Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Архимед күшін сипаттайды және оның білінуіне мысал келтіреді, судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылайды және болжайды. Оқушылардың басым бөлігі: ауадан жеңіл газ қолданып ұшатын аппараттарды атайды. Кейбір оқушылар:целлофан қалта неге ұшатынын зерттеп,нәтижесін жариялап,қорытынды шығарады. |
Сабақтың басы 10минут | Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасын тексеру Ойлан: Жағалауда жатқан қиыршық тастың үстімен жүргенде табаның ауырады.Ал белуардан келетін судың ішінде сондай тастар табаныңды ауыртпайды.Неліктен? Дескриптор: сұраққа жауап береді-1б Ой қозғау Ауа мұхиты.Суда жүзген Негешке қандай күш әсер етеді? Жаттығу жасап жатқан Эврикаға ше? Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады Архимед заңы ауада қалай орындалатынын білесің | Баланың назарын сабаққа аудару Сұраққа жауап береді Сұрақтарға жауап береді Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен танысады. | «Комментарий» арқылы | Оқулық 74 - 75 бет |
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | 1-тапсырма. Ұжымдық жұмыс «Анықта» әдісі Қандай күш әсер етеді? Суретте бейнеленген екі шарды салыстыр. Көк шар неге ауада қалықтап жүр? Осы шарға әсер етіп тұрған күштерді сипатта. Күлгін шар неге еденге құлады? Дескриптор: екі шарды салыстырады -1б көк шардың ауада қалықтау себебін түсіндіреді -1б шарға әсер етіп тұрған күштерді сипаттайды -1б күлгін шардың еденге құлау себебін түсіндіреді-1б 2 – тапсырма Жеке жұмыс Әуеде ұшу Ауадан жеңіл газ қолданып ұшатын қандай аппараттарды білесің? Дескриптор: жеңіл газ қолданып ұшатын аппараттарды атайды -1б ойын айтады -1б 3 –тапсырма Жұптық жұмыс «Мен зерттеушімін» әдісі Целлофан қалта неге ұшады? Дескриптор: қажетті денелерді пайдаланып,зерттеу жүргізеді -1б денелерді кезекпен суға салады -1б жұмысты бақылап, нәтижесін жариялайды -1б | екі шарды салыстырады, көк шардың ауада қалықтау себебін түсіндіреді, шарға әсер етіп тұрған күштерді сипаттайды, күлгін шардың еденге құлау себебін түсіндіреді Ауадан жеңіл газ қолданып ұшатын аппараттарды атайды. Целлофан қалта неге ұшатынын зерттеп,нәтижесін жариялап,қорытынды шығарады. | «Басбар мақ» әдісі «Комментарий» арқылы «Комментарий» арқылы | Оқулық 74 бет жеңіл газ қолданып ұшатын аппараттардың суретіА4 Қажетті заттар: Екі май шам, сіріңке, Целло фан қалта |
Сабақ тың соңы Кері байла ныс 5 минут | «Күншуақ» әдісі Күннің ортасына бүгінгі өтілген тақырыпты, ал шуақтарына осы тақырып бойынша өзіңе қандай пайдалы ақпарат алғаныңды жаз Үйге тапсырма Ойлан: Ай бетінде ұшу құралы ретінде әуе шарын қолдану мүмкін бе? Неліктен? | Күннің ортасына бүгінгі тақырыпты жазады,шуақтарына осы тақырып бойынша өзіне қандай пайдалы ақпарат алғанын жазады. | Басбар мақ арқылы бағалау | Күн-шуақ тың суреті |