Пәні: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым Күні: Сынып: 1ә | Мектеп: С.Сейфуллин Мұғалім: Жаненова А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну. 1.1.4.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша болжау. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану 1.2.1.1 Сөз /сөйлем сызбасын оқу. 1.3.8.1 Жазу жолын,жоларалақ кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Ұ дыбысы бар сөздерді қолданып сөйлем құрайды |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Сөздерді буындап , тұтас, түсініп, сөз және сөйлем сызбасын оқи алады. Әріп элементтерін талаптарға сай жаза алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Математика, дүниетану, музыка сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , теледидар, ноутбук |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 4 минут | Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп , бір-бірімізге тілек айтайық. | Шаттық шеңбері |
Алдыңғы оқу 5 минут | «Достық қадам» әдісімен, әр оқушы кезекпен қ әрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздер қайталанбау керек. | |
Топқа бөлу 2 минут | Түрлі-түсті асықтар арқылы топқа бөлу. 1 топ – Ұстамды 2 топ – Ұшқыр 3 топ - Ұқыпты 4 топ - Ұтымды Сабақ мақсатымен таныстыру. | Асықтар |
Сабақтың ортасы 8 минут | «Ұ» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Ұ» - ның дуысты екенін, оның сөз басында , ортасында келу үлгілерін көрсету. Таңбасын үйрету. «Ұлу» сөзіне талдау жасау. Суретпен жұмыс. №1 Суреттегі «ұршық», «ұшақ», «ұста», «мұғалім», «ұстаз», сөздеріне назар аудартып, қай дыбыс жаңа екенін анықтау. Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжау. Суреттерді байланыстырып сөйлем құрастыру. №2 Оқылым Сөздерді буындап, тұтастай оқу. Сөздердің мағынасын ажырату. Ұр ұн ұт ұш ұста ұршық ұнтақ ұтқыр ұшақ ұсақ құлын құрақ ұран құмыра Нұрлан құлан құлақ Ұлан құмырсқа Ақнұр | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Суреттер Оқулық |
Сергіту сәті 3 минут | Бейне баяндағы музыкалық дене қимылдарын қайталап билейді. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы 10 минут | №3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы. Топтық тапсырма. Топтарға кеспе қағаздар тартылады. Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой. Қызықты тапсырма. 1топ: Сахналау ( отбасы туралы) 2топ: Сурет салу (отбасы) 3 топ: Тақпақтар айту (отбасы мүшелері туралы) 4 топ:Әндер шырқау (отбасы мүшелері туралы) Дәптермен жұмыс. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыру. Көркем жазуларын қадағалау Өткен сабақты пысықтау. «Ыстық микрофон» әдісі. | Оқулық, дәптерлер. Кеспе қағаздар Ұнтаспа Микрофон |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. «Жұлдызшалар» арқылы бағалау. «Бағдаршам» кері байланысы. | Жұлдызшалар Үлестірмелі қағаздар |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |