Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнелігі: Шешендік өнер майталмандары: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Мөңке би, Малайсары би, т.б. суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Дауыл болмай, жауын болмас,
Даулы болған қауым оңбас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
Хан - халықтың қазығы,
Қараша - ханның азығы,
Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас.
Бұл шешендік сөзден көріп отырғанымыздай, жауын жауу үшін дауыл тұруы керек т.с.с. Оқушылар аяғын жалғастырады.
Ал шешендік сөз деген не? Қалай түсінесіңдер?
Қажет дерек
Шешендік сөз – дауда, үлкен жиындарда айтылып, кейін ауызекі әңгімемен бізге жеткен, ел, ру, тайпалар арасында айтылатын терең ой сұлу сөз қағысы.
« Тоқсан ауыз сөзді» тобықтай түйін сөзбен бітістірген, «Ерді жауда, биді дауда сына» деп шарт қойған халық қисынын қиядан келтірген ақыл сөзге қашанда тоқтаған.
Шешендік сөз - әрі қазақ халқының асыл сөзді бағалай білетінін, бір ауыз аталы сөзге тоқтайтын ер, өр, бекзат мінезінен хабар береді.