Сабақ мақсаты: Оқушыларға төзімділік таныта білу, табандылық көрсету әдептерінің маңыздылығын әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Оқушыларға батылдық, шыдамдылық қасиеттерінің мәнін түсінідіріп, өзіндік шешім қабылдай білу іскерліктеріне дамыту; - Күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс - амалдарын бекіту арқылы әрқашан әділ болуға үйрету; - Оқушылардың өз – өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, ізгі істер жасауға тәрбиелеу. | Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа, проектор, жағдаяттар жазылған бума қағаздар, Данышпан атаның кеңестері. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»-ны қайталап, оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, көңіл – күйлерін сұрау.
Тыныштық сәті «Тыныс алуға зейін қою» -Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1.......2 (Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру.)
Қорытынды: Олай болса, балалар, біз әрқашан бір-бірімізге риясыз сүйіспеншілікпен тілектер тілеп, жан дүниеміз нұрлана түссін. Үй тапсырмасын тексеру - №24 сабақ, 105 – 107 бб, Р.Әбілқадырованың «Әдемі әже» атты әңгімесін оқып, сұрақтар арқылы талдау.
«Әдемі әже» Қаладан келген немересі Қайратты ертіп Әдемі әже жолға шықты. Әдемі әже мен Қайрат автобус аялдамасында көп тұрды. Автобус келмеді. Әже, ертең шықсақ қайтеді? – деді Қайрат. Қой, шырағым. Күнде ертең – еріншектің ісі. Жылжи бергеніміз жөн. Күн ұясына батпай барып қаламыз, - деп әжесі жүріп кетті. Күн ыстық. Әжесі өзі терлеген Қайраттың маңдайынан сипап: Әзір – ақ жетіп қаламыз, - дей береді қайталап. «Осы әжем қызық, қызметінен қалып бара жатқандай асығады», деп ойлады Қайрат ішінен. Әже, сіз қалай шаршамайсыз, шөлдемеген де сияқтысыз. Е, қарағым, мен қайдан шаршайын. Екі жігіт демеп келе жатқанда, - деді әжесі. Түсінбей қалған Қайрат жан – жағына қарады. Әжесі мұны сезе қойып: Қайратжан, мені демеп келе жатқан төзімділік пен табандылық. Бұл екеуі бойыңда болса, қиындықтан қорықпайсың. Талқылауға арналған сұрақтар: - Әдемі әжейдің бойынан екі жігітке теңеген қандай қасиеттерді байқадық? - Әр іске төзімділік танытып, табанды болудың сыры неде? - Өз бойларыңыздан осындай қасиеттерді байқадыңыздар ма? Әңгімелеп беріңіздер. | Үнтаспа Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 105 – 107 бб |
3. Дәйексөз «Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» (Леонардо Да Винчи) Талқылауға арналған сұрақтар: Табандылық дегеніміз қандай қасиет? Адамның ойлаған мақсатының жүзеге асуы үшін тағы қандай қасиеттерді айтуға болады? Адамның ойы, сөзі, әрекеті үйлесімділік тапқан кезде неге жетеді? Түйіндеме. Төзімділікке үйрену, қиындықты жеңе білу, ұқыпты, тиянақты, табанды болу адамның өмірден өз орнын табуына көмектеседі. Адам өмірде кездесетін қиындықтарға төзімділік танытып, табандылығымен жеңе алғанда ғана биік шыңдардан көрінеді. Ондай адамның, ісі нәтижелі болып, дұрыс әрекет ету арқылы армандаған жетістіктерге жете алады. | Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 107 бет Леонардо Да Винчи - 1452 – 1519 жж өмір сүрген қайта өрлеу дәуіріндегі Италияның аса ірі қайраткері және сол кезеңнің негізін қалаушылардың бірі. Оның көркемөнердегі жетістіктері сурет әлемінен ойып тұрып орын алған. Ол тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астраном, архитектор және инженер болған. «Әмбебап адам» атанған. |
Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы) «Шебердің өсиеті» Сиқыршы шебер қорапқа салар алдында қарындашты қолына алып, оған былай депті: Біріншіден: сен көп нәрсе жасай аласың, бірақ біреудің көмегіне сүйене отырып қана. Екіншіден: жақсы болу үшін саған жиі – жиі жаның ауырып, ұшталып отыруға тура келеді. Бірақ әрқашан сабырлық сақта, ұстамды бол! Үшіншіден: өзің жіберген қателерді өзің түзетуге мүмкіндігің болады.. Осылайша сен дұрыс әрекетке бой түзейсің. Төртіншіден: сенің ең маңызды бөлігің сыртыңда емес, ішіңде болады. Бесіншіден: қандай жағдайда, нендей жазықтықта қолданылсаң да артыңда із қалдыруың керек. Бастысы – жағдайыңа, мүмкіндігіңе қарамастан, қашан жарамсыз болып қалғанша, үнемі жұмыс жасауға тиіссің. Қарындаш бәрін түсініп, есте сақтауға уәде берді және қорапқа жүрек қалауымен орналастырылды. Талқылауға арналған сұрақтар: - Шебер қарындашқа қандай өсиет айтты? - Өздеріңіз қарындаштың орнында болсаңыздар не істер едіңіздер? -Адам бойындағы қандай қасиеттер дұрыс әрекет жасауға жетелейді?
Түйіндеме. Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз. | Өзін – өзі тану.KZ журналынан 31 бет, №2(74) ақпан 2016 ж |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру. Оқушыларға жағдаяттар таратылып беріледі. Әр жағдаятты дұрыс әрекетпен байланыстырып сахналау ұсынылады.
1 – жағдаят: Айман төртінші сынып оқушысы. Ол ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.
2 – жағдаят: Айдос, Берік және Самат сыныптас достар. Екеуі бала кезден дос. Айдос сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Берік пен Самат та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Самат: -Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені апайға ауырып қалды дей салыңдаршы, -деп өтінішін айтты...
3 - жағдаят: Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына жоба дайындауға тапсырма берді. Нұржан: - Болат кітапханаға барып жобамызға әзірленейік. – Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырғанмын, - деді Болат. – Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой, - деді Нұржан. – Ештеңе етпес, жобамызды тапсырсақ болды емес пе? Нұржанның әрекеті...
4 - жағдаят: Сәуле мен Назым төртінші сыныпта бірге оқиды. Екеуінің мінезі екі түрлі. Назымның қашан да көңіл – күйі түсіңкі, ұялшақ, үнемі өз – өзіне сенімсіз қарап, сабаққа да тыңғылықты дайындалмайды. Апайы сабақ сұрай қалса, сылтауды көп айтатынды шығарды. Сәуле болса, күнделік жазуды бастады. Ол өзіне мынадай талаптар қойды: «Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрсені жинап қоямын. Барлық сабақты оқып болмайынша, еш нәрсеге алаңдамаймын. Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін.». Бұл талаптарды үнемі басшылыққа алып отырды. Ал Назым оған қызыға қарайтын. Ол өзінің сенімсіздігінен қалай арылуға болатынын ойлап мазасызданды.... Түйіндеме. Данышпан атаның кеңестері: Табандылыққа жетудің жолдары: Еңбектеніңдер! Қиындықтан қашпаңдар! Бастаған істеріңді аяғына дейін орындаңдар! Мақсаттарыңа жете біліңдер! | Оқулық, үнтаспа, жағдаяттар жазылған бума қағаздар, Данышпан атаның кеңестері. |
6. Топпен ән айту «Бес құндылық әні» «Әкеге арнау» әнінің әуенімен Сөзі: Мұғалім шығармашылығы Әні:Бауыржан Есебаев
1.Ақиқатпен жүру өмір бастауы Шындық туын биік ұста асқарлы Дұрыс сөйлеп, дұрыс ойлы іс жасап, Жақсылықпен атсын таңым арайлы. Қайырмасы: Сүйіспеншілік біздің әркез жүректе, Риясыз іске ұмтылдырар әлбетте. Нұрландырар құндылықтарды танып, Бағыт алғын ізгілікпен әлемге. Ей, адамзат ойлан әрбір ісіңді Өмір мәнін түсіне біл, бір демде!
2.Мейірімді бол, жылы сөзбен жанды емде Қиянатқа жоламағын бекерге Әрқашанда ар – ұжданға сүйеніп, Тыныштыққа келу керек әр пенде. Қайырмасы: | Үнтаспа |
7. Үйге тапсырма -№25 – сабақ, 111 бет, Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» атты әңгімесін оқып, түсініп алу. | Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 111 бет |
8. Қорытынды «Соңғы тыныштық сәті» (Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.) - Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Айналамызға шексіз сүйіспеншілік сыйлайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. -Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!! | Үнтаспа |