Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы: Алғырлар мен тапқырлар ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы: Оқушыларды сайыстың кезеңдерімен таныстыру
I Ширату Таныстыру ұраны
II Кім жылдам? Сұрақ-жауап
III Егерде сен
IV Бұл кім?
V Жалғасын тап
Бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (таныстырылады)
Ойыншыларымыз дайын болса I-кезең Ширатуға кезек берсек Әр топ өз топтарының атын,ұранын таныстырады
Тамаша олай болса қатысушыларға сәттілік тілей отырып, II-кезеңге көшсек. Бұл кезең “Кім жылдам?” деп аталады Әртопқа жеке-жеке он сұрақтан қойылады Топ ойыншылары сұрақтарға мейлінше, тез әрі дұрыс жауап беруге тырысуы керек Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады
Алғырлар тобына:
“Өнер жолында” әңгімесінде кім туралы айтылған?
(Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков)
Тапқырлар тобына:
ІІІ-кезең. “Егер де мен…….”
Бұл кезеңде әр топқа жағдаяттық сұрақтар беріледі
Әр топ аталған жағдаяттарға б/ты өз пікірін білдіреді.
Алғырлар тобына:
“Сен анаңның жақсы көретін затын байқамай сындырып алған жағдайда не істер едің?”
Тапқырлар тобына:
“Әрқашан қасында күліп ойнап жүрген адам досың сені қатты ренжітті. Осы жағдайда сен оны кешіресің бе?”
IV-кезең. Бұл кім?
Әр топқа атақты адамдардың суреттері беріледі сол суреттерге қарап отырып, кім екенін табу керек.
Сонымен қатар, екі топқа да белгілі ақынжазушы туралы мәлімет айтылады. Кім туралы айтылғанын табу керек.
Алғырлар тобына:
Қазақтың аса көрнекті ақыны, ірі қоғам қайраткері, өте білімдар ғылымы,Торғай өңірінде туған, балаларға арнап тұнғыш қазақ “әліппесің” жазған. Оның “Оқуға шақыру”, “Әліппенің атасы” т.б. шығармалармен таңызпыз. Бұл кім туралы айтылған?
Тапқырлар тобына:
Қазақстан ұлы ақыны,Шығыс Қазакстан облысы,Шығыс тауында дуниеге келген,бірнеше дастандардың авторы, жылдың төрт мезгілін жырлаған лирик ақын?
V Жалғасын тап…
Әр топқа мақалдар беріледі, сол мақалдарды жалғастыру керек.
Қатысушыларымыз дайын болса, кезеңімізді бастайық.
Алғырлар командасына Тапқырлар командасына:
Окусыз білім жоқ...... Не ексең.......
Ер туған жеріне.... Ер қанаты......
Жақсыдан үйрен.... Тіл тас жарады...
Отан от………. Туған жердей жер болмас...
Төртеу түгел болса..... Өнер алды......
Жері байдың...... Ас адамның.......
Қорытынды: Жеңіске жеткен топты марапаттау
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт