?депті бала айналасында?ылар?а жа?ымды,с?йкімді екенін т?сіндік. ?р уа?ытта ?дептілік ережесін білуіміз керек. Жаман ?деттерді ?мытамыз,тазалы?ты бір ауыздан ??птаймыз. Жуылма?ан жемісті бірден алып жемейміз.Бір-бірімізге к?мектесеміз. Достармен ренжісіп,таласып ?рыспаймыз. ?лкенді сыйлаймыз.Кішілерге ?ам?ор боламыз.Бір-бірімізді жа?сы к?реміз. Балалар саба??а жа?сы ?атысты?дар,та?та?а к??іл-к?йді білдіретін суреттер ілінеді.
?здері ?а?аздарын жапсырады.«Не деп барып жеу керек» ?ні орындалады. Ж?ректен-ж?рекке жылуы.Балаларды мада?тау.
Жарайсы?дар!
Сау болы?дар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Балалар көңіл күйлерің қалай? Мен сендерге денсаулық ,барлықтартарыңызға бақыт,қуаныш,шаттық ,елімізде бүкіл жер шарында бейбітшілік болсын.
Күндерің сәтті өтсін.
-Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр екен.Біздің сый құрметіміз,
ол сендердің сабақта тыныш отырып,мұқият тыңдап,сабаққа қатысып білімдеріңді көрсете білсеңдер қонақтарды дұрыс күтіп сыйлай білгеніміз.
Өткен сабаққа тоқталу.
Еске түсіру. Бәрін жақсы көремін,жақсы бала туралы өлеңдерің барма?
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
1,2 оқушы жақсы,таза ,бала жайында өлеңдерін оқиды.Осы сабақты жалғастыра , отырып бүгінгі сабағымызбен танысайық.
Жаңа сабақ. Мен әдепті баламын.
Сабақтың мақсаты: Жақсы және жаман қасиеттерді ажырату,жағымды қарым- қатынас жасауға үйрету. Бүгін біз әдептілік,адамгершілік туралы әңгімелейміз.
Балалар әдептілік деген не? Әдепті бала қандай бала деп ойлайсыңдар?
Әдептілікті бізге кім үйретеді? Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар «Әдептілік әліппесі» еліне барғыларың келеме? Сол жерде қандай балалар
тұрады деп ойлайсыңдар? Менің де сол елге барғым келеді.Әдепті бала болғың
келеме?
Мұғалім.
Адам баласы бойында жаман,жақсы қасиеттер болады екен.Бізге ақыл-
дылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілікті,инабаттылықты шыншылдықты,үлкендер үйретеді.Ол –біздіңата-анамыз,ақ сүтін бере отырып,
ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп,ата-баба салт әдеттерін үйренеміз.Адам болатын
бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп,жаман мінез әдеттерін,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдеп-амандасудