Просмотр содержимого документа
«Түбір сөз және тyынды сөз»
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Қыз баланың гигиенасы
Сынып жетекшісі: Туякбаева Г
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» Мақсаты: оқушыларды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Түрі: әңгіме Көрнекілігі: күннің, бұлттардың макеті, суреттер, нақыл сөздер
Барысы: І. Кіріспе Бүгінгі сынып сағатымыз «Әдептен озбайық» деген тақырыпта болғандықтан әңгімеміз әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдептілік, ар, ұят Адамдықтың белгісі. Әдепсіз өскен адамнан, Тәртіппен өскен тал жақсы,- дегендей, әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз, адамның әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі оның әдептілігінен, мәдениеттілігінен хабар беріп тұрады. Енді қазір мен сендердің осы әдептілік жайлы ойларыңды тыңдағым келіп тұр. 1. Әдептілік деген сөздің баламаларын табыңдаршы. 2. Әдепті адам, әдепті бала, әдепті қыз. Оларды қалай тануға болады? 3. Әдептілікті бізге кім үйретеді? ІІ. «Ой жалғастыру» ойыны. Бастапқы сөздері жазылған ойды өздерің ойланып аяқтаңдар. 1) Әдепсіз болмаймын десе, не істеуге болмайды? 2) Әдепті бала деген атқа сай болу үшін, не істеу керек? ІІІ. Тіршілік оянудан басталады. Таңертең оянған әдепті адам қуанады, жақындарымен амандасады. Әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдесу – ізеттілік қағидасы. Ал ізеттіліктен әдептілік туындайды. Ол адамдардың мейірбандық белгісі. 1. Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? Дауыстап сәлем беру, қол алысып амандасу, иіліп сәлем беру, алыстан қол көтеріп амандасу, қас - қабақпен, қимыл, іс - әрекеттермен, ыммен сәлем, ізет көрсету. 2. Амандасу үшін айтылатын сөз: сәлеметсіз бе, ассалаумағалейкум, қайырлы таң, қайырлы күн, кеш жарық. 3. Кім бірінші амандасады? (амандасу тәртібі) Үлкендермен жастар бірінші болып амандасады. 4. «Сәлем» деп кімдерге айтқан жөн? Тең қатар құрбыларға, жолдастарға. 5. Қол беріп амандасу кімге тән? Ер адамдарға, үлкен кісілерге. 6. Алыста кетіп бара жатқан адамдармен қалай амандасу керек? «Сәлеметсіз бе» деп айқайлаудың қажеті жоқ, ол сені көрсе, басыңды иіп амандас. Түйін: «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, халқымыз адамгершіліктің басты қағидасы ретінде амандасу ережелерін қояды. Достығына, жаттығына қарамастан сәлем береді, амандасу – адамдық парыз, борыш деп саналады. ІҮ. 3 топқа ойталқы беру. Тақырыптар тақтаға жазылған, тақырыбын өздері таңдайды. 1. Қоғамдық көліктегі әдептілік 2. Үстел басындағы әдептілік 3. Кітапханадағы әдептілік (оқушылар өз ойларын білдіреді, әркім әртүрлі жауап айтады)
- Енді, балалар, осы айтқандардан қорытынды шығарып, ереже жазыңдар. І. 1) Көлікке итермей кіру керек 2) Жол ақысын төлеу 3) Үлкендерге орын беру 4) Кәрі кісілердің мініп - түсуіне көмектесу 5) Көлік ішінде дауыс көтеріп сөйлеспеу ІІ. 1) Үстел басында өзіңді дұрыс ұста 2) Қолыңды жуып, сырт киімді шешіп келу 3) Ауызыңды тамаққа толтырып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе 4) Амандасу үшін тағам тұрған үстелдің үстінен қол созу дұрыс емес 5) Пышақты оң қолға, шанышқыны сол қолға ұстау керек. ІІІ. 1) Кітапханамен дос бол, оған жиі баруды әдетке айналдыр 2) Тыныштық сақтау 3) Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалан 4) Кітап бетін жыртуға, сызуға болмайды 5) Кітапты уақытында өткіз Ү. Мен қандай болуым керек? 1) Мейірімді – күншіл 2) Кішіпейіл - өркөкірек 3) Еңбекқор – жалқау 4) Кеңпейіл – қызғаншақ 5) Өзгені сыйлай алатын – менмен 6) Сөзінде тұратын – жауапсыз 7) Адал - өтірікші - Балалар, мынаған қараңдаршы, өте жақсы адам болу үшін өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді дамытып, жаман қасиеттерді жоюымыз керек. Мына жерде тұрған бұлттар жақсы қасиеттерімізді көлеңкелейді, осылардың бірін алып тастайық, яғни тек осының жақсысын ғана қатыстырып қысқаша эссе жазайық. ҮІ. Тренинг Оқушылар орындарынан тұрып, бірге шеңбер жасап, қол ұстасып тұрады. 1 - оқушы 2 - ші оқушыға қарап: «Мен сені жақсы көремін» деп күлімсірейді. Ол басын изей күлімсірей сол сөзді қайталайды. Ол оқушы келесі оқушыға дәл сол сөзді қайталайды.
Мұғалім: Не ұқтыңдар? Түйін: Көрдіңдер ме? Өз ниетің түзу болса, біреуге жақсылық жасасаң, жылы сөз айтсаң, өзіңе қайтып келеді екен. Әрқашан бір - бірімізге жылы сөз айтып, өзімізде соны естіп жүре берейік.
Қорытынды: Ақыл, сана, біліммен, Өнеріме сенемін. Арым таза, ақ көңіл, Адалдыққа сенемін. Абыройлы ақ ниет Адамдыққа сенемін! – дей келе, адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен де әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіндеріңе сенемін.
Үйге «Әдепті бала – көпке үлгі» тақырыбында шығарма жазу тапсырылады.
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
"Үлкенге құрмет, кішіге ізет"
Сынып жетекшісі: Туякбаева Г
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Қыз өссе- елдің көркі»
Мақсаты: 1. Қыздарды өзінің ата- тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіру. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
2.Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Сынып бөлмесі мерекеге сай әсем безендірілген.Суреттер, әдеби-монтаж, нақыл сөздер.
Техникалық құралдар: үнтаспа, музыкалық орталық, домбыра.
Байқау кезеңдерінің жоспары:
Мен қазақтың қызымын (Өзін- өзі таныстыру)
Өнерлінің қолы алтын (Өнерлерін көрсету)
Білім мен дәстүр (Сұрақ- жауап)
Қыздарға әсемдік жарасады (Сән үлгісі)
Ас- адамның арқауы (Дастархан мәзірі)
Байқау талаптары:
Өзін- өзі ұстауы
Жүріс- тұрысы
Киімнің үйлесімділігі
Білім деңгейі
Өтілу барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті аналар, оқушылар, ұстаздар! Барлықтарыңызды алда келе жатқан 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Әр отбасына жақсылық тілеймін. Әр бала ата- анасымен бақытты болсын демекпін.
Бүгін біз аналар мерекесіне арнап «Қыз өссе- елдің көркі» атты байқауын өткізбекпіз.
Байқауды бастамас бұрын әділқазы алқаларын сайлап алайық.
Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі,
Шығады арасынан әнші, биші.
Қол соғып қарсы алайық енді біздер,
Бүгін де қабыл болып тілегіміз- дей келе байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырайық.
1. Ыңғайлы көңіл- күйінің
Әрқашан байқап бейімін.
Айтарымыз Адина
Еркесі ғой үйінің.
2. Бәріміз жақсы көретін
Жарыста демеу беретін.
Күндей жайна Ақбота
Шырқап ән салып беретін.
3. Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдей.
Арманыңа аңсаған,
Сабина жет сүрінбей.
4. Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Ақылды біздің Дарина
Көрінер көштің басынан.
5. Сабағын да меңгерген
Жақсылықты жөн көрген.
Ата- анасы Гауһарға
Әдемі есім тең көрген.
6. Үздік оқып, сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Еркежан кейде салмақты,
Түйіп алар қабағын.
7. Айтқанда әні әуенді,
Ерекше шығар әуені.
Биязы қыз- Елдана
Өзі де ұяң әдемі.
8. Жайнап жаймен жүретін,
Жымиып ақырын күлетін.
Арамызда Асыл қыз,
Әдептің бәрін білетін.
9. Ай секілді өзі де,
Сыңғыр- сыңғыр сөзі де.
Аружанның қарашы,
Әдемі ғой көзі де.
10. Тазалықты сүйетін,
Сабағын да білетін.
Ай аттас қыз- Айсұлу
Ұзақ болсын өмірің.
11. Әдепті қыз- Арайлым,
Өзі тым әсем, шырайлым.
Сынап оны көрейік,
Әділ баға берейік.
12. Жаны нәзік Назерке,
Отырмыз саған бақ тілеп.
Үлбіреп тез келе ғой,
Көпке сәлем бере ғой.
13. Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманына қолын созар.
Арманың орындалсын, ерке Сана
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.
14. Сабырлы әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан-жақты.
Аппақ біздің Ақерке (Қаламқас)
Жарысты бүгін жалғапты.
1-оқушы:Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
2- оқушы:Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті.
Сол көктемде мереке,
Дүниеге келіпті.
Көктем күні қуатты,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді,
Нұрландырған сияқты.
3- оқушы:Наурыз келді, анажан серпіліңіз,
Шуақтанып, шаттанып желпініңіз.
Кеудеңізде керемет оттар жатыр,
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
4- оқушы:Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
І кезең: Мен қазақтың қызымын (Өзін- өзі таныстыру)
5- оқушы:Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.
6- оқушы:Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
Күш- қуат боп өн бойыңа тараған.
Ән: «Құттықтаймын ана».
7- оқушы:Толған арман, мақсат тұр алдымызда,
Бақыттымыз анамыз жүр арамызда.
Өсірген өрендерін мақтан етем,
Менің анам міне отыр ортамызда.
8- оқушы:Жасымда ұйықтай алмасам,
Мазасыз өтті-ау әр түнің.
Сырқамай сау жүр анашым,
Анашым менің алтыным.
ІІ кезең: Өнерлінің қолы алтын (Өнерлерін көрсету)
Кесте тігу, ою ойып беру, жүн түту, қуыршақты орау,түйме қадау.
Ұлдардың аналары балаларына 3 қадам жасайды. Әр қадам басқан сайын 1жылы сөз айтады. Ұлдар аналарына қарай қадам басады, әр қадам басқан сайын 1 жылы сөз айтады.
ІҮ. Қыздарға әсемдік жарасады (Сән үлгісі)
16- оқушы:Өзіңсің өмірдегі асылым да ардағым,
Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.
Анашым, айтарым көп, тіл жетпейді,
Бір сендей асыл адам таба алмадым.
Ү. Ас- адамның арқауы (Дастархан мәзірі)
Ән: «Құттықтаймын ана».
Мұғалім:Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен мерекені аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,- дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
«Шақырады көктем» әні.(Барлық оқушылар қолдарына шар, гүл ұстап сахнаға шығады.)
Қорытынды. Марапаттаулар.
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымын
Мақсаты: Балаларға білім бере отырып тәуелсіздікке қалай жеткенін зерделеу. Елжанды ел азаматы етіп тәрбиелеу Желтоқсан қаһармандары: Сәбира, Ләззат, Ербол, Қайрат, туралы әңгімелеу, тақпақ, өлең айту.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Желтоқсан қаһармандары туралы суреттер, Қазақстан рәміздерінің суреттері, Елбасы, Астана суреттері компьютер.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар «Тәуелсіз елдің ұланы» тәрбие жұмысымызды бастаймыз Сіздерді Тәуелсіздіктің 21 жылдығымен құттықтаймыз Отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз.
Хор: Егемен ел -Қазақстан
Тәрбиеші: Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. «Тәуелсіздік» дегеніміз өз еркіміз өзімізде, жерміз, теңдігіміз бар дегенді білдіреді.Қазақстан Тәуелсіз, Егенменді ел. Өзіміздің Ата Заңымыз, Мемлекеттік рәмізіміз Теңгеміз, Өз қарулы күштеріміз бар. Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған: Ләззәт, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық. Рахмет балалар!Бостандық білсең , біздерге Оңайлықпен жеткен жоқ Желтоқсанда төгілген Қанның орны кепкен жоқ Желтоқсан- Тәуелсіздік, Тәуілсіздік –Желтоқсан. Айсауле : Желтоқсан айын естісең Дауыл боп бұрқыл ескенсің Азаттық күйі қашаннан Көкейін елдің тескенсің Наурыз: Жасымыз жомарт қазақпыз Мәнгүрт боп кете жаздаппыз Қосайық басты бауырлар Жанайық жансақ маздаппыз Жібек: Сол бір қасіретті күндердің жарасы әлі жазылған жоқ Қаншама адам құрбан болды. Қаншама адам қуғын көрді. Мадияр: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Бізге мұны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың Тас көшеде тас-талқан боп өлгені Шала жансар қар астына көмгені. Әділет: Тәуелсіздік ата-баба арманы Қандай елмін – бүгін, міне көр мені. Алаулайды, мүмкін емес сөнбегі.
Тәрбиеші: Қазақ халқының арымен намысына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан . Қазақ жастары «Тәуелсіздік керек! Ұлт басшысы өз ұлтынан сайлансын ! » деп наразылық білдіріп, шеруге шықты. Сол кездегі үкімет бұйрығымен күш көрсетілді.Көптеген жастар түрмеге қамалды, сойылға жығылды «бұзақылар, ұлшылдар, нашақорлар »деп кінә тақты.
Хор: Қаһарман қыз Ләззат қыз
Нұрғай «Нашақорлар» деп ұлтшылдеп Қазаққа күйе жаққан күн Базары кетіп бір күнде Қайғыға халық батқан күн
Құлмұхаммед Әділдікпен шындықтыңӨтірік жала еткен күнНадан жасаған шындықты Адамдар азап шеккен күн
Ерсінай Бұрқ етіп қазақ баласы Кеудеде өршіп наласыАлаңға қарай ағылды Таусылып барлық шарасы
Шарападин Озбырлық күшпен тұңшығып,Үміттін оты өшкен күнЖанына таппай бір шындықЕр Қайрат қыршын кеткен күн
Тәрбиеші: Келді осылай аңсаған күні Көптен күткен тәуелсіздік келді бізгеҚайта оралды қасиетті тіліміз бен дініміз де
Махаббат Арманды жақындатып тым алысБіздің жаққа жеткен екен жылы ағысЕремендік ел бақыты ертеңіО, халайық! Құтты болсын қуаныш
Қарақат Атамекен ақ үйдің Азат болған күні бұлҚұндақтағы сәбидің Қазақ болған күні бұл
Нұртуған Алты алаштың баласыҚауымдасқан күні бұлБір – бірімен жарысыпБауырласқан күн бүгін Көрініс:слайд «Тәуелсіздік — көптен күткен бақытым» компьютермен көрсету
Тәрбиеші: «Егемендік ел болудың белгісі» дегендей егеменді тәуелсіз ел болғаннан кейін өзіміздің рәмізіміз белгіленіп, астанасы Астана қаласы болды. Хор: «Желтоқсан желі»Диас Қ Отан- атам, Отан – әкем, Осы сөзім қате ме екен Қате болса неге біздер Дейміз оны «Атамекен» Нұрасыл Бой көтерді бір қала Ол біздің сұлу Астана Астанада бәрі бар Қараймыз оған шаттана
Көрніс:слайд «Әсем қала-Астана»компьютерден көрсету
Балдырған Іші алтын, сырты нұр Бұзылмаған шырқы бірҰлы достық мекеніҚазақстан жұрты бұл Нүркен Көк туды асқақ көтергенЕлді мақтан етем менТерезесі тең сыйлас Алыс – жақын шет емес Диас Қазақ деген халықтыңҰлы менен қызымызАнамыздай тілеуі ақОтан бізде біреу – ақОл, біздің Қазақстан-Балалар Қазақстан елін кім басқарады?Елбасымыз кім? (Н. Әбішұлы Назарбаев) Ботакөз Балалардың атасы Жоқ ісінің қатасыЕлді бастап келедіҚабыл боп батасы Ершат Сән айшығы бедеріРәміздер ел беделіБойға таққан тұмардайҚастерлеймін мен оны Арай Елтаңбамыз ел беделі Төріне ілінер көрнекіАнам таққан шолпыдайДөп – дөңгелек өрнегі Анеля Жалауым да көгілдірКүн күледі төгіп нұрҚыран бейне қанатыКөкке самғар елім бұл Іңкәр Бейне шулы нұрлы бақБаурар жанды сырлы ырғақӘнұранды мен ылғиЖүрем іштей ыңылдап Гауһар Енді бүгін өлген туым тірілдіӘнұраным жалғап алды ғұмырдыБосағада қалып кеткен елтаңбаБұрыңғыша төріне кеп ілінді
Хор: «Қазақстан Республикасының Әнұраны»
Би: «Қуыршақтар». Бір топ қыздар.
Ән «Көзімнің қарасы»Нұрасыл,Әділет Би: «Айгөлек»Бір топ қыздар
Ән: «Кеш жарық»Ерсінай,Ершат
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»Бір топ ұлдар
Ән:»Атамакен»Арай,Айғаным
Көрініс: «Баланың түсі»
Тақырыбы: «Әкеге қарап ұл өсер»
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін - өзі ұстай білуге дағдыландыру. Міндеттері: - өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту; - жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Түрі: Саяхат сабақ Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа
Семинар сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. І. Ауылдарға саяхат.«Әдептілер»«Тәртіптілер» «Мәдениеттілер» ІІ. Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері) ІІІ. Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу) IV. Шығармашылық жұмыс.(Әдепті бала – арлы бала) V. Хаттар сырына үңілейік.
Сабақтың эпиграфы: «Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан - дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан - дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп - әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап - қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». (Чехов А. П.)
Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар
Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.
Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.
Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса, әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді. Мұғалім: - Қане, балалар, ұлы данамыз Әл - Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен? Шолпан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Мұғалім: - Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады. Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 12 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз? Оқушылар: І. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие ІІ. Рухани – адамгершілік тәрбиесі ІІІ. Отбасы тәрбиесі IV. Өзін – өзі тану мен өзін – өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру V. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру VI. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Мұғалім: - Балалар, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытын қалай түсінеміз? Тәрбиенің қандай тұстарын анықтайды? Назиғат: - Тәртіп қағидасын анықтайды. Шолпан: - Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуді дәріптейді. Әдепті болуға, ізетті, кішіпейіл болуға негіздейді. Еркебұлан: - Сабақтан тыс уақытта көпшілік орындарда өзін - өзі ұстай білуге дағдыландырады. Адамдармен қарым - қатынас жасауды үйретеді. Мұғалім: - Сонымен, балалар, бұл бағыттың мақсаты қандай? Мақсаты: Оқушылар мен жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық әлеуметін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Міне, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың қай бағытта, нені үйрететінін де білдік. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың түрі - саяхат сабағы. Ендеше, мына тақтада көрсетілген карта бойынша ауылдарды аралап саяхатқа шығайық.
І кезең: Ауылдарға саяхат Оқушы: - Құрметті оқушылар! Біздің отарба «Әдептілер» ауылына келіп тоқтады. Тұру уақыты: 5 минут. Кешігіп қалушы болмаңыздар! - Ал, балалар, «Әдептілер» ауылында біз қандай қызықтарға тап болар екенбіз. Шолпан: Әдептілік дегеніміз - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Маржан: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек. Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар. Қажымұқан: Әдептілік дегеніміз - әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да - әдептілік.
Тақырыбы:Отбасы-тәрбиенің алтын діңгегі
Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үрдіс. Тіпті ол соғып тұрған жүрегің сияқты. Қоғамымыздың ертеңі, болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үйретіп отырған. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршаға аян. Өркениетті елдер көшіне қосылуды мұрат тұтқан әрбір ұлт ұрпақ тәрбиесіне айрықша ден қояды. Өйткені бала – өміріңіздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесі. Өсер ел бірінші кезекте ұрпағын ойлайды. Жас бала дүниеге келгенде – алға қойған арман – мақсаты болмайды.
Оны есіне салатын, ой туғызып, арманға жетелейтін – ата – ана, қоғамдық орта, дос – жаран, біздер үлкендер. Ең дұрысы баламен жақын қарым – қатынаста болу. Тәрбиелеу бір сөзбен ғана емес, немесе айтқанын істеу арқылы емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума – туысқан, көрші – қолаңмен түсіністік сыйластықта болу, сөйлеу мәнерінің мәнді болуы. Бала – жанұя тәрбиесінің айнасы. Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан оны нығайту, тәрбиелік мәнін арттыру, сол қоғамның басты назарында болуы керек. Барлық өнеге отбасынан тарайды. Әр отбасы кішкене тәрбие мектебі болуы тиіс. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың табиғи құқығы әрі парызы. Ересектер тарапынан ұлттық, халықтық тәрбиеге баулу жетіспей жатады. Ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді дәріптеуде кемшілік тұстар көп. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы ағамыздың мына бір ұлағатты сөзіне құлақ салсақ, жаудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.
«Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ әйелден қорқам, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып беретін әкенің азайып бара жатқанынан қорқам, үшіншісі дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар көбейіп келеді, үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке жоқ» деп мұңайған екен зиялы жан. Көптеген ата – аналар жеткіншек ұрпақтың тәрбиесімен жүйелі айналысудың орнына тиіп – қашып, барлық жүкті мектепке итере салады. Ал мектептен келген баланың күн ұзақ далада жүріп, көше бойының тәрбиесінде, әртүрлі ортада болатынын, жаңа достарының көмегінің нәтижесінде сорақы әдістерін қолымен жасайтыны жасырын емес. Ал бала тәрбиесі мұндай салғырттыққа, сылтау себеп іздестіруге төзбейді, оны дұрыс деңгейде жүргізу үшін кәсіптік білгірлігі, ата – аналардың мектеппен ынтымағы.
Сондықтан балаға ата – ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым – қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды. Моральдық жағынан азғындаған отбасында әдетте балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Бала ата – ана қамқорлығы мен, сүйіспеншілігін сезінбегендіктен ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды. Ал материалдық жағынан толыққанды жеткілікті отбасы – баланың кез – келген сұранысын сол мезетте қанағаттандыру арқылы, аламын деген нәрсені сөзге келмей сатып алып беруді бала тәрбиесіндегі міндетін орындаушылық деп түсінеді. Ал ол балалардың еңбек құнын сыйлауды білмейтін, арамтамақ, жалқаулар санын көбейтіп жатқанынан бейхабар болып қалады. Отбасында ананың сүтімен нәрленіп, ананың әлдиімен уілдеген бала әкенің рухымен қуат алуы тиіс.
Себебі әке – шаңырақ қорғаны, отбасын асыраушы, ақылшысы. Қазақ халық болып қалыптасқаннан әкені қорған, әкені пір санаған. Әке назары, әке мейірімі бала өмірінің бағдарын түзетуші құрал болған. «Әке тұрып ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген халық даналығында. Сондықтан әр шаңырақ көтерілгенде от анасы әйел, от ағасы еріне құрметпен қарап, дүниеге келген сәбиге алып қорған әке екенін сезіндіре тәрбиелеу қажет. Сондықтан да отбасы тәрбие тірегі болады. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата – ана, ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан баланың әдепті, арлы, азамат болып қалыптасуы отбасына тікелей байланысты. Тағы да Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзіне зер салсақ «Ұлттардың қасиеті – ұлт тілінде, дінінде, тарихы мен мәдениетінде, салт – дәстүрінде, олар жоғалса ұлт ұлт болудан қалады» деген ұлағатты пікірі бүгінгі ұрпаққа ой салуға тиісті. Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы сөз деп Абай атамыз айтқандай, тәрбие ұтымды болу үшін – күн ырғақ, өмір тәртібі дұрыс болуы керек. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен?... Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамыта жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі, адамзаттық құндылықтары мен қоса жан – жақты жетілген, толысқан, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен – жүрекке үзбей жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді.
Ата – анасы тәрбиелі болса, адамдық ары биік азамат болады, ұстазы білімді болса – шәкіртінен озық ойлы азамат шығады. Ең басты тәрбие құралы – халықтық педагогика. Ғұлама ойшылдарды ақиық ақындарды, әділ билерді, шешендерді, ел қорғаған батырларды, халқын біріктірген хандарды, халқының тарихын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізе жырлаған жырауларды халық тәрбиелеген. «Еменді ій, иілетін кезінде, баланы тый, тыйылатын кезінде» дейді халық даналығында. Егер ата – ана баласын дұрыс тәрбиелемесе – қисық ағаш болып өседі. Сондықтан тәрбиенің негізі ата – ана, мектеп, қоғамдық орта болып – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында адами қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Жалпы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілді. Тәрбие тұжырымдамасының мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту. «Т. Ізтілеуов атындағы №29 қаза орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде ата – аналар комитеті мен қатар ардагерлер кеңесі, әкелер кеңесі, ұлдар кеңесі, қыздар сырласу клубы құрылып, оқу жылы басталар сәтте жаңа жоспар мен алға атқарылатын жаңа міндеттер жүктейді. Жылына төрт рет әр тоқсанда жалпы мектептік ата – аналар жиналысы, жылына екі рет ата – аналар конференциясы, айына бір рет ата – аналар алдында педагогикалық оқулар, айына бір рет ашық есік күндері өткізіледі. Мектепте өткізілетін әрбір тәрбиелік шараларға айлық, онкүндік, апталық барысындағы тәрбие тәлімдеріне ата – ана ат салысады.
Әрбір сыныпта ата – ананың сабаққа қатысу кестесі жыл басында бекітіліп, сол кесте бойынша ата – ана мектеппен үздіксіз байланыста болады. Ата – анамен байланыс түрлері: 1. Сабаққа қатыстыру арқылы; 2. Үй аралау арқылы; 3. Байланыс дәптері мен хат жазысу арқылы; 4. Тәрбиелік шараларды бірлесіп өткізу арқылы; 5. Отбасылық сайыстар өткізу арқылы; 6. Ата – аналар жиналысын өткізу арқылы; 7. Қоғамдық сынып жетекшілер отырысы арқылы; 8. Педагогикалық оқулар өткізу арқылы; 9. Мерекелік күндері, демалыс, каникул уақыттарында мұғалімдер мен ата – аналардан беймезгіл уақытта оқушының бос жүруін болдырмау мақсатында кезекшілік рейдтер ұйымдастыру арқылы байланыста болады. Мектепте «Өзін – өзі басқару» орталығы, «Өнер» орталығы, «Жас ұрпақ», Ұлдар кеңесі мен «Қыздар сырласу» клубы интеллектуалдық танымдық білім сайыстарын, мәдени кештер, дөңгелек үстелдер, пікір сайыс, дебат, КТК бағдарламасы түрлі мәдени шараларды бір – бірімен ынтымақта, бәсекелестікте дамыта өткізуге дағдыланған.
Ата – ана, мектеп, оқушы үш тағаны берік болса, алынбайтын қамал жоқ. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Яғни тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын ізгілігі мен ХХІ ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген, жан – жақты, мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасаған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің балаларымыз ғалымдар, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, спортшылар, еңбеккерлер әртүрлі кәсіп иелері болады» деп келешек көк жиегіне көз тігеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толу тұсында Қазақстан кемел жетістіктердің жасампаздық істерін төрткүл әлемге таныта білді. Кең байтақ, қазыналы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ынтымақтың ордасы болған, Отанымыздың өркені дұрыс жайылуға тиісті. Тәрбиенің бастамасын бала жан ұядан алады. Отбасы әрбір бала үшін алтын бесік, сондықтан әрбір отбасы тәрбие тірегін осалдатпағаны абзал. Құрметті ата – ана, ұстаздар қауымы ұрпақ тәрбиесіне сергек қарау, серпінді тәрбие беру кезек күттірмес күн талабы.