kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыйынар ем ана деген тәңірге

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі сабақта оқу мақсатыма толық жеттім. Оқушылар ашық сабақ барысында белсенділік танытты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Ашық тәрбие сағаты

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

1 «Б» сынып

Мұғалім: Армысыздар аяулы аналар!
Елдар: Армысыздар мейірімді әжелер!
Жанасыл: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Мұғалім: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Елдар: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Жанасыл: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Мұғалім: Балалар,білесіңдер ме?Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.
Елдар: Неге, сиқыршы келе ме?
Мұғалім: Жоқ, таппадың.
Жанасыл: Ә,таптым,таптым.Қайрат Нұртас келетін шығар?
Мұғалім: Жоқ балалар,бүгінгі кешіміз ең сұлу, ашық жүзді, ардақты да асыл аналарымызға арналады. Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жанасыл: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Кукарелла биі (Жанәділ, Нурмухаммед, Шадиярхан, Дамир, Балғын, Маржан, Әлия, Б.Айзере)

Елдар: Келесі кезекті көрініске береміз. Көрініс «Үш ана»
(Ортаға стол және үш орындық қояды. Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.)


Мұғалім:Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Жампоз:Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)


Мұғалім:Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Медина:Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)


Мұғалім: Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.


Адия:Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)


Мұғалім:Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!


Мұғалім: Келесі кезекті көңілді отыруы үшін ойынға берсек. Ойынның аты «Макияж» деп аталады. Арамыздан мен деген батыл 3 анамызды ортаға шақырамыз. Ақмаржан, Замира, Ажар келіп орындыққа жайғасыңыздар. Сонымен қоса 3 ұлымызды шақырамыз: М.Алихан, Диас, Өркен. Ойынның шарты: біздің үш ұлымыз мына жерде тұған бояу түрлерін қолдана отырып, 5 мин ішінде аналарды бояндыру қажет. (Ойын жеңімпаздарына сыйлықтарын ұсыну)

Қазақ қызға үйленем. Орындайтын Әлихан және барлық қыздар

Жанасыл: Жарайсыңдар қыздар, Әлихан. Көп –көп рахмет! Назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын. (оқушылардың қызықты суреттері кетеді)

Мұғалім: Осы тұста тағы бір ойынға кезек бергім келіп отыр. Ойынның аты «Орамал» деп аталады. 3 аналарымыз Шолпан, Венера, Айжан ортаға шығамыз және 3 қыздарымыз А.Айзере, Айгерім, Алуаны ортаға шықарымыз. Ойынның шарты: 1 минут ішінде аналарымыздың басына қыздарымыз әдемі етіп орамалды байлаулары қажет. (Жеңімпаз ана мен қыздарымызға сыйлықтары табысталады)

Жанасыл: Су іздеген қыз (Эмре, Диас, Өркен, Жібек, А.Айзере)

Елдар: Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің
Сен дархансың сен жомартсың данасың
«Анашым қартаймашы» әні (Жампоз)

Сыйлық табыстау

Дамир: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде


Шадиярхан: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз


С.Әлихан: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай


Айгерім:Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең


Өркен: Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.


Әлия: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші мартыңмен.

М.Алихан: Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!


Елдар: Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік.

Жанасыл:Кешімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.


Мұғалім: Құрметті аналар сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Әр отбасыларыңызға қуаныш, бақ береке тілеймін. Бүлдіршіндеріміздің жетістіктері мол болсын! Осымен біздің кешіміз аяқталды. Сауболыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Сыйынар ем ана деген тәңірге

Автор: Мырзакелді Еркемай

Дата: 04.06.2018

Номер свидетельства: 472131

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Сыйынар ем, ана деген тәңірге!"
    ["seo_title"] => string(37) "syiynar_iem_ana_dieghien_t_n_irghie_2"
    ["file_id"] => string(6) "409538"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492347593"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Сынып са?ат та?ырыбы: "Сыйынар ем Ана деген т??ірге""
    ["seo_title"] => string(47) "synypsagattakyrybysyiynariemanadieghientnirghie"
    ["file_id"] => string(6) "276467"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452744395"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Конспект урока на тему Сыйынар ем Ана деген т??ірге!"
    ["seo_title"] => string(50) "konspiekturokanatiemusyiynariemanadieghientnirghie"
    ["file_id"] => string(6) "303100"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457429303"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Презентация на тему "Сыйынар ем ана деген т??ірге" "
    ["seo_title"] => string(60) "priezientatsiia-na-tiemu-syiynar-iem-ana-dieghien-t-n-irghie"
    ["file_id"] => string(6) "242088"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445368888"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Сыйынар ем "ана" деген т??ірге"
    ["seo_title"] => string(30) "syiynariemanadieghientnirghie1"
    ["file_id"] => string(6) "318557"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460616240"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства