Сабақ: Аңыз Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры | Мектеп: «Қарасу орталау мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм |
Күні: | Мұғалімнің есімі: Рахатова Б.К. |
Сынып: 3-сынып | Қатысқандар саны: 10 | Қатыспағандар саны: - |
Оқу мақсаты | Оқушылар аңыздың мазмұнымен танысады, өз ойларын еркін ашық жеткізуді үйренеді. |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Аңыздың мазмұнын біледі, кейіпкерлерді таниды. |
Оқушылардың басым бөлігі: Кейіпкерлерге мінездеме береді. |
Кейбір оқушылар: Мәтін туралы өз ойларын еркін жеткізе алады. |
Тілдік мақсат: | Оқушылар: өздерін еркін сезіне бастайды, өзін- өзі бағалауға төселе бастайды. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Бейшара, бақыр ақша, сорпа- су. |
Сыныптағы негізгі диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар: Ертегі мен аңызды ажырата алуы |
Неліктен аңыз «Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры» деп аталған деп ойлайсыңдар? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: Бейшара,сорпа- су сөздеріне жазбаша түсінік беру. |
Алдыңғы оқу: | «Қарлығаш пен шөже торғай» мысалын еске түсіру. |
Жоспар:І. Ұйымдастыру: Шаттық шеңберін құру «Не ортақ?» ойынын ойнау. |
Жоспарланған уақыт: | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар: |
Басталуы: | Білу:Өткенді қайталау. (Венн диаграммасына) Оқушылар қарлығаш пен торғайды салыстырып, диаграммаға салады. (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,СТО,диалогті оқыту,миға шабуыл.) Түсіну: Сөзжұмбақ шешу. ІІ.(Қоржыннан асық алу арқылы топқа бөлу.) 1- топ «Алдаркөсе» 2-топ «Қожанасыр» | Оқулық, жұмыс дәптер, топтама, АКТ, суреттер. (Венн диаграммасына) |
Ортасы: | Қолдану: Қожанасыр туралы мағлұмат беру. Слайдтан көрсету. Топтық жұмыс. Мәтінді екі бөлімге бөліп,екі топқа беремін. Оқушылар оқып,өзара талқылап,екі топ жеке- жеке әңгімелейді.(постер арқылы) 1-топ Қожанасырға мінездеме береді.2- Байға мінездеме береді,қорғайды. (АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту) Талдау: 1. Осы мәтіннен не ұқтыңдар? Жауаптарын тыңдау,толықтыру. «Алдаркөсе туралы » мультфильм көрсету. Алдар мен Қожанасырдың ұқсастығы турары ой қорыту. (Диалогтық оқыту, оқушылардың бірлесе талқылауы, ой бөлісу,жас ерекшелік, дарынды және талантты болалар) Жинақтау: «Өрмекші торы» арқылы сабақты қорытындылау | Қожанасыр туралы слайд,постер. |
Аяқталуы: | Бағалау:«Бағдаршам» арқылы бағалау; топтық бағалау:формативті бағалау | |
Қосымша ақпарат: Астана қаласында Қожанасырдың ескерткіші бар екенін білді. |
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс |
Оқушыларға жұптық,топтық, жұмыстар ұйымдастыра отырып, қабілетті оқушылардың оқуды басқаруын дамыту. | өзара бағалау,өзін- өзі бағалау,қалыптастырушы бағалау | Бейнелеу,қазақ тілі |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз 1.Оқу мақсаттары әр балаға түсінікті,уақытпен шектелген,нақты жасалды. 2.Оқушылар жоспарланған кезеңдер бойынша өз мақсатына жетті. 3.Оқушылардың көбі оқу мақсатына жетті.Сабаққа ынтамен қатысты. 4.Сабақ жоспар бойынша жүргізілді. Сөзжұмбақ шешу кезінде оқушылар белсене қатысты. «Өрмекші торы» әдісінде оқушылардың барлығы қамтылды. 6.Мен берілген уақыт ішінде үлгермедім.Себебі оқушыларға көрсеткен мультфильмге көп уақытым кетіп қалды.Келесі сабақтарымды уақытқа сай жоспарлауды жүзеге асырамын. |
Қорытынды бағамдау:Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) Сөзжұмбақ шешу 2.Өрмекші торы Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алмады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. Мультфильм көрсеткенде көп уақытым кетіп қалды. 2. Постермен жұмыс кезінде бір оқушым топтық жұмысқа толық қатыспады. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабақтарымда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратындай деңгейлік курстан үйреніп келген әдіс- тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу сабағымды жетілдіруге көмектесетін білдім. |