kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т???ыш Президентім

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а елімізді? т???ыш президентіні? ?мірі, елімізді? к?ркеюіне ?ос?ан е?бегі жайлы т?сінік беру; Елбасымыз?а деген ??рмет сезімін ояту, д?ниетанымын ке?ейту, ту?ан елге, Отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру; ?лтжандылы??а, досты??а, ?з Отанын, елін, ?лтын, жерін с?юге т?рбиелеу, бойларына патриотты? сезім ?ялату, саяси м?дениетін ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т???ыш Президентім»


Сабақ тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім

Сабақ мақсаты: Оқушыларға еліміздің тұңғыш президентінің өмірі, еліміздің көркеюіне қосқан еңбегі жайлы түсінік беру; Елбасымызға деген құрмет сезімін ояту, дүниетанымын кеңейту, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ұлтжандылыққа, достыққа, өз Отанын, елін, ұлтын, жерін сүюге тәрбиелеу, бойларына патриоттық сезім ұялату, саяси мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, топтастыру, шығармашылық, 5 жолды өлең, эссе

Сабақ көрнекілігі: ҚР картасы, слайдтар, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінділер

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка, бейнелеу

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық

(ауада сыйлықтар жасап, көршісіне сыйлау)

ІІ. Ой қозғау: Ойын «Мақалды толықтыр»

Отан туралы мақал-мәтелдерді толықтырады. № 1слайд

-Отан деген не? (топтастыру) № 2 слайд

Мұғалім: - Отан отбасынан басталады. Олай болса, біздің отбасымыз кіші Отанымыз. Ол ата-ана, туған-туыс, достар, көршілер, ауыл-аймақ, көшеміз, т.б.

Ойын «Сен білесің бе?»

Сұрақтар: - Біздің Отанымыз қалай аталады? Астанасы қай қала?

- Қазақстан қандай мемлекет? - Тәуелсіздікті қай жылы алды?

- Тәуелсіздік белгілері.

- Қазақстан жер көлемі, шекарасының ұзындығы, орны. ҚР картасымен жұмыс.

Қ.Аманжолов «Қазақстан» өлеңі

- Елімізді кім басқарады? (Президент)

ҚР Президенті кім? Н.Ә.Назарбаев суреті № 3 слайд

Сабақ тақырыбын хабарлау: «Менің тұңғыш Президентім» № 4 слайд

1желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні

Мұғалім: Елбасы да өздерің сияқты бала болған. Көп нәрсені армандап, бала қиялын талай көкке ұшырған. Қазір Елбасының балалық шағынан сыр шертетін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінділер көрелік.

(Әр үзіндіні көрген сайын бала Нұрсұлтанның бойынан қандай қасиеттерді байқап, ұнатқандарын сұрау)

Енді Елбасының өмір деректері мен еңбек жолына шолу жасайық.

Отбасы: ата-әже, әке-шеше, бауыр-қарындасы туралы № 5-16 слайд

естеліктер айту.



Өмірдеректері: Еңбек жолы (әр жылдардағы атқарған қызметі) №17-27 слайд


Дильназ: Н.Назарбаев 1958 жылы Алматы облысында орта мектепті бітіргеннен кейін Днепродзержинск қаласындағы № 8 техникалық училищеге оқуға түсіп, оны 1960 жылы бітіріп шығады.


Нұрғайша: 1960-1969 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында темір балқытушы болып жұмыс істеді.


Қалымбек: 1969-1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.


Аяужан: 1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.


Мәди: 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы.


Дана: 1979-1984 жылдары – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.


Мағжан: 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.


Талант: 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.


Ақнұр: 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 98,7% дауыспен жеңіске жетті.


Әйгерім: 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.


Алтынжан: 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.


Аружан: 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Еламан: 2011 жылы 3 сәуірде Н.Ә.Назарбаев ҚР Президенті болып 4-рет қайта сайланды.


Поэзия минуты: «Менің Президентім» мәнерлеп өлең оқу № 28 слайд

Азамат: Қазақтың елі – кенен ел,

Басшысы жайсаң кемелді ер.

Зейіні зерек, өзі алғыр,

Нұр-ата сынды кемеңгер.

Дана: Қазақтың туын ұстаған,

Болашақ жолын нұсқаған,

Нұр-ата аян ғаламға,

Беделі биік күшті адам.

Қалымбек: Зор үміт күткен ғасырдан,

Айбыны асқақ жасыннан,

Өмірге жарқын бастаған

Көшбасшы – ата асыл жан.

Нұрғайша: Астана жайып қанатты,

Айналды баққа абатты.

Алаштың елі асқақтап,

Жер жүзі жұртын қаратты.

Мәди: Найзағай отты жүрегі,

Құрыштай шымыр білегі,

Шешен деп сыйлап шартарап,

Үніне құлақ түреді.

Әйгерім: Достықтың керіп желісін,

Үйлесім менен келісім.

Шешімін құптап көп басшы,

Қол соқты жақтап Ер ісін.

Мұхаммед: Өркенді елдің Ерлері

Тыныштық үшін жердегі.

Саммитте шешті бірлесіп,

Қорытып ойды зерделі.

Аружан: Төрткүл дүние бұрышын,

Кеңейту үшін тынысын.

Құшаққа алып бар елді,

Сілтеді жолдың дұрысын.


Азамат Е.: Намыстың жанып қайрағын,

Көтеріп көкшіл байрағын,

Қазақтың даңқын шығарды,

Дәріптеп дәстүр қаймағын.

Аяужан: Нұр-ата-бейбіт нұрлы күн,

Сақтаған достық бірлігін.

Ынтымақ тауып жарасып,

Тасытты ырыс тірлігін.

Талант: Халық деп соққан жүрегі,

Түлеген елмен тілегі.

Баршаға жасар жақсылық,

Ұлтымның текті түлегі.

Нұрзат: Асырып ойын ғарыштан,

Бағытты болжар алыстан.

Санасы сара көреген

Нұр-ата білгір данышпан

Ринат: Арқауы алтын жіпті үзбей,

Жүректе жанған отты үзбей,

Нұр-ата тыным таппайды,

Мұратқа елін жеткізбей.

Аружан Т.: Теңесер көкпен төбесі,

Ойының биік өресі,

Емендей өзі жігерлі,

Қайратты қайсар Ер осы!

Арлан: Шалқытып ақын жүрек толғасында,

Көшбасшың адастырмас бар қасыңда.

Жол тартты жаңа әлемге Қазақстан,

Көреген елбасының арқасында.

Дильназ: Қадамы мықты елміз алға басқан,

Сондықтан кем болмаймыз бақ ырыстан.

Ап шықты Елбасымыз жолын тауып,

Кешегі төніп келген дағдарыстан.

Ақнұр: Бойында күш-жігерін аяп қалмай,

Оятқан елімізді таң аттырмай.

Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы,

Ап шыққан жұрт соңында шаң қаптырмай.



Алтынжан: Жақсының ел айтады жақсы атын,

Тұнық боп тұмасынан басталатын.

Елінің ертеңіне көз жіберген,

Талмасын қыран бүркіт қос қанатың.


Ән «Нұр аға»


Оқушылардың шығармашылығы: «Егер мен президент болсам ...» шығарма, өлең шығару, хат жазу, сурет салу. № 29 слайд


Ой толғау: - Президент кім? Президент деп айтқанда ойларыңа не келеді? (топтастыру) № 30 слайд

Президент: Елбасы, ғасыр адамы, көреген саясаткер, алғыр басшы, ұлт көшбасшысы, ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Әнұран авторы, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы, жазушы.


-Президент болу оңай ма? Қалай ойлайсыңдар?


Президентке өз жүректеріңнен шыққан тілектеріңді жазыңдар, почта жәшігіне салып Президентке жолдайық.


Қорытынды: - Міне, сол бала кезінен пайда болған қайсарлық, мақсат-мұратқа жету талабы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік Нұрсұлтан аталарыңды талай асулардан асырып, Қазақстан деп аталатын алып елдің көшбасшысы болу дәрежесіне көтерді. Біз осындай елбасымызбен әрқашан мақтануымыз керек. Ол кісінің тағлымы мен тәлімі мол өмір жолын өзімізге үлгі етіп өсуіміз керек.

Біздің еліміз қандай? Біз еліміздің болашағы, патриотымыз.


Ән «Елім менің»


Президент күні құтты болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т???ыш Президентім

Автор: Сабырбаева Бакия Зайтиновна

Дата: 23.03.2016

Номер свидетельства: 309047

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "презентация 1 желто?асан президент к?ні"
    ["seo_title"] => string(48) "priezientatsiia-1-zhieltok-asan-priezidient-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "260545"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448976924"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ертегілер ?лемі «?атынас» саба?ы"
    ["seo_title"] => string(31) "iertieghilierliemikatynassabagy"
    ["file_id"] => string(6) "296504"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456038261"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "МДС "?"  Жыл басына талас?ан хайуанаттар"
    ["seo_title"] => string(33) "mdszhylbasynatalaskankhaiuanattar"
    ["file_id"] => string(6) "261505"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449149221"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "КГУ "Нагорненская основная школа" "
    ["seo_title"] => string(36) "kgu-naghornienskaia-osnovnaia-shkola"
    ["file_id"] => string(6) "137494"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417359813"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Суретті салу,са?тау ж?не ашу."
    ["seo_title"] => string(27) "suriettisalusaktauzhnieashu"
    ["file_id"] => string(6) "291743"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455184112"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства