Математика керек ?р к?нге,
Математика керек ?ркімге.
Есеп ?ажет ?мірде,
Есепсіз білім білім бе?!
Топ?а б?лу: 1-топ: Тап?ыр, 2-топ:Білгір, 3-топ:Ал?ыр, 4-топ:Ж?йрік, 5-топ:Зерек Топтарды орындарына отыр?ызып, сайысты? шартымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру. Оқушылардың математикадан алған білім біліктіліктерін қолдана отырып қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға үйрету. 2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілет, математикалық тілін дамыту 3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, шет тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты бес топқа бөлу.
Психологиялық дайындық.
Математика керек әр күнге, Математика керек әркімге. Есеп қажет өмірде, Есепсіз білім білім бе?! Топқа бөлу: 1-топ: Тапқыр , 2-топ:Білгір, 3-топ:Алғыр, 4-топ:Жүйрік, 5-топ:Зерек Топтарды орындарына отырғызып, сайыстың шартымен таныстыру.
«Бой жазу» сұрақтарға жауап алу. 1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар? 2. Қосуға кері амалды ата. 3. Бір аптада неше күн бар? 4. Партаның неше бұрышы бар? 5. Бүгін аптаның нешенші күні? 6. Шеңберде бұрыш бола ма? 7. 3 алма көп пе, әлде 3 алмұрт көп пе? 8. Біздің сыныпта неше қыз бар? 9. Сыныпқа қанша қонақ келіп отыр? 10. 2 + 2 қанша болады?
Демек бүгін сендермен санға 2-ні қосу, саннан 2-ні азайтуды өтетін боламыз. -2 саны қандай сан?(жұп сан) Слайд бойынша түсіндіру –Суретте нені көріп тұрсыңдар? Олар нешеу? Қане санайықшы. -Ағашта неше құс бар?- Нешеу келіп қонды? –Гүлде неше көбелек бар?-Нешеуі ұшып кетті? –Қояндардың саны нешеу? 2 қоян келіп қосылса неше болады? 1-тур: ( -минут)
Дәптермен жұмыс. №1 тапсырма
2+1 10-2
1+2 9-2
0+2 8-2
2+3 7-2
Сергіту сәті: Ән орындалады (Оқушылар жаттығу жасайды)
2-тур: ( -минут)
№2 тапсырма Есептер шығару
Қорада 6 қозы және 2 лақ жүр.Барлығы нешеу?
3-тур ( -минут)
Топпен жұмыс : геометриялық фигураларды торкөздерге орналастыру
Топ басшылар сайысы: Кім шапшаң? 1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? 2. Бес баланың аяғы нешеу 3. Бес қойдың басы нешеу? 4. Үш адамның қолы нешеу? 5. Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті неше болады? 6. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян 7. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам
Әр топтың асықтарын санау. Қай топтың жеңіске жеткенін айту.
Сабақты бекіту:
1-топ. Ағаш бұтақтарына 2-ге байланысты қосынды жазу.