Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы ) 1- топ «Денсаулық» Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 2-топ Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін: І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру . V- Мимикалық ойын (Кракодил) VI -Сұрақ-жауап: І-тапсырма бойынша: «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут) топ: 1. Д...... і (дәрі) 2. в...та...н (витамин) 3. ....ны.....у (шынығу) 4. с....ау......т (салауат) 2- топ: 1. Г...и...на (гигиена) 2.ту...ку....ез (туберкулез) тұ......у (тұмау) 4. д... ау.... қ (денсаулық) Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады. ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел. ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ 1.Денсаулық зор байлық. 2.Тазалық — саулық негізі. 3.Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық 4.Аурудың алдын ал. 5.Демі бардың емі бар. 6.Көзің ауырса, қолынды тый, Ішің ауырса, тамағың тый. 7.Көкірек ауру күле кетер. 8.Ауру аздырады, Суық тондырады. 9.Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес. 10.Ауру батпандап кіріп, Мысқалдап шығады. Мақал мәтелдің жалғасын тап: 1.Дауды елемеген төлейді, Ауруды елемеген өледі. 2.Іздеп алған аурудың емі табылма -Ендігі тапсырма «Жұптық жұмыс» -Өздеріңе таратылған суреттегі әрекеттердің дұрыс бұрыстығын ажыратыңдар. Денсаулыққа пайдалы-зиян жағын жазыңдар. -Жақсы, балалар, Бәріміз бірігіп денсаулық қалашығына саяхатқа шығайық. Ол қалашықта станцияларға тоқтап, сол сол станцияның тапсырмаларын орындайық. | Оқушылар топқа бөлініп ,ұрандарын айтады. Тапсырмаларды орындап,сабаққа белсене араласты. Түсіп қалған әріптерді орнына қояды Жауабы: жеке бас гигиенасы, оқулықтардың ұқыптылығы, киім реттілігі, үй тазалығы, ыдыс -аяқтың таза болуы. Жұптасып жұмыс жасайды. |