Мақсаты: Құстардың сыртқы бейнесін, тіршілігін, қоректенуі туралы әңгімелеу.
Құстардың суретін салдырып үйрету.
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, суретін салу
Психологиялық сәт:
Балапандай боламыз,
Әсем сурет саламыз.
Құстарды біз құрметтеп,
Қамқорлыққа аламыз.
Қайырлы таң апайлар,
Қайырлы таң балалар!
Балалар жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі
Көктемде ауа-райы қандай болады?
Жылы болады. Құстар ұшып келеді.
Балалар өткен сабағымызда сурет сабағынан қандай сурет үйренген едік?
Бөлме өсімдіктерінің суреттері.
Дұрыс, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Балалармен достасып,
Жазда бақты қорғайды,
Ал күзде кетеді қоштасып
Ол не болар балалар,
Жауабын кім таба алар? ( Құстар )
Ия бұл құстар.
Құстар 2-түрге бөлінеді Үй құстары және дала құстары
Үй құстарына : әтеш, тауық, үйрек жатады
Дала құстарына: Қарлығаш,аққу,көгершін, сауысқан, шағала, үкі, көкек, торғай,
бүркіт, жапалақ, жарғанат, үйрек, қаздар
(суреттерін көрсету)
Үй құстары үйде арнаулы тауық қораларда өсіріледі. Олардың еті, мамықтары,
жұмыртқалары адам үшін пайдалы.
Ал дала құстары көктемде өлкемізге жылы жақтардан ұшып келеді. Олардың пайдасы көп. Ағаштардағы құрт - құмырсқаларды жеп тазартады. Құстарға біз қамқор болуымыз қажет.
Балалар, бізге қонаққа құстарға арналған ертегілердің ішінен « Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі қонаққа келіп тұр.
Ертеде бір қарлығаш ұя салып, өз балапандарын шығарыпты. Бір күндері оның
Ұясына бір жылан келіп балапандарын жемекші болады.
( Ертегіні айту)
Балалар, қарлығаш өз балапандарын қорғау үшін қарлығашқа көмек береміз бе?
-Көмек береміз.
- Олай болса сендерге қарға,көкек,жылан,дәуіт өздерінің алып келген тапсырмаларын алып келіп отыр, шешіп қараймыз.
1.Көкектің тапсырмасы: Түстердің аттарын атау.
2.Қарғаның тапсырмасы: Кім тапқыр ойынын ойнау.
Ойын шарттары:
Әр үйшікке құстарды,жануарларды және де дала құстарын ажыратып салу тапсырылады.
3.Құстардың суретін салып беру.
4.Жұмбақтар шешіп беру.
Шарлап келіп даланы
Үйіме үйіне салады
Қарлығаш
Бұрап қойған сағаттай
Айғайлайды таң атпай
Әтеш
Көлде жүзеді
Қамысты меңзейді
Үйрек
Күндіз ұшпайды
Түнде тышқан аулайды
Үкі
Күндіз соқыр не деген,
Түнде қандай көреген
Жарқанат
-Балалар биылғы жылымыз жылан жылы болғандықтан біздің жыланымыз сондай
Қаһарлы жылан екен, енді сендерге құстар туралы тақпақ айтпасаңдар мен онда балапандарды жеймін деп тұр.
–Қане,құстар туралы тақпақ кім біледі?
( Әбілхайыр,Нұрсая,Гауһар,Әсем)
Жарайсыңдар балалар!
Жылан балапандарды жемейтін болды.Қарлығаш та сендерге риза болды.