kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарбие сағаты Тақырыбы Жұлдызды сәт

Нажмите, чтобы узнать подробности

тарбие сағаты  Тақырыбы:  Жұлдызды сәт

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарбие сағаты Тақырыбы Жұлдызды сәт»

Сабақтың тақырыбы: "Жұлдызды сәт" тәрбие сағаты

Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету,тіл туралы танымдық деңгейлерін
көтеру,бірнеше тіл білуге ,озық ойлы болуға тәрбиелеу.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
1. «Ұшқыр ой»
2. «Мықты болсаң, тауып көр»
3. «Ойлан, тап»

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

ІІ айналым «Мықты болсаң, тауып көр»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.


1-топ: 1.Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем алынбас.(жұлдыз; звезда; star)

2-топ: Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар.(бор; мел; сһаIk)

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп ; буква; Lettr )

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш ; линейка; ruIer)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян ; заяц )

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық; кошка; ket)

7. Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.(қалам; ручка; pen)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап книга book)


Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Тіл-өнер
1. Кітап-көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.

2.Жақсы кітап-жан азығы.

3.Орынды сөз-мың жылдық,
Орынсыз сөз -мыңжылдық.

4.Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.

5. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

6.Аққу айдынын аңсайды,
Адам атамекенін аңсайды.

Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарбие сағаты Тақырыбы Жұлдызды сәт

Автор: Адепбаева Замира Аманегельдиновна

Дата: 01.02.2018

Номер свидетельства: 454123

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай "
    ["seo_title"] => string(45) "diebi-iertieghilier-bdild-t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "128170"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415451250"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства