Жаңа тақырыпқа байланысты видео көрсету. Жаңа тақырыпты ашу «Миға шабуыл» әдісімен өтеді: -Балалар осы видеоны көре отырып, бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар? -Қандай спорт түлерін білесіңдер? -Қандай спорттық жарыстарды атай аласыңдар? Сабақ мақсаты жария етіледі. Денсаулыққа байланысты кітаптан QR кодпен «Денсаулық әліппесін» тыңдатамын. Денсаулыққа байланысты сұрақ-жауап әдісін пайдалану: -Балалар, деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? -Сендер күн тәртібін сақтайсыңдар ма? Сөздік жұмыс Спорт-спорт-sport Спорттық сайыс-спортивные соревнования - sport competitions Топпен жұмыс «Бәйге» тобы Кластер құру Берілген сөздердің ішінен спортқа байланыстысын ғана жабыстыру. «Толағай» тобы «Пазл» әдісі Футболға байланысты суретті құрап, жабыстыру. «Жалын» тобы Атақты спортшылардың аты-жөндерін жазу. «Пантомимо» ойынын ойнайды. Бір оқушы шығып, қимыл қозғалыс арқылы қандайда бір спорт түрін көрсетеді. . Сынып оқушылары ол спорт түрін атайды. Сергіту сәті Видео қосылады, оқушылар орындайды. Топпен жұмыс «Бәйге» тобы Спорт түрлерін ажырату Берілген суреттерден жазғы және қысқы спорт түрлерін ажырату. «Толағай» тобы Мақал-мәтелдерді жалғастыру. Спортқа байланысты мақал-мәтелдер беріледі, сол мақал-мәтелдерді толықтару. «Жалын» тобы Жұмбақ шешу, жауабын үш тілде айту. Спортқа байланысты жұмбақтар беріледі, сол жұмбақтардың жауабын үш тілде айтады «Кезбе тілші» әдісі. -Сен қандай спорт түрімен айналысасың? -Бұл спорт түрі сенен нені талап етеді? - Өскенде кім болғың келеді? Спорт үйірмелеріне қатысып жүрген балалардан сұхбат алады. |