Күні: 15.05.2019 Сынып: 1 «В» | ІТ мектеп-лицей Мұғалім: Ауенова Г.З |
Сабақтың тақырыбы | Спорт-денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу 1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер құрастыру, жазу |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: заттың қимылын білдіретін сөздерді басқа сөздерден ажырата алады. Көбі: иллюстарция бойынша болжап мәтін құрастрып айта алады Кейбірі: суреттерге сөйлемдер құрастырып, өз бетімен жаза алады |
Жетістік критерийлері | Заттың қимылын білдіретін сөздерді басқа сөздерден ажырату. Иллюстарция бойынша болжап мәтін құрастрып айту Суреттерге сөйлемдер құрастырып, өз бетімен жазу |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Спорт-денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут | «Таңғы жаттығу» тапсырмасы - Көңілдерің қандай болды? - Денелеріңде не сезілді? - Бұл жасағанымыз не деп аталады? - Қандай қимылдар жасадық? - Таңғы жаттығулар спорт түріне жата ма? Оның пайдасы бар ма? - Сыныбымызда спортпен айналысатын балалар бар ма? - Бұл туралы Әли мен Мерей не ойлайды екен ? Диалогтан оқып білейік. (Оқушылар орындарына отырып, оқулықтың 80-бетін ашады) | Шаттық шебері Қимылды білдіретін сөздер тақтаға ілінеді. тұрды керілді босатты созды бұрылды отырды еңкейді тиді түзейді қадам басады тоқтады демалды жіберді |
3 минут | «Әли мен Мерей диалогі» тапсырмасы Екі оқушы диалогты нақышына келтіріп оқиды. Диалогтағы сұрақ бойынша оқушылардың ойы тыңдалады | Оқулық |
3 минут | «Бәрін білгім келеді» ойыны Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтар жетегімен жаңа тақырыпты, мақсатын тауып, айтады. Мұғалім: - Ал бүгін айтып жатқан сөздеріміз нені білдіреді? ( тақырып ілінеді) Сабақ мақсаты қандай болады? Сұрақтары қандай? (сұрақтары ілінеді) Ерекшелігі неде екенін білгілерің келе ме? (тақтаға ілуге дайындалады) | Сөйлейтін қабырғаға оқушылардың жауап беруіне байланысты сабақ тақырыбы, сұрақтары мен ерекшелігі ілінеді. |
5 минут 13 мин | «Сөйлем құра» тапсырмасы Тапсырманы орындамас бұрын балалар күнді жазады. Оқушылар қабырғада ілулі тұрған сөздерді қатыстырып, тақтаға, дәптерге көркем етіп 3 жай сөйлемді жазады. Қимылды білдіретін сөздердің тұрған орнына назар аударады. Мұғалім: Қандай ерекшелік байқадыңдар? (Қимылды білдіретін сөздер сөйлемді аяқтап тұрады, яғни сөйлем соңында тұрады) | Қабырғадағы сөздер |
5 минут | Оқулықпен жұмыс 1.1-жаттығу мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру. Балалар қимылмен көрсетіп тапсырманы орындайды. Қарамен жазылған сөздерге назар аударып, сұрақ қою тапсырылады. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы ереже шығару, оқулықтағы нұсқамен салыстыру. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
6 минут 24мин | Топтық жұмыс Әр топқа суреттер беріледі Тапсырма: Сурет бойынша мәтін құрастыру. Әр топ мүшесі ауызша бір-бір сөйлемнен айтып шығады | Сюжетті суреттер |
Сергіту сәті 2 минут | «Мұқият бола аласың ба?» ойыны Музыкаға оқушылар мұғалімнің көрсеткен сөзін қимылмен көрсетеді. | Оқулық, дәптерлер. |
5 минут | 2-жаттығуды дәптерге көркем етіп жазу, қимылды білдіретін сөздердің астын екі рет сызу. Неге сызғанын оқушы дәлелдейді. | Оқулықпен жұмыс |
3 минут 34 мин | «Суретті жұмбақ» тапсырмасы Әр топқа бір жұп беріледі, олардың қайда бара жатқанын айтып, өз ойларын дәлелдеу қажет. | Оқулық |
Сабақтың соңы Кері байланыс | «Жеміс жинау науқаны» Оқушылар стикерге заттың қимылын білдіретін 5 сөзді жазады, себетке салады | Себет , алма стикері |
Рефлексия | Отыр, тұр, тара, бер сөздерін қимылмен көрсете алатын балалар сыныптың оң жақ бұрышына барады. (барлық оқушылар үшін) Арқалады, таңғалды, сыйлады сөздерін қимылмен көрсете алатын балалар сыныптың сол жақ бұрышына барады. (көбі үшін) Шабады, аралады, таласты сөздерін қимылмен көрсете алатын балалар сыныптың сол жақ бұрышына барады. (кейбірі үшін) | |