kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?МЖ. Т?зім мен табандылы?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а «т?зімділік», «табандылы?» адами ?асиеттер туралы  т?сінік беру, б?л  ??ымны? ке? екенін, т?зімді, табанды бола білуді? ма?ызын ??ындыру

  1.  Дамытушылы? ма?саты: 

Т?зімді бола білуге, ?р кезде табандылы?  к?рсетуге ?йрету.

  1. Т?рбиелік ма?саты :       

О?ушыларды? ?з ойларын жеткізе білуіне ы?пал жасау

Міндеттері:  

  • Т?зімділік пен табандылы?ты? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ын т?сіндіру;
  • ?зара жа?ымды ?арым – ?атынастарын дамыту;
  • Т?зімділікке, табандылы??а т?рбиелеу.

Саба? т?рі:  д?ріс  саба? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?МЖ. Т?зім мен табандылы?. »

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің

мұғалімі Махсатова Айсауле Махсатовна


Тақырып: Төзім мен табандылық

Құндылық: Парыз

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық.


Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру, бұл ұғымның кең екенін, төзімді, табанды бола білудің маңызын ұғындыру

  1. Дамытушылық мақсаты:

Төзімді бола білуге, әр кезде табандылық көрсетуге үйрету.

  1. Тәрбиелік мақсаты :

Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау

Міндеттері:

  • Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзара жағымды қарым – қатынастарын дамыту;

  • Төзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Ресурстар:

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, қарағайдың сұлбасы, қағаздан жасалған «ағаш бүрлері», нақыл сөздер, слайд, сурет, шар, гүл, жүрекше

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi. (5 мин) 

Жай музыка тыңдап тынығу. Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) 

Еңбек туралы мақал – мәтел жазу

«Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы».

«Адал еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой».

Сабақ барысын талқылау:


Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау








ІІ. Дәйек сөз.

Табандылық кез келген кедергіні жеңеді

Леонардо да Винчи

Мұғалім балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырады:

-Төзімді, табанды адам қиындықтан қорықпайды. Айтылған сөзге де, алдынан шыққан қиындықтарға да, құбылыстарға да төзеді. Сол жолда табандылық танытады. Қандай кедергі болса да, жеңіп шығады. Леонардо да Винчидің «Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» деген нақыл сөзі осыған байланысты айтылса керек.

ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

  • Төзім, табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?


Мәтінмен жұмыс

Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, төзімділік, табандылық туралы түсінік беру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. Әңгімені мұғалім айтып береді.

Әдемі әже

Р.Әбілқадырова

Қаладан келген немересі Қайратты ертіп Әдемі әже жолға шықты. Әдемі әже мен Қайрат автобус аялдамасында көп тұрды. Автобус келмеді.

  • Әже, ертең шықсақ қайтеді? – деді Қайрат.

  • Қой, шырағым. Күнде ертең – еріншектің ісі. Жылжи бергеніміз жөн. Күн ұясына батпай барып қаламыз, - деп әжесі жүріп кетті.

Күн ыстық. Әжесі өзі терлеген Қайраттың маңдайынан сипап:

  • Әзір – ақ жетіп қаламыз, - дей береді қайталап. «Осы әжем қызық, қызметінен қалып бара жатқандай асығады», деп ойлады Қайрат ішінен.

  • Әже, сіз қалай шаршамайсыз, шөлдемеген де сияқтысыз.

  • Е, қарағым, мен қайдан шаршайын. Екі жігіт демеп келе жатқанда, - деді әжесі. Түсінбей қалған Қайрат жан – жағына қарады. Әжесі мұны сезе қойып:

  • Қайратжан, мені демеп келе жатқан төзімділік пен табандылық. Бұл екеуі бойыңда болса, қиындықтан қорықпайсың.

  • Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымдардан нені түсіндіңдер?

  • Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Түйіндеме (3 мин)

Табандылыққа жетудің жолдары:

  1. Еңбектеніңдер!

  2. Қиындықтан қашпаңдар!

  3. Бастаған істеріңді аяғына дейін орындаңдар!

  4. Мақсаттарыңа жете біліңдер!

Сахналау (7 мин) 

Балаларға төзімділік, табандылық ұғымдарын тереңірек түсіндіру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.

Алдын ала дайындалған оқушылар көрініс көрсетеді.

Құмырсқаға сабақ болды

«Айгөлек» журналынан

Үш құмырсқа бірлесіп, шөп – шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек болыпты. Бір кезде:

  • Уһ, әбден шаршадым! Басқа жақтан бұлақ тауып, шөлімді қандырсам болмас, - дейді қызыл құмырсқа.

  • Бастаған соң, тастама. Шыдап бақ! Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады, - дейді көк құмырсқа.

Бетінен қайтпаған қызыл құмырсқа көк құмырсқаның сөзін тыңдамай, басқа бұлақ іздеп кетіп қалды.

Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақтың көзін ашуға бар күшін жұмсайды.

Қызыл құмырсқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөқлдеген соң, ол тілі аузына сыймай, сол алғашқы бұлаққа қайтпақшы болады.

Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақты тазалап болып, мөп мөлдір салқын су ішіп отырады. Қастарына тілі салақтап, қызыл құмырсқа келді. Достарынан ұялып, беті қызарған қызыл құмырсқа қайта – қайта кешірім сұрайды. Содан бері қызыл құмырсқа не істесе де «табандылықпен аяқтармын – ау!» деп өз – өзіне серт етті.


Мұғалім балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қояды.

  • Қызыл құмырсқаның әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  • Неліктен құмырсқа «табандылықпен аяқтармын» деп серт берді?

  • Сендерге төзімділік, табандылық бойынша үлгі – өнеге болатын қай сала адамдары?

Мұғалім оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсына отырып, олардың төзім, табандылық туралы пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік жасайды































Мұғалім балалардың әңгімеден төзімділік, табандылық ұғымдарын түсінгендерін байқау үшін сұрақтар қояды.

































Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:

-Төзімді адамдардың бірі – спортшы. Өйткені қиындықтарды табандылығымен жеңе алмаса, биік шыңдардан көрініп, жетістіктерге жете алмайды. Төзімді адам – ұстаз. Өйткені шәкірттерін білім нәрімен сусындату, әріп танытып, қаламсап ұстауды үйрету ұстаздан үлкен төзімділікті қажет етеді. Төзімді адамдардың бірі – ғалымдар. Өйткені оқу, білім – инемен құдық қазғандай. Соған төзіп, жаңалықтар ашады. Сол сияқты ғарышкерлер және т.б.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтан түйген ойларын пысықтауға арналған тапсырма беріледі:

-Аңызды оқып, Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тізбелеп жазыңдар.

Қайта – қайта

Аңыз

Қ.Толыбаев

Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы:

-Менің мына кітаптарымды сақтап қой, қайтып келген соң алармын, - деп бір бума кітапты қолына ұстатады. Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте Әбунасыр әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді. Үшінші мәрте оқиды. Тағы да қанағаттанбайды. Төртінші мәрте оқиды. Көңілі көншімейді. Ақырыкітаптағы ойды толық ұғып алғанша, кітапты оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді. Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғалымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен деседі.

Ойын – жаттығу (5 мин)

Айтылған ойлар ойын – жаттығу тапсырмасын орындау барысында бекітіледі.

Тақтаға қағаздан жасалған қарағайдың сұлбасы ілінеді. Балаларға қағаздан қиып жасалған қарағайдың бүрлері таратылады.

-Балалар, сендер қарағай туралы әңгімелер оқығансыңдар. Қарағай өзінің бойындағы қандай қасиеттерімен ерекшеленеді. Естеріңе түсіріп көріңдерші. Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:

-Дұрыс айтасыңдар. Қарағай – қысы – жазы жасыл түсте болып, аязға да, ыстыққа да төтеп бере алатын төзімлді ағаш. Қолдарыңдағы «қарағай бүрінің» артқы бетіне достарыңның ішіндегі ең төзімді, табандысының есімін және неліктен олай ойлайтындарыңды жазып, тақтадағы қарағайға орналастырыңдар. Мысалы, райымбек төзімді, өйткені ол қиыдықты жеңе алады және т.б.

Балалар өз жазғандарын жария етіп, қағаздарын қарағай сұлбасына іліп шыққанда тақтада үлкен қарағай пайда болады.

Мұғалім оларға тілек білдіреді:

-Осы қарағайдай төзімді бола біліңдер.

Дәптермен жұмыс (5 мин)


  1. Топпен ән айту. (3 мин)

Қ.Мырза Әлидің «Жеңіс» өлеңі

Жеңіс

Жалқаулыққа көнбеймін

Жігерленем,

Бекимін.

Кейде оқығым келмейді,

Келмесе де оқимын.

Жеңіл емес дер едім

Жету асыл мұратқа.

Көп ойнағым келеді,

Аз ойнаймын бірақ та!

Жалқаулыққа көнбеген

Түсінеді мәніске.

Өзін – өзі жеңбеген

Жетпейді ешбір жеңіске!

Жүректен жүрекке айдарында оқушылар шеңбер құрып тұрады да, музыка ырғағымен бір-біріне деген ыстық лебіздері мен жақсы тілектерін айтып, бақыт тілейді. 


  1. Үй тапсырмасы. (2 мин)

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында мұғалім тапсырманы орындауды ұсынады.

Төменде берілген түйінді ойларды толықтыр.

Ұстамды болу;

Ашушаң болмау;

Өзіңді – өзің меңгере алу;

Сабар сақтау;

Сөз бен істе әділ болу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?МЖ. Т?зім мен табандылы?.

Автор: Махсатова Айсауле Махсатовна

Дата: 04.04.2015

Номер свидетельства: 196775


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства