Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "?рнек 10-а"»
Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10-а
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға әріпті өрнектің мәнін табу туралы білімдерін жетілдіру.Әріпті өрнек пен санды өрнектің айырмашылығын білуге машықтандыру.
ә) ауызша, жылдам, дұрыс есептеу дағдыларын жетілдірк түсу;
логикалық ойлау қабілеттерін , есте сақтау қабілетін дамыту
б) Оқушылардың адамгершілік қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Интер тақта,суреттер, кесте
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, жұптық жұмыс, ой қозғау
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық Оқушылармен амандасып қажетті құрал-жабдықтарын алғызу
-Балалар көңіл күйлерің қалай?
-Көңіл күйлері көтеріңкі балалар оң қолдарыңды көтеріңдер
-Сабаққа дайын балалар сол қолдарыңды көтеріңдер
-Бүгінгі сабақты 5-ке білетін балалар шапалақ соғыңдар
-Біздің мақсатымыз не?
-Міндетіміз ше?
Жарайсыңдар балалар сендерге бүгінгі сабақта 5 алуларыңа тілектеспін.
Топқа бөлу
І. «Алғырлар»
ІІ. « Тапқырлар»
ІІІ. « зеректер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қателерін тап және түзе . Үйге берілген тапсырманы пысықтап, сұрақтар қою.
ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып талдау.
-3-пен 2-нің қосындысы неге тең?
- 6-ның құрамын тап
-10 мен 3- тің айырмасы неге тең?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
V. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма (қарлығаш қандай тапсырма әкелді)
Азайғыш – 10
Азайтқыш – а
Айырманың мәні - ?
Әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру берілген сандарды қоямыз.
2.Кестені толтыр
А
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
10-а
3.а мен 1 саныдарының қосындысын жаз.А-ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады?Мәні ең үлкен және ең кіші сандарды жаз.
3.) Қарағай-6
Қайың-4
Барлығы-? 6+4 ; 6-4 деп нені табамыз?
ҮІ. Жаңа сабақты түсінігін тексеру
№4
І. Топ а+ 2 а= 1 2 3
ІІ. Топ а+ 7 а= 3 2 1
ІІІ. Топ 10 – а а= 7 8 6
ҮІІ. Сабақты бекіту
3 топқа 3 сурет беріп суретке қарап өрнек құрастыру
ҮІІІ. Бағалау жалауша «5» төртбұрыш «4» үшбұрыш «3»
Үйге тапсырма. 175 бет 5- тапсырма сызбаға өрнек құрастыру