- ?ткен дыбыстарды ?айталау, зейінін ба?ылау.
- Жа?а Тт дыбысымен таныстыра отырып, с?здер, с?йлем ??рау?а ж?не д?рыс буын?а б?луін ж?не баланы? тілін дамыту.
Таза, ??ыпты, ?демі жазу?а т?рбиелеу
Просмотр содержимого документа
«Т дыбысы ж?не ?рпі»
Пән: Сауат ашу
Тақырыбы: Т т дыбысы және әрпі.
Мақсаты:
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау.
Жаңа Тт дыбысымен таныстыра отырып, сөздер, сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін және баланың тілін дамыту.
Таза, ұқыпты, әдемі жазуға тәрбиелеу .
Сабақтын көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торғайдын суреті, табиғат әуені, дыбыстарға арналған үй, және т.б.
Сабақтын әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу ,ойын, түсіндіру.
Сабақтын барысы.
Таңғы шеңбер
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Дөңгелек құрып кілемге отыру
ә) әліпби қайталау
б) Жұмбақ жасыру:
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/
Аймақтық компономент: балалар бізде түлкі қайда мекендейді? (орманда)
ІІ. Суретпен жұмыс.
Ненің суреті? Не байқадыңдар?
Торғай сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Тт –дауыссыз дыбыс сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.
а) Кеспе әріптен «т» дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу.
ә) та, - ата, - ат, ат-та
Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
Т әрпін ауада жазу.
Тт әрпін манкада жазу
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
Т әріпін қолымен үстінен бастыру.
Т әріпін жаздыру
Ойын: «Тақия тастамақ»
Саябаққа саяхат:
Ағаштын астында хат жатады
Т дыбысынан басталатын сөздер айтқызып ағашқа жапырақтар іледі.
а)Т дыбысын тапқызу
ә) сөздерді буынға бөлгізу
Сабақты қорыту:
Т дыбысы бар сөздер ойлап келу.
Мадақтау , бағалау
« Жалпы білім беретін Краснопол орта мектебі»КММ
Тәрбиеші:
Искакова А.К.
Краснопол .к, 2016ж.