kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су. Суды? к?йі

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?Т?БЕ ОБЛЫСЫ ШАЛ?АР ?АЛАСЫ ?.ЖАНГЕЛДИН АТЫНДА?Ы ОРТА МЕКТЕПТІ? БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМІ АЙЕКЕШОВА Г?ЛМИРА С?БИТ?ЫЗЫ

Б?Л САБА? 2 СЫНЫП БОЙЫНША Д?НИЕТАНУ П?НІНЕН ?ТКІЗГЕН САБА?Ы. 

Б?Л САБА?  ТОПТАСТЫРУ ?ДІСІ БОЙЫНША ?ТІЗІЛДІ. БАРЛЫ? БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМДЕРІНЕ К?МЕК БОЛА АЛАДЫ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су. Суды? к?йі »

Күні: 21.11.2014

Пәні: дүниетану:

Сабақтың тақырыбы:Су.Судың күйі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға су туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру,
практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру
және қорытынды шығары білуге үйрету.
Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, суды
қорғауға тәрбиелеу.
Оқушылардың сөзік қорын дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, табиғатта кездесетін судың күйі, жұмбақтар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой-қозғау, миға шабуыл. Блум так-сы

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

ІІ. Миға шабуыл
Ауа қандай?
Түссіз мөлдір

Пішіні жоқ иісі болмайды
Ауа қандай жағдайларда ластанады?
- Табиғаттағы тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет екен солай ма?
- Ал қазақта мынадай сөз тіркесі бар «ауадай қажет» деген бұны қалай түсінесіңдер?
- Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін тағы не қажет деп ойлайсыңдар?
Олай болса тамақ, жарық, жылу, ауа бойынша тоқа бөлінейік

1 топ-тамақ

2 топ-жарық

3 топ-жылу

4 топ- ауа

Жаңа сабақ (білу)
Жұмбақ арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Өзенде, көлде өмір сүреді,

Аспанда қалқып жүреді.

Іші пысқан кездерде,

Жерге тамып түседі. (су)

Су туралы не білеміз?
Су туралы мазмұнды суреттер

Аудиотаспадан тыңдау

Жер бетінде ең көп таралған зат- су. Глобусқа қарасаң жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су: мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер.
Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Егер күн салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге , яғни қар мен мұзға айналады.
Судың күйі туралы жұмбақ арқылы шешеді.
1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)
3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)

Сергіту сәті
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы

Түсіну

Кітаппен жұмыс
Тәжірибе жасау (қолдану)

1 топқа-стакан, су, тарелке, кесе беріледі судың пішіні болмайтынын дәлелдеп айту.

2 топқа- су құйылған ыдыс және лимон судың иісі болмайтынын анықтайды.

3 топқа-су құйылған стакан мен, сүт құйылған стакан судың түсі болмайтынын анықтау

4 топқа- су құйылған стакан қасық, сүт құйылған стакан қасық судың мөлдір екенін анықтау

Шығармашылық жұмыс.(талдау)
I. топ. «Жер бетінде су жойылып кетсе, онда,,,,,» деген ойды аяқта
II. топ «Су» туралы мақал ойлап жазу мағынасын ашу

Су-тіршілік көзі.

Судың да сұрауы бар

Ағын су арнасын табады.

Су анасы-бұлақ
III. топ «Су» туралы тыйым сөздер жазу

ІV. топ суретке жан бітіру

Қорыту: (жинақтау)

Кесте арқылы

Пайдасы Зияны



Рефлексия смайликтер арқылы

Бағалау

Үйге тапсырма









II. топ «Су» туралы мақал ойлап жазу мағынасын ашу
III. топ «Су» туралы тыйым сөздер жазу

6.«Ойлайық та ойнайық»
Берілген өлеңнің ұйқасын табу
Су дегенің немене?
Достым білгің

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.
Сабақтың мақсаты: Су пайдаланудың адамдарға тигізетін пайдасы мен кері әсері және одан құтқарудың тиімді әдістері туралы оқушыларға түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Көрнекілігі: суреттер, буклеттер, мақал-мәтел жазылған плакаттар, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: ана-тілі, қазақ-тілі.
Әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Түрі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезең: Оқушыларды түгендеп, оларды сабаққа даярлау.
2) Үй тапсырмасын пысықтау.
1-Сұрақ. ауаның табиғаттағы пайдасын айт.
2-Сұрақ. Адам өміріне ауаның пайдасын дәлелде.
3-Сұрақ. Өсімдіктер тіршілігіне ауаның керектігі жайында айт.
4-Сұрақ. Жануарлар тіршілігіндегі ауаның маңызы.
3. Жаңа материалды меңгерту
1-сұрақ Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?- Су.
2-сұрақ. Сусыз тіршілік жоқ. Неге?
Оқушылар жауабы.
Мұғалім: Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
1 Ой қозғау. Мақал. «Сулы жер – нулы жер». Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? (оқушылардың өз ойын тыңдау) сурет

Мұғалімнің түсініктемесі: Cу тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста, егістікте, өндірісте пайдалануға қажет. Жер бетінің 23-нен астамын су алып жатыр. Бірақ оның 98%- ы пайдалануға жарамсыз. Теңіз, мұхит сулары ащы. Жер бетіндегі судың 2%- ы ғана тұщы су. Жер шарының 60%-нда тұратын адамдар тұщы су аз болуынан зардап шегуде. Мысалы, Грецияның Афины және Персияға жақын аудандарда ауыз су жеткіліксіз. Югославияға су кемемен жеткізіледі. Біздің елімізде су жеткілікті. Бірақ сол суды біз ластанудан қорғауымыз керек. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан ауыз су бүлінуде. Суда улы заттар өте көп. Судың ластануы денсаулыққа зиян.

2. Мәтінмен жұмыс. Судың пайдасы туралы әңгімелеу.
3. Тіл дамыту. Судың қасиеті туралы әңгімелеу.

4. Ойын. «Кім көп біледі?» Су туралы мақал-мәтелдер айту.
- Судың да сұрауы бар.
- Сулы жер – нулы жер.
- Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.
- Су тіршілік көзі.
Ой жинақтау:
- Балалар, сусыз тіршілік жоқ дедік. Су біздің байлығымыз. Оған қамқорлықпен қарау әр адамның міндеті. Ендеше, балалар, суды қорғау үшін не істеу керек? Сендер қандай үлес қосар едіңдер? (Сызбамен жұмыс
- Суға байланысты қандай өлең білеміз балалар? (Ана тілі. Е. Өтетілеуұлы «Су»)
Ой толғау. Еркін жазу стратегиясы. «Су тіршілік мекені». Оқушылар су туралы өз ойларын жазды.
1 – оқушы: Сусыз өмір жоқ. Су адамға, жан-жануарларға, құстарға керек. Су болмаса тіршілік болмайды. «Судың да сұрауы бар» деген мақал бар
2-оқушы: Су – тіршілік көзі. Сусыз тірі табиғат өмір сүре алмайды. Су өмірдің байлығы. Суды босқа ағызбауымыз керек. Суды қорғау адамның міндеті.

5. Тәжірибе. Судың қасиеті.
1. Екі ыдысқа су мен сүт құйып салыстыру 1. мөлдір, 2. түссіз, мөлдір, иіссіз. 3. сұйық, жұғады, жабысқақ, пішіні жоқ.
Табиғатта су барлық жерде әр түрлі кездеседі. Табиғатта су өте көп. Ол біздің тіршілігімізге өте қажет.
Сұрақ. Суды қандай жерлерде кездестірдіңдер? (Көл, өзен, тоған, құдық, жаңбыр суы)
6. Оқулықпен жұмыс.
Теріп оқу
Су ағады, себебі ол сұйық. Ол жан-жағына ағады оның орнында дымқыл сулы із қалады, яғни су жұғады
Тәжірибе. Шүберекті сулау арқылы судың буға айналуы туралы айту.
Сұрақ. Қыста өзеннің үстін мұз басады. Мұз қайдан пайда болады? Суықта су қатып мұзға айналады..
7. Алгоритм сұрақтар. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып жазады.
- Не? (Су)
- Қандай? (Түссіз, мөлдір, ащы, тұщы)
- Түрлері (Өзен, көл, теңіз, жауын-шашын, мұз, бұлт, бұлақ)
- Зиянды заттар (Қоқыс, өндіріс қалдықтары, шайынды сулар)
- Пайдасы (Көлік, тазалық, ауыз су, өсімдік).
Қорыту: «Сусыз – тіршілік жоқ» деп сабақты қорыту.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1. Мәтінді оқу, мазмұндау2. Сабақта қолданылған жаңа сөздер: сұйық, ағады, қатады, ериді сөздерін пайдалана отырып сөйлем құрау.



Дүниетану 2 сынып 
Тақырыбы: Су. Судың қасиеті. 
Мақсаты: Оқушыларды судың қасиеттерімен таныстыру. 
Міндеттері: 
1. Тәжірибелер арқылы судың қасиетін бөліп тізіп айту, судың жағдайын дәлелдеу (сұйық, газ тәріздес, қатты) және мысал келтіру. 
2. Тілдерін, ой-өрістерін дамыту, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. 
3. Топпен жұмыс істей отырып оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас 
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, көрнекілік 
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі 
Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, оқулық, су және сүт құйылған ыдыстар, үлестірмелі-қима қағаздар, тақырыпқа сәйкес суреттер мен слайдтар, глобус. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Сәлем саған алтын күн, 
Сәлем саған көк аспан, 
Сәлем саған туған жер, 
Сәлеметіз бе, қонақтар! 
ІІ. Бақылау күнделігімен жұмыс. 
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 
Топпен жұмыс. Тапсырма . Әр топ өз жұмыстарын талқылайды және көрсетуге дайындалады. 
1-топ: Резенкелі доп неге көп секіреді, дөңгелекті тартқан кезде қолданылатын ауаның қасиеті. 
2-топ: Неге қыста терезелерді бекіту керек және орман жануарлары қыста неге тоңбайды? 
3-топ: Ауаның өртті қолдайтынына мысалдар келтіру. 
4-топ: Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Дәлелде. 
5-топ: Ауа қалай ластанады? 
6-топ: Ауа таза болу үшін не істеу керек? 
ІҮ. Жаңа сабақ 
1. Жұмбақ шешу: 
Жылт-жылт еткен, 
Жырадан өткен. (Су) 
2. Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты. 
- Бүгін біз су, судың қасиетімен танысамыз. 
- Балалар, бүгін сендердің сабақтарына қонаққа Тамшы келді. 
Сендер қалай ойлайсыңдар, жер бетінде су көп пе? Ол үшін глобусқа қарайық. Ғарышкерлер ғарыштан жерімізді осындай ғып көреді екен. Глобусты тез айландырсақ, ол бір түсті боп көрінеді екен. Өйткені су жеріміздің 3/4 бөлігін алады екен. 
3. Оқулықпен жұмыс: 41-42б. Асан туралы оқу, талдау. 
4. Оқылымнан кейінгі сұрақтар. 
а) Су шығып жатқан жерді қалай атайды? 
ә) Бұлақтың маңындағы табиғат неге ерекше әдемі болады? 
б) Сендер қалай ойлайсыңдар, кез келген ағынды суды ішуге бола ма, ал бұлақтан неге ішуге болады? 
в) Асан судың қандай қасиетін тапты? 
- Судың тағы қандай қасиеті бар екенін білу үшін біз оны тәжірибелер арқылы анықтаймыз. 
Ү. Практикалық іс-әрекет: 
1-тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт-ақ, ал су – түссіз. 
2-тәжірибе. Осы екі ыдысқа қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге? Иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз. 
3-тәжірибе. Бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, сұдың тұрақты пішіні болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. 
Суды беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол сұйық. Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді. 
- Балалар, білесіңдер ме Африкадағы балалар сендерге неге қызығады? Өйткені сендер су бетімен жүре аласыңдар, ойнай аласыңдар. (Қыс кезінде) 
Экраннан қыстағы өзен көрсетіледі. Судың үш күйі. 
- Су үш күйде болатын дүние жүзіндегі жалғыз жат. 

ҮІ. Бекіту. Топпен жұмыс. 
- Тамшы сендерге мына парақтарға судың қандай қасиетібар екенін жазуды ұсынады. 
ҮІІ. Қорытындылау. 
- Балалар, Тамшыға көмектесейікші. Мына сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырайық. (нәрі, тіршілік, су-) 
Су – тіршілік нәрі. 
Неге солай айтамыз? 
- Жарайсыңдар, балалар. Біз Тамшыға көмектестік. Бірақ, ол сендермен қоштаспайды. Келесі сабақта тағы да кездесеміз дейді. Ол үшін үйде 41-44 бетті оқып, мазмұндап келеміз. Бағалау







Дүниетану. 2 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Су. Судың қасиеті».

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру.

  2. Оқушылырдың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту.

  3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, тәжірибе.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, сызбалар, ыдыс, су, сүт, қасық, үлестірмелі қағаздар. т.б.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 2 слайд

Бүгін қай күн? (Сәрсенбі) Қайырлы күн балалар,

Ертең қай күн? (Бейсенбі) Қайырлы күн, мұғалімдер

Оят онда Сәрсенді, Тыныш болып түніміз

Оят онда Бейсенді Ашық болып күніміз

Сабағынан қалмасын. Сәттілікке толсын – ай.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

  • 1. Ауаның негізгі қасиеттерін айтыңдар?

  • Ауаның тіршіліктегі пайдасын айтыңдар?

  • Ауаның шаруашылықтағы маңызы жайында не білдіңдер?

  • Не білдік? Не үйрендік? т.б.

III.Жаңа сабақ. 1. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу. 3 слайд

Өзенде, көлде өмір сүреді,

Аспанда қалқып жүреді.

Іші пысқан кездерде,

Жерге тамып түседі. (су)

2. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді 2-3 оқушыға оқыту. 4 слайд

- Асан судың қандай қасиетін анықтады?

- Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?

- Бұлақ жағасы неге ерекше әдемі?

- Адаммен судың байланысы туралы әңгімелеп беріңдерші?

3. Судың қасиеті. Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма? оны білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік. 5 слайд

1 – тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсақ, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Оның себебін кейін білеміз. су – мөлдір. Оны анықтап көрейік.

2 – тәжірибе. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?

- Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар? Суды искеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз. 6 слайд

3 – тәжірибе. Кесеге, шыныға, сатаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. – Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. Суды кез – келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан – жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.

  • Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орныда дымқыл, сулы із қалды, олай болса су жұғады екен. Бірақ артынша олда жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малсаң, ол су-су болады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланыңдаршы оның бойындағы су қайда кетеді? Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласты.

  • Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Қыста оның үстінен конькимен, шанамен сырғанайсың бұл мұз қайдан пайда болды? қысқы суықта қатып, мұзға айналады. 7 слайд

  1. – Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?

  • Топыраққа сіңіп кетті. (Оқушылар өздері қорытып айтып кетеді)

Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Су – сүзгіш.

- Судың тағы бір кереметі – ол жер бетіндегі үнемі тынымсыз айналыста жүретіні.

Оқушылар алдында сұрақ туындайды. Олар өздері жауап іздейді.айд) 8 слайд


4. Оқулықпен жұмыс. Ш.Ахметовтың өлеңін оқып, жұмбақты шешу.

9 слайд. Глобуқа қараңдар, ғарышкерлер ғарыштан осылай көреді. Бұны тез айналдырсақ тек көк түс қана сияқты, көк түспен жер бетіндегі өзен, көл, мұхиттар бейнеленген. Яғни жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр .

10 слайд Су туралы статистикаға сүйенсек жер бетінің 71% пайызын су алыпжатса, 29 % пайызы ғана құрлық екен.

12 слайд. Судың қасиетіне жататындардың астын сыз.

Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады.

13 слайд. Дұрыс пікірді бағыттауыш сызықпен қос:

Ерігенд судың мұзға айналуы
Қатқанда судың буға айналуы
буланғанда мұздың суға айналуы

14 слаид Оқушыларды үш қатарға бөлу тапсырма беру.

1 – қатар «Су – тіршілік көзі» әңгіме (эссе) жазу.

2 – қатар. Су туралы мақал – мәтел айт.

3 – қатар. Су туралы қандай тыйым сөз білеміз.

15 слаид. Су дегеніміз не? Мына суреттерге қарап қандай ой түйуге болады?

16 слаид Мына суреттегі берілген жағдайлардың қайсысы судың ластануына қатысты.

Жер бетіндегі судың таза болуы онда тіршілік ететін адамдарға қатысты.

17 слаид Судың қажеттілігі.

18 слаид Судың пайдасы және зияны.

19 слаид. Самаурынның шайы қайнағанда неге азаяды.

5. Сұрақ тапсырмаларды орындау.

    • Судың бүкіл қасиеттерін (аққыш, жабысқақ, жұққыш, пішінсіз) талдап түсірдір.

    • Судың түсі жайында берілген тәжірибелері қорытындыла.

    • Су – бу – мұз. Осы үшеуін байланыстырып әңгімеле.

    • Күнделікті өмірден судың қасиеті жайында байқағандарыңды айтыңдар.

    • Самаурындағы шай қайнағанда азайып ортаяды. Неге?

IV.Қорытынды. 20 слаид.

  • Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

  • Не білдік? Не үйрендік? т.б.

V.Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.

VI.Үйге тапсырма беру. 41 – 44 бет оқу. Су туралы тыйым сөздер жазу, жаттау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Су. Суды? к?йі

Автор: АЙЕКЕШОВА ГУЛМИРА С?БИТ?ЫЗЫ

Дата: 29.11.2014

Номер свидетельства: 136958

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Аялай біл сен деп со??ан ж?ректі 7 сынып "
    ["seo_title"] => string(47) "aialai-bil-sien-diep-sok-k-an-zhuriekti-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "243345"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445701199"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "к?н астында?ы к?некей ?ыз жобасы"
    ["seo_title"] => string(31) "kunastyndagykuniekieikyzzhobasy"
    ["file_id"] => string(6) "295879"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455885460"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1770 руб.
2530 руб.
1770 руб.
2530 руб.
1700 руб.
2430 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства