kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып са?ат та?ырыбы: "Сыйынар ем Ана деген т??ірге"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                  «Сыйынар ем Ана деген  т??ірге»
Ма?саты:  Ана жайлы ?ле?дер, ?ндер ар?ылы  ?стаздарды, аналарды, аруларды мерекемен ??тты?тау. О?ушыларды мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеу. ?стаз?а ата-ана?а деген ??рмет сыйын арттыру. Ана е?бегін ?адірлей білуге ?йрету.
К?рнекілегі: шарлар, г?лдер, на?ыл с?здер
Барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і:    
   Ата-аналарды, ?она?тарды ?арсы алу. Саба?ты? та?ырыбын, ма?сатын хабарлау.
ІІ. Кіріспе.
Ж?ргізуші:
   Кеш жары?, ?ымбатты ата-аналар, ?стаздар, арулар! К??ілдері?ізге к?ктем шуа?ындай сезім мен н?р ??йып, та?ы да 8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ні келді. Осынау к?ркем мерекені?  ?ай кезде де орны б?лек. Олай болатыны,  аналар?а деген ысты? сезім, ал?ыс пен ??рмет еш?ашан с?нбек емес. Олар ?мірді? г?лі, к??ілді? жыры, ?р отбасыны? алтын ді?гегі. Мынау  тынымсыз тіршілік пен ке? д?ниені? ?зі тек аналармен ажарлы. Б?гінгі арайлап ат?ан н?рлы та?мен бірге ?рбір с?би ж?регі ?зі? деп со?са, б?гінгі мерекелік  кешіміз де аналар?а арналады.
Біз ?ана емес, ?адір т?т?ан бабалар.
Аналардан ту?ан небір даналар.
Ана деген тіршілікті? тірегі,
Армысыздар, ?асиетті аналар!
    ??рметті аналар, бізді? мектепті? ?стаздары, ?ыздары! 8-Наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ні мерекесі ??тты болсын!  Сіздерге ?р?ашан сыр бермес денсаулы?, ?мірді? шапа?атын тілейміз! Б?л к?ні ?здері?ізге ба?ыттал?ан тілектер періштені? ??ла?ына шалынсын. ?рдайым мейірім шуа?ын шашып ж?ре бері?іздер!
К?рініс:
 
