Жетіген шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық көне аспап. Қазір мен сендерге осы аспапқа байланысты бір ертегі оқып берейін.
Септік шал
Ертеде зат есімнің жерінде септік деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті,ол ұлдарынан айырыла бастапты.Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылың ішек орнына керіп тағыпты да , кім? Не? деп үнсіз егіліпті. Ай өткен соң ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып ненің зияны ,кімнің көзі тиді екен ? – деп егіледі. Ай өткен соң барыс атты ұылы өледі, сонда шал тағыда үшінші ішекті тағып кімге айтып жылаймын, неге ғана өлді екен?- деп жоқтау айтыпты.Табыс атты ұлы дүниеден өтеді, нені айтып,кімді қорғаймын-дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде кімде кетті обалың , неде жатып көзіңді жұмдың- деп бесінші ішекті тағып егіледі. Шығыс атты ұлы да аштықтан өлгенде , сонда алтыншы ішек тағылып : неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын –деп егіледі.Ал жетінші көмектес те сол аштықтан қайтыс болғанда кіммен өмір сүрмекпін , енді немен шұғылданамын?- деп жоқтау айтып егіледі.
Сонда жеті ішіек , жеті тиек тағылып, жетіген аспабы пайда болыпты.