Алматы облысы,Панфилов ауданы ,Қожбанбет би атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі
Қожақова Қайша Тұрлықожақызы
Пән: Қазақ тілі 3-сынып Сабақ№ 80
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын пысықтау.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: сөз таптары бойынша алған білімдерін тиянақтау,сөз таптарын сөйлем
ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту.Өздігінен
қорытынды шығара білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Отанына деген сүйіспеншілік,
мақтаныш, ұлтжандық сезімін тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Іскерлік-ойын сабағы.
Сабақтың әдісі:Топтау, ой қозғау, сын тұрғысынан ойлау, семантикалық карта, « Бес жолды өлең»
стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Жалаушалар, слайдтар,сандықша,үлестірме кестелер, бағалау парақтары.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;. Психологиялық икем: Армысың, алтын Күн!
Армысың, туған Жер! Армысың, мектебім! Армысың, достарым! Армысыз, қонақтар!
2. Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі бекіту сабағымыздың тақырыбы: Сөз таптары.
Бүгін біз топтарға бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топ өзінің топ жетекшісін таңдап алсын. Топ жетекшілері ортаға шықсын.
- Топ жетекшілері жалаушаның астындағы сұрақтарға жауап беріп, өз тобының атауын алады.
1-топ сұрағы: Біздің еліміз қалай аталады?
2-топ: Қазақстанның астанасы қай қала?
3-топ: Астанада әлемге әйгілі, өзге елдерден ерекшеленетін не бар?
4-топ: Біздің туған ауылымыз қалай аталады?
1-топ: Қазақстан
2-топ: Астана
3-топ: Бәйтерек
4-топ: Степногорск
- Мына сандықшаның ішінде әр топтың қандай сөз табымен жұмыс істейтіні жазылған. ( топ жетекшілері сөз таптары жазылған қағазды алады.)
Қазақстан Астана Бәйтерек Степногорск
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
( Слайд №21) Топ жетекшілері тақтаға өз сөз табын жазады. Топ жетекшілеріне бағалау парағы таратылады.
4. Үй тапсырмасын пысықтау
Тапсырма: әр топқа кесте таратылады, оны толтыру керек
Сөз табы Зат есім Етістік Сын есім Сан есім Нені білдіреді
Сұрағы
Түрлері
Әр топтан бір оқушы шығып кестені оқиды.
4. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, біздің дәптермен жұмыс кезіндегі ұранымыз қандай?
Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық,
Дәптерімізді ашайық. Әдемі етіп жазайық.
1. Күннің ретін жазу.
2. Көркем жазу.
3. Терме диктант.
Асан, ойнады, үлкен, жылы, көк, жеті, бар, биік, өседі, елу, тоқсан, жазды, он алты, алма, жүгірді, балапан, әсем, Көкшетау.
Сергіту сәті. « Қарлығаш боп ұш »
4. Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу. Ауызша орындау. Жазылмаған сөздерге сұрақ қою.
2- жаттығу. Мәтінді оқу, сөз таптарын анықтау.
4- жаттығу. Суреттегі заттардың атын атау. Ол сөздерге сын есім
тіркестіріп жазу.
5. « Сәйкестендіру тесті » интерактивті тақтада
1. Зат есім қызық, әдемі, келбетті
2. Етістік үшінші, бесеу, жеті
3. Сын есім бала, ит, аға, кітап
4. Сан есім бер, айт, жүр, кет
6. Шығармашылық тапсырма. (Слайд №25)
Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.
Әр топтан бір оқушы шығады.
7. « Ой- толғаныс ». Семантикалық картамен жұмыс.
Сөз таптары Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Қазақстан
Жиырма
Толды
Егеменді
8. « Бес жолды өлең» стратегиясы / слайд №27-28/
Әр топқа бес жолды өлең жазуға сөздер беріледі.
1-топ.
Зат есім: Қазақстан.
Сын есім: тәуелсіз, егеменді.
Етістік: гүлденді, өркендеу.
Сезім білдіретін сөз: Жайнай бер Қазақстан!
2 – топ.
Зат есім: Отан, арман.
Сын есім: тәуелсіз.
Етістік: толады, орындалады
Сезім білдіретін сөз: Жасай бер Қазақстан!
3 – топ.
Зат есім: Ел, тілек.
Сын есім: бақытты, баянды.
Етістік: орындалады, армандады.
Сезім білдіретін сөз: Жиырма жыл толғаны!
Синоним: Туған жер.
4 – топ.
Зат есім: Ата-баба, Қазақстан.
Сан есім: Ғасыр.
Сын есім: тәуелсіз, егеменді.
Етістік: тіледі.
Сезім білдіретін сөз: Гүлдене бер мәңгілік
Әр топтан бір оқушыдан шығып, шығарған өлеңдерін оқиды.
9. Қорытындылау
Сын есім Сан есім
Зат есім Етістік
10. Бағалау парақтарын жинап алу.
11. Үйге тапсырма беру: Оқулықтан