kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Те?деу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-сыныпты? математика п?ніне арнап т?зілген саба? жоспары. Саба?ты? ??рылымы д?ст?рлі саба?та?ы сия?ты ??рыл?ан.Те?деу туралы т?сінік беру ар?ылы о?ушылар?а жеке т?рде ж?не топпен ж?мыс жасау к?зделген.Саба? барысында п?наралы? байланыс д?ниетану саба?ымен байланыстырылады. Тапсырмаларды орындай отырып ?рі ойын ойналады, ?рі таби?атты? к?ктем мезгіліні? ?демі к?рінісі шы?арылады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Те?деу »


Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Санкибаева Мадина Амангелдиевна


Теңдеу

(1-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды жаңа математикалық ұғым «теңдеумен» таныстыру. Есептеу дағдыларын, тура теңдіктер құру білігін, есеп шығару білігін жетілдіру

2) Зейінділікке, алғырлыққа тәрбиелеу

3)Ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, қима қағаздар, стикерлер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу

Ә) Оқу құралдарын түгендеу

Б) Психологиялық дайындық:

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз!

В) Топқа бөлу: «Өрнек» тобы, «Теңдік» тобы, «Теңсіздік» тобы

Г) Үй жұмысын тексеру :

Өрнек тобы: 7 санының құрамы

Теңдік тобы: 9 санының құрамы

Теңсіздік тобы: 8 санының құрамы

Өткенді пысықтау:

-Балалар, мыналарды қалай атаймыз? 21 2

-Ал, мыналарды ше? 2=2 5=4+1 2+3=5 (теңдіктер)

-Мынау қандай өрнектер? 2+1

1+2

3-1

3-2 (санды өрнектер)

-Ал, мыналар қандай өрнектер? а+1

2-а (әріпті өрнектер)

Өрнектің мәнін тапсаң не құрылады? (теңдік)

ІІ.Тұсаукесер

«Кім көп біледі?» ойыны

Теңдік белгісі көрсетіледі. Бұл қандай белгі?

Қайсысы қосынды?

Қайсысы теңдік?

Айырманы тап?

Қосудың компоненттері?

Азайтудың компоненттері?

Сұрақтарға көп жауап берген оқушы марапатталады.

ІІІ. Негізгі бөлім

Жаңа тақырып «Теңдеу» жөнінде 1-тапсырманы орындай отырып түсіндіру:

3 пен 4 сандарының қосындысы 7-ге тең. Мұны қалай жазамыз. Әрине 3+4=7

6 мен 4 сандарының айырмасы 2-ге тең. 6-4=2

3 пен а-ның қосындысы 7-ге тең. 3-а=7

10 мен а-ның айырмасы 1-ге тең. 10-а=1

а мен 2-нің айырмасы 6-ға тең. а-2=6

3+4=7 Бұл санды теңдік

3+а=7 10-a=1 a-2=6 Бұлар теңдеулер.

Теңдеу деп нені айтамыз? (теңдік таңбасын көрсету)

Теңдеу – бұл теңдік. Оның құрамында не бар?

-Белгісіз сан бар.

-Белгісіз санды қалай таңбалайды?

-Латын әрпімен белгілейді.

-Теңдеуді шешу дегеніміз не?

-Белгісіз санды тауып, тура теңдік шығару

Балалар, енді сендер теңдеумен танысып алдыңдар. Одан әрі «Табиғат аясында» ойынын ойнаймыз. Бұл ойын бірнеше бөлімнен тұрады. Егер де әр бөлімнің тапсырмасын мұқият орындайтын болсақ, онда әр бөлімнің өзі-ақ бізді әр түрлі көрінісімен сыйлайды.

Ойынның бірінші бөлімінде 2-тапсырмадағы теңдеулердің шешімін табамыз. Теңдеулердің шешімін табу үшін мынадай бұлттардан көмек сұраймыз. Бұл табиғат анамыздың бірінші сыйы. Бұлттарда біздің теңдеудің шешімі болатын сиқырлы сандар бар. Сол сандарды дұрыс таңдасақ, теңдеуді шығара алатын боламыз.

Өрнек тобы: 3+a=7 8-a=5

Теңдік тобы: a+6=10 a-6=3

Теңсіздік тобы: 4-a=3 a+1=8

Қажетті сандар: 5 4 1 3 2 10 8 6 7 4 9

(Сандар бұлт ішінде болады. Оқушылар өздері таңдап алады.)

Тақтаға таңдалған бұлттарды жапсыру орындалады.

Балалар, қазір қандай мезгіл?

Иә, көктем мезгілі. Бұл мезгілде күндер жылиды. Құстар келеді. Табиғат аясының екінші бөлімінде Ләззат және Жеңіс деген сендер сияқты балалардың неше гүл сыйлағаны туралы есеп құрастыруымыз керек екен. Ол үшін оқулығымыздағы 4-тапсырманы орындауымыз керек болады.

Есеп нелерден тұрады, қане еске түсірейік.

Есептің шарты, сұрағы, шешуі және жауабы болады.

Олай болса үш топ үш түрлі есептер құрастыруымыз керек. Егер дұрыс құрастырсақ, табиғат бізге әдемі гүл шоқтарын сыйлайды.

(Гүлдерді тақтаға жапсыру)

Қане, балалар. Сергіту сәтін жасап, денемізді сергітіп алайық:

Орнымыздан тұрайық

Қанаттарды жаяйық

Қарлығаш боп ұшайық

Көбелек боп қонайық!

-Балалар, табиғаттың бізге берер сыйы көп. Осындай сыйлықтарының бірі саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтарда сиқырлы сандарды тауып, себетке жинайық.

5+ 4 2+7 1+8 9+0 3+6 т.б.

(Себеттен саңырақұлақтарды алып, тақтаға жапсыру)

-Балалар, міне табиғат аясындағы соңғы тапсырманы орындауға да келіп жеттік. Егер де жақсы орындасақ ол бізге бір емес екі сыйлық берейін деп тұр. Қане, балалар, ойланайық, табайық, сыйлықтарды алайық.

а*а+6 а+а-6

(Табиғат күн мен үйшікті сыйға береді. Тақтаға жапсырылады.)

Балалар, тақтаға мұқият қараңдаршы. Не байқадыңдар?

ІҮ. Қорытынды

Теңдеу деген не?

Теңдеуді табу үшін не істейміз?

Топтарды марапаттау.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру: 3-тапсырма, 169-бет




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Те?деу

Автор: Санкибаева Мадина Амангелдиевна

Дата: 18.04.2015

Номер свидетельства: 203027

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Т?зуді? те?деуі"
    ["seo_title"] => string(16) "tuzudintiendieui"
    ["file_id"] => string(6) "270492"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451135171"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства