Просмотр содержимого документа
«Сайыс сабак презентация»
Тақырыбы : «Мемлекеттік тіл- қазақ тілі»
Мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын , ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерңн сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі : танымдық ойын.
Көрінекілігі: суреттер кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.
ІІ Негізгі кезең. Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Мемлекеттік тіл- қазақ тілі » атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.
Қадір Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің бастауыш сыныптар арасындағы «Мемлекеттік тіл- қазақ тілі » атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Сайыс 8 кезеңдерден тұрады:
Таныстыру.( топтың ұраны )
Дода
Сөз мәйегі- мақал.
Кім жылдам ?
Әріптер сайысы.
Сен білесің бе?
Ойлан тап.
Өнерпаз болсаң.
Сайыскерлердің білімін таразылап өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділ қазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік сандарын белгілеп алулары қажет. Сайысқа 3 «а», 4«а» сынып оқушыларынан бес адамнан құралған екі топ қатысады.
Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық - деп , кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
І Кезең «Таныстыру»
І топ: Ұлан тобы
Қалықтап көкке жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің « Ұлан»
Ұранымыз: Біз алғырмыз,намысты қолдан бермейміз.
ІІ топ «Қыран »
Шығарар намыс топты алдан ,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің «Қыран»
Ұранымыз:Қырандай самғаймыз,қарсы топқа сәттілік !
ІІ кезең «Дода» бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ таратылып беріледі. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз , дұрыс әрі жылдам жауап беруі керек.
І топ: Ұлан тобына
1.Қазақ әлібиінде неше әріп бар? «42»
2. ҚР мемлекттік тілі қай тіл? «қазақ тілі »
3. Қыста не жауады? «қар»
4. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады «жылдам»
5.Күздің бірінші айы..... «қыркүйек »
6. Тұрлаулы мүшелерге не жатады. «Бастауыш, ьаяндауыш»
7. Абай Құнанбаевтың шын аты кім ? «Ибраһим »
8. Бір тәулікте неше сағат бар? «24 сағ»
9. Наурызда пісірілетін басты тағам? «Наурыз көже»