikov-v-fgos"
    ["file_id"] => string(6) "240784"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445107763"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства