Басы 10 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялқ ахуал қалыптастыру. «Кім жүйрік?» әдісімен топқа бөлу. ЭКСПО 2017 пойызы мен вагондарына бөлініп, топтасады. Стикерлерге мәні болатын өрнектер беріледі. Өрнектің мәніне қарай вагондарға таптасады Психологиялық дайындық Әрбір адам?: Туысым, досым, жұрағат. - Әрбір сабақ?: Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?: Тірлік, тілек, адамдық. - Әрбір сөзің?: Шындық, бірлік, адалдық. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «феш боун» әдісі арқылы «етістік» туралы білетіндерін топтастыру | Таратпа қағаздар, смайликтер, А4 қағазы, дәптер, оқулық Феш Боун кестесі |
Ортасы 25 минут Бағалау критерийлері 1.Ережелерді айта алады. 2. Тапсырманы түсініп, ойын айта алады. 3. Сөздерден, сөз тіркестерінен сөйлем құрастыра алады. 4. Қарсы мәндес сын есімдерді қатыстырып шығарма жаза алады | ІІІ. Қызығушылықты ояту. Топтық тапсырма: Қызығушылықты ояту: Ой қозғау стратегиясы негізінде сұрақтар қойылады. Берілген мәтіннен сын есімдерді табады. Оларға сұрақтар қояды Әңгіменің авторы мен атын табады. Сын есім сөздері қандай қызмет атқарып тұрғанын айтады. І-топ: Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. «Көксерек» М.Әуезов ІІ-топ: Бұл жолы уысыма қызғылт түсті, ұзын құйрық суықторғай іліне кетті . Торғайдың дөп-дөңгелек қоңыр көздерінде қорқыныш тұнып тұр. «Суықторғай» Максим Зверев ІІІ-топ: Әскербектің әдемі қауырсынды әтеші бар. Ол өзінің басқалардан әлдеқайда артықтығын сезінетін тәрізді өте маңғаз. Оның үстіне үш мезгіл шақырған даусы да ерекше. «Әскербектің әтеші» Роза Әбілқадырова. Сын есім сөздері сонымен қатар ғылымдар патшасы математика пәнінде де кездеседі. 1.Теңдеудің қандай түрлері болады? (жай, күрделі) 2.Қандай өрнектер болады? (санды өрнектер, әріпті өрнектер) 3.Қай теңдеудің шешімін тез табуға болады? (жай теңдеу) 4.Қай өрнектің мәнін табуға болады? (Санды өрнек) ІҮ. Мағынаны тану. Кітаппен жұмыс 1 жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді табады. 2.Олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды сын есім екенін айтады. 3.негізгі сын есім мен туынды сын есімнің айырмашылығын айтады. Ү. Ой толғаныс. Дәптермен жұмыс 2-жаттығу. 1.Жұмбақты оқып, жатқа жазады. 2.сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айтады. 3. Жұмбақтың шешуін табуға қай сөз көмектескенін айтады. 4. Жұмбақталған зат туралы білетін жұмбақтарын айтады. Топтық жұмыс. «Бақыт қайда барасың» бейнеролигін көріп, тыңдап отырып ішінен «қандай, қай» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады: тату, жақсы, көргенді, көрікті, берекелі, әдепті, біссімілләлі, тәртіпті, ұйымшыл, ниетті, балалы, ибалы, сондай, татулы, шатулы, ынтымақты, ұлан –асыр, бейбіт. 15-18 сөз жоғары деңгей 11-14 сөз орта деңгей 8-10 сөз төмен деңгей ҮІ. 4-жаттығу: берілген сын есімдерге сай келетін затты тап. Неліктен сол затты айтқанын дәлелдейді. бұйра қалың қысқа ұзын кең жарық биік ҮІІ. Сөз ойла, тез ойла 5-жаттығу: Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қояды: бала, ұстамды, тәртіпті, ұнамды, ұрыншақ, керіс. ҮІІІ. Еске түсір, қайтала. Жұптық жұмыс Әр жұпқа: кітап-книга-book алма-яблоко-apple әже-бабушка-grandmother үй-дом-house шие-вишня-cherry ит-собака-dog гүл-цветы-flower қалам-карандаш-pencil ата-дедушка -grandfather мысық-кошка-cat доп-мяч-ball күн-солнце -sun суреттері беріледі. Әр жұп өздеріне берілген затты сипаттайды. Заттың атын орыс тілінде, ағылшын тілінде айтады. Дескрипторлар Ережені біледі, мысалдармен дәлелдейді. Мәтінді оқып, түсінігін, ойын айтады. Феш боун кестесін ережеге сүйене отырып толтырады.. Берілген сөздермен, сөз тіркестерінен жұпта сөйлем, мақал құрастырады. Сын есім туралы білгендерін топ мүшелерімен бөліседі. | бейнеролик Кесте, сызба Слайдтар таратпалар Оқулық Бейнеролик Тірек сызба Суреттер кестелер |
Соңы 10 мину Бағалау: | Сабақты бекіту: ой қорыту ой толғаныс фазасы: 1) оқушылар мысалдыр айтып, әр топ заттың сынын, сапасын, көлемін, дәмі мен пішіні туралы сөз табады. Үйге тапсырма: 6-жаттығу. «Көктем » тақырыбына әңгіме жазып, сын есім туралы білетіндерін топтастырады. Әр тапсырмадан соң топты, оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалап отыру. Көп жинаған оқушы, топ бағаланады. | Суреттер, түрлі-түсті қарындаштар |