Сахна?а Медет жылап кіреді.
- Неге жылайсы? бала?ай?
- Анамнан адасып ?алдым.
- Ана? ?айда кетіп еди?
- Д?кен аралап кеткен.
- Жарайды, жылама енді. Екеуіміз бірге іздейміз. Табамыз ?азір. Сені? аты? кім ?зі?
- Медет.
- ?андай ?демі есім.
- Ана? ?андай адам еді?
- Мені? анам д?ниедегі е? жа?сы адам!
- Онда жа?сы.  ?азір екеуіміз осы арада?ы жандарды? арасынан е? жа?сы адамды іздеп табайы?.
- Жарайды.
Адамдарды? арасынан к?зімен анасын іздеп табады да:
- Анашым! ?не мені? анам! Ол ешкімге де ??самайды с?лу, ?демі ?рі е? жа?сы адам-деп анасын  орта?а ертіп шы?ады.
- Анашым, енді еш?айда кетпе?ізші. Мен сізге та?па? айтып беремін.
Еркелеткен жаным деп,
Арда?тым да асылым,
?астерлеймін ?адірлеп,
?рбір талын шашы?ны?
- Балалар, Медет анасын е? жа?сы адам деп жатыр. Сендерді? аналары? ?андай?
- Е? с?лу, е? ?демі, е? а?ылды, е? ?айырымды, е? парасатты, е? байсалды,е? инабатты, е? ?ам?ор, е? білімді, е? керемет.
Десек те уа?ытпен жарыспайды,
?иял?а ?иялменен ?арыштайды.
Ш?кірттер шын ж?ректен тебіреніп,
Жырларын аналар?а ба?ыштайды.
Олай болса  ш?кірттері?ізді? аналар жайлы ?ле? шума?тарын ты?дайы?.
Н?рлан:
Мейірімі?нен н?р алдым
К?н н?рынан жарал?ан
Аяулысы адамны?
Жа?ын кім бар ана?нан.
?уаныш:
Аяла?ан анамыз
Саяла?ан панамыз
Шынары боп ?семіз
Шыра?ы боп жанамыз.
Ринат:
Ана бізді? к?німіз
Ананы? біз г?ліміз
?ландарды ?уантып
?за? ?мір с?рі?із.
Мейірбек:
Шешем мені? жа?сы адам
Ма?ан а?ыл айтады
Базар?а да ба?ша?а
?зі апарып ?айтады.
Бердібек:
«К?нім», «Жаным» дегенді
«??лынша?ым» дегенді
«Бота?аным» дегенді
Ойлап тап?ан аналар.
Н?рлыбек:
Ер жеткізіп елге берген баласын,
А?ылдысы?, арда?тысы?, данасы?
?арайтыным ?ас-?аба?ы? бір сені?,
?айраты?нан ?айта к?рме анашым.
Арман:
 «Ана» деген с?зді де
«?ке» деген с?зді де
«Ата» деген с?зді де
Ойлап тап?ан балалар.
М??алім:
- Бірде Жиренще шешен к?шеде келе жат?ан бір баладан «Е? т?тті не?» «Е? ж?мса? не?» деп с?ра?ан екен. Сонда бала не деп жауап беріп еді естері?е т?сірі?дерші.
- Е? т?тті ананы? с?ті, е? ж?мса? ананы? ала?аны дегендей сіздермен «Ананы? ала?аны» деген ойын ойнаймыз. ?азір сіздер к?здері?ізді байлап аналары?ны? ?олын сипап ж?ріп тауып алулары?ыз керек.
К??ілі? Алатауды? а? ?арындай,
Мейірімі? к?нні? шуа? ша?тарындай.
?алайша аяулы ана тына алармын,
                                  ?н болып са?ыныштан а?тарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ?ырмызы ?ыздарымызды? ??рметіне  Жа?сылы? Елікайды? орындауында?ы «Анашым» атты ?нін ?абыл алы?ыздар.
Мы? б?ралып билеген
Аруды кім с?ймеген
К?міс к?мей арулар?а
                                              Кімдер басын имеген – дей отырып келесі кезекті ?ыздарды? «Тау-тау»  биіне береміз.
Аяулысы?, ауылымны? асылдары,
Жайнасын к??ілдерді? жасыл ба?ы.
Сендер ?шін ?н менен к?й, ?ле? мен би,
                                 Сендер ?шін мереке шашулары,- дегендей алдары?ызда ?ыдырбай А?маралды? орындауында «Мереке» ?ні. ?абыл алы?ыздар!
Те?іздей тербетіліп к?л бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
А??удай ?алы?та?ан те?іздегі,
                                        Бишілер ?нерлерін к?рсетуде.- алдары?ызда сынып о?ушыларыны? «Флешмоб» биін ?арсы алы?ыздар.
Ойын:  «Балалы? ша?ты еске т?сіру»
Аналарымыз да бір с?т ?зіні? бала к?ндерін еске т?сірсін.
(Балалар?а 1 ста?ан шай мен ?асы? береді. Балалар ?асы?пен аналарына шай береді. «Кім жылдам»)
Сіздерден ?скен балалар
Батырлар мен даналар.
??тты?таймыз мейраммен,
                                         ??рметті абзал аналар,- дей келе о?ушыларды? орындауында хор «Мама» ?ні.
- Анамыз жатса да т?рса да баласыны? ?амын ойлап ж?реді. Бар жа?сылы?ты баласына тілейді. Сол тілектерін о?ушыларымыз ?ле? шума?тарымен жеткізгісі келеді.
Аружан:
?мірімні? шырайысы?
К??ілімні? К?н, Айысы?
?зі?сі? ?мыттыр?ан
Жанымны? м?? ?ай?ысын.
Асылжан:
Сен мені? барлы?ымсы?
Ба?ытым, байлы?ымсы?
Иілмес болат болсам
Сен ?шін майырыл?ышпын.
Азиза:
Жусын деп н?р ж?зі?ді,
Жансын деп ж?лдызы?ды
Ба?ытты тірлігі?ді,
Тілеймін к?ндіз-т?ні.
Жанат:
?зі?сі? жаным мені?,
Ма?дайда ба?ым мені?
Сен барда ?андай м?нді
Ат?ан ?р та?ым мені?
Айзада:
?н ?атасы? бал тілмен
Еркелеймін ?р к?н мен
??тты?таймын анашым
Сегізінші Наурызбен!
Айман:
Баланы? да тірегі
Даланы? да тірегі
Шаршамасын еш?ашан
Аналарды? ж?регі
Жанарай:
Ала?аны а? самал
М?пелеген жан анам
К?кте к?нім батса да
?зі? к?нсі? бала?а.
Шолпан:
Те?десі жо? данасы?
Ар?а т?тар панасы?
Е?бегі?ді а?тайын
Аман болшы анашым.
- Мы? б?ралып билейтін ?л, ?ыздары?ызды? орындауында «Вальс».

??рметті ?она?тар, бізді? «Сыйынар ем Ана деген т??ірге» атты мерекелік кешімізді к??іл ?ойып тамашала?андары?ыз?а к?п-к?п рахмет.
Деме?із біз ?нерді аяп ?алды,
Мезгіл де біраз жерге таяп ?алды.
?ош болып т?ры?ыздар к?ріскенше,
Осымен концертіміз ая?талды.
Сау –саламатта болы?ыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып са?ат та?ырыбы: "Сыйынар ем Ана деген т??ірге"»

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

Мақсаты: Ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы ұстаздарды, аналарды , аруларды мерекемен құттықтау. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілегі: шарлар, гүлдер, нақыл сөздер

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Ата-аналарды, қонақтарды қарсы алу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ. Кіріспе.

Жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ата-аналар, ұстаздар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!

Көрініс:

Сахнаға Медет жылап кіреді.

- Неге жылайсың балақай?

- Анамнан адасып қалдым.

- Анаң қайда кетіп еди?

- Дүкен аралап кеткен.

- Жарайды, жылама енді. Екеуіміз бірге іздейміз. Табамыз қазір. Сенің атың кім өзі?

- Медет.

- Қандай әдемі есім.

- Анаң қандай адам еді?

- Менің анам дүниедегі ең жақсы адам!

- Онда жақсы. Қазір екеуіміз осы арадағы жандардың арасынан ең жақсы адамды іздеп табайық.

- Жарайды.

Адамдардың арасынан көзімен анасын іздеп табады да:

- Анашым! Әне менің анам! Ол ешкімге де ұқсамайды сұлу, әдемі әрі ең жақсы адам-деп анасын ортаға ертіп шығады.

- Анашым, енді ешқайда кетпеңізші. Мен сізге тақпақ айтып беремін.

Еркелеткен жаным деп,

Ардақтым да асылым,

Қастерлеймін қадірлеп,

Әрбір талын шашыңның

- Балалар, Медет анасын ең жақсы адам деп жатыр. Сендердің аналарың қандай?

- Ең сұлу, ең әдемі, ең ақылды, ең қайырымды, ең парасатты, ең байсалды,ең инабатты, ең қамқор, ең білімді, ең керемет...

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды.

Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

Нұрлан:

Мейіріміңнен нәр алдым

Күн нұрынан жаралған

Аяулысы адамның

Жақын кім бар анаңнан.

Қуаныш:

Аялаған анамыз

Саялаған панамыз

Шынары боп өсеміз

Шырағы боп жанамыз.

Ринат:

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Мейірбек:

Шешем менің жақсы адам

Маған ақыл айтады

Базарға да бақшаға

Өзі апарып қайтады.

Бердібек:

«Күнім» , «Жаным» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Ботақаным» дегенді

Ойлап тапқан аналар.

Нұрлыбек:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым.

Арман:

«Ана» деген сөзді де

«Әке» деген сөзді де

«Ата» деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар.

Мұғалім:

- Бірде Жиренще шешен көшеде келе жатқан бір баладан «Ең тәтті не?» «Ең жұмсақ не?» деп сұраған екен. Сонда бала не деп жауап беріп еді естеріңе түсіріңдерші.

- Ең тәтті ананың сүті, ең жұмсақ ананың алақаны дегендей сіздермен «Ананың алақаны» деген ойын ойнаймыз. Қазір сіздер көздеріңізді байлап аналарыңның қолын сипап жүріп тауып алуларыңыз керек.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Жақсылық Елікайдың орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген – дей отырып келесі кезекті қыздардың «Тау-тау» биіне береміз.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей алдарыңызда Қыдырбай Ақмаралдың орындауында «Мереке» әні. Қабыл алыңыздар!

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.- алдарыңызда сынып оқушыларының «Флешмоб» биін қарсы алыңыздар.

Ойын: «Балалық шақты еске түсіру»

Аналарымыз да бір сәт өзінің бала күндерін еске түсірсін.

(Балаларға 1 стақан шай мен қасық береді. Балалар қасықпен аналарына шай береді. «Кім жылдам»)

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар,- дей келе оқушылардың орындауында хор «Мама» әні.

- Анамыз жатса да тұрса да баласының қамын ойлап жүреді. Бар жақсылықты баласына тілейді. Сол тілектерін оқушыларымыз өлең шумақтарымен жеткізгісі келеді.

Аружан:

Өмірімнің шырайысың

Көңілімнің Күн, Айысың

Өзіңсің ұмыттырған

Жанымның мұң қайғысын.

Асылжан:

Сен менің барлығымсың

Бақытым, байлығымсың

Иілмес болат болсам

Сен үшін майырылғышпын.

Азиза:

Жусын деп нұр жүзіңді,

Жансын деп жұлдызыңды

Бақытты тірлігіңді,

Тілеймін күндіз-түні.

Жанат:

Өзіңсің жаным менің,

Маңдайда бағым менің

Сен барда қандай мәнді

Атқан әр таңым менің

Айзада:

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен!

Айман:

Баланың да тірегі

Даланың да тірегі

Шаршамасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Жанарай:

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан анам

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаға.

Шолпан:

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым.

- Мың бұралып билейтін ұл, қыздарыңыздың орындауында «Вальс».



Құрметті қонақтар, біздің «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау –саламатта болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сынып са?ат та?ырыбы: "Сыйынар ем Ана деген т??ірге"

Автор: Бисен?алиева ?сел Ны?метжан?ызы

Дата: 14.01.2016

Номер свидетельства: 276467


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства