БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амангельді Айгерім Ерланқызы Пән: Қазақ тілі Сынып: 2 |
Сабақтың тақырыбы | Түбір және қосымша |
Жалпы мақсаты | Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны ажырата отырып, байланыстырып сөйлеуiн жеңілдету, белсендiлiктерiн арттыру. Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және топпен бірігіп жұмыс істеуге , бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Оқу нәтижелері | Түбір мен қосымшаны ажырата біледі; Сөздерді сөз құрамына талдай алады;түбірлес сөздерді таба алады; Оқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге үйренеді, логикалық ойлау қабілеттері артады. |
Сабақ типі | қайталау сабақ |
Әдістер | сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, АКТ, СТО технологиясы, жекелей, топтық жұмыс, ойын. |
Көрнекілігі | суреттер, кестелер, топшамалар, плакат, презентация, бейнетаспа, маркерлер, стикерлер, қима қағаздар |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру Топқа бөлу | Психологиялық дайындық «Ақ тілек» -Көңіл-күйлеріңіз қалай? -Керемет!(қолдарын көтереді) -Сабаққа дайындықтарың қалай? -Тамаша! (алақандарын шапалақтайды) -Ынталарыңыз қалай? -Ғажап! (қолдарын көтереді) -Ендеше сабағымызды бастайық! | Сөздер арқылы топтарға бөлінеді. |
Үй тапсырмасын тексеру | 5-жаттығуды тексеріп шығамын. 1-топ. Сыныпта 2-топ. Гүлдің 3-топ. Гүлді 4-топ. - Сенің сыныбыңда Мұрат секілді оқушылар бар ма? Оның қылығы дұрыс па? Қандай кеңес бересің? | Оқушылардың бір-бірден оқиды да жауаптарын береді. |
«Тұсаукесер» | - Түбір дегеніміз не? мысал келтір - Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір Түбір мен қосымша (видео) | Сұрақтарға жауап береді |
Жаңа сабақ кезеңі. | 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбір мен қосымшасын тап. | Оқушылар мәнерлеп оқып, жатқа жазады. |
Топтық жұмыс | 2-жаттығу. Суретпен жұмыс. Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып жазу. Сурет/шы,ші/,дәрі/хана,қана/,өнер/лы,лі/,қала/лық,лік/,дос/тық,тік/ | Оқушылар сурет пен сөздерді сәйкестендіреді. |
Сергіту сәті | Экранға қарап музыка ырғағымен би қимылдарын қайталау | Оқушылар сергіту сәтін түрлі қимылдар арқылы жасайды |
| 1961 жылдың 12 сәуіріндегі алғашқы ғарышкер - Юрий Гагарин ғарышқа ұшты. Біздің атақты қазақ ғарышкерлеріміз Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев Және Айдын Айымбетов. «4 сурет 1 сөз» ойыны 4-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап. Тоқымашы, іскер, тазалық, зергер, өнерлі, талапты. «Бала» сөзіне қосымшаларды жалғап жаңа сөз құрау. | Тапсырманың жауабын топтың ішінде ойланып ,талқылап алған соң, бір оқушы жауап береді. |
«Ойсергек» Қорытынды | Семантикалық карта Сөздер | Түбір | Қосымша | Ақылды | Ақыл | ды | Ағаштар | | | Дәрігер | | | Кітапты | | | Биші | | |
| Оқушылар өзбеттерімен берілген кестені толтырады. |
«Рефлексия лық – бағалау» кезеңі | «Білім ағашы». | Стикер арқылы белгілейді |
Үйге тапсырма | 3-жаттығу, 112-бет. Ғарышкерлер туралы мәлімет жинақтау | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау. | Формативті бағалау: суреттер арқылы оқушыларды мадақтап, бағалаймын. | |