4.Кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен – өзі сөйлескен сөзін қалай атайды? (Монолог)
5.Қазақтың әлемге әйгілі палуаны кім? ( Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
6. «Орындалған арман» мәтінінде кімнің арманы туралы айтылған? ( Спандияр Көбеевтің мектепке қабылдануы)
7. « Дегелеңдегі жарылыс » әңгімесінің авторы? (Аскар Алтай )
8. «Көксерек » повестіндегі баланың есімі кім? (Құрмаш)
9. « Өткен күн » өлеңінің авторы кім? ( М. Жұмабаев)
10.Ақселеу Сейдімбектің шығармасын ата. ( Әйел - Ана)
11. «Арыстан мен тышқан » мысалының авторы кім? ( Сұлтанмахмұт Торайғыров)
12.Айтыстың неше түрі бар? ( Тұрмыс – салт айтысы, Жұмбақ айтыс, Қыз бен жігіт, Жан – жануарлар айтысы )
ІІ – тур: «Логикалық тапсырмалар » математикадан сұрақтар қойылады.
1. Атасы мен әжесінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес, Неге?
( Екеуінің жылдары әр түрлі)
2. Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? Қай санды төңкергенде басқа санға айналады? ( Өзгермейтін: 0,8 ; Өзгеретін: 6,9 )
3. Қорадағы қозылар мен тауықтардың аяғы - 12, ал бастары – 4. Тауық нешеу, Қозы нешеу?
( 2 тауық, 2 қозы)
4.Отбасында 4 бала бар:қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша? (2 қыз, 2 ұл)
5,Шешесі балаларына 10 шыколадты бөліп, қыздарына үш – үштен, ұлдарына екі – екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу? (2 қыз, 2 ұл)
6.Отбасында 3 бала бар: Айнұр,Мерей ЖӘНЕ Айнаш. Айнұр Мерейден 2 есе үлкен, ал Айнаш Мерейден 6 жас үлкен. Үшеуінің жасын қоссақ 22 болады.Балалардың жастары нешеде? ( 8 жас,10 жас, 4 жас)
ІІІ – Тур: « Қызықты үштік »
Ұяшықтарға 20, 30, 40 деген ұпайлар жазылады. Ойынға қатысушы топ ұяшықтағы, яғни кестедегі сұрақтарды ұпайына байланысты таңдап, жауап беруі тиіс. 20 ұпай жасыл, 30 ұпай сары, 40 ұпай қызыл түспан беріледі.
20 ұпайдың сұрақтары:
1. Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. ( Ы.Алтынсарин )
2. Ауа температурасын ненің көмегімен өлшейді? (термометр)
3. Қимыл, іс – әрекетті білдіретін сөз табы қалай аталады? (Етістік )
30 ұпайдың сұрақтары:
1.Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (Оңтүстік, батыс, шығыс, солтүстік )
2.Фигураның көлемін қалай есептейміз? (V =a*b*c)
3.Сан есім (Заттың санын, мөлшерін білдіреді. )
40 ұпайдың сұрақтары:
1.Тік төртбұрыштың ауданын қалай есептейміз? (s = a*b)
2. . « Түркістан » өлеңінің авторы кім? Өлеңнің бір шумағын жатқа айт. (М.Жұмабаев)
Түркістан – екі дүние есігі гой,
Түркістан – ер түріктің бесігі гой.
Киелі Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі гой.
3. Қай құс жұмыртқасын өзі баспай, басқа құстардың қясына тастап кетеді? (Көкек)
ІҮ – тур: « Мақал – сөздің мәйегі »
1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
2. Отыз тістен шыққан сөз, ( отыз елге тарайды)
3.Жүз теңгең болғанша, ( жүз досың болсын)
4.Жалқаудың екі досы ьар. ( бірі – ұйқы, бірі күлкі)
5.Отан үшін ( отқа түс күймейсің)
6.Білгенің бір тоғыз, ( Білмегенің тоқсан тоғыз)
7.Жеті жұрттың тілін біл, ( жеті түрлі білім біл)
8.Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)
Ү – Тур. « Жорға »
Сайысымыздың соңғы айналымы. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
1 – топ:
1. Қандай 2 санның қосындысы көбейтіндісіне тең ? ( 2 мен 2 )
2. Әлемдегі ең ірі теңіз жануары? ( кит )
3. ҚР мемлекеттік тілі ( қазақ тілі )
4. Уақыт өлшейтін аспап? (Сағат)
5. Есту мүшесі. ( құлақ )
6. Жыл басы ( тышқан )
7. Әбілмансұр деген кім? (Абылай )
8. 16 – желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік )
9.Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны )
10.Жылдамдықты қалай табамыз? ( қашықтықты уақытқа бөлеміз )
2 – топ:
1. Қазақтың ұлттық аспабында ойналатын әуен? ( күй )
2. 1 км неше метр бар? ( 1000 )
3. Үш биді ата. ( Әйтеке би.Төле би, Қазыбек би )
4. Көру мүшесі ( көз )
5. 1 сағатта қанша минут бар? (60 минут )
6. Суда жүзетін көлік? ( қайық )
7. күйді орындаушы адам? ( күйші )
8. Әлемдегі бойы ең биік жануар? ( керік )
9. 48 сағатта неше тәулік бар? ( 2 )
10. 36 теңгенің 4/1 бөлігі қанша? ( 8 )
- Осымен бүгінгі сайысымызды аяқтай келе сөз кезегін әділқазыларға берсек.
- Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болып саналып, марапатталады.
- Бүгінгі сабағымызға келіп қатысқандарыңызға рахмет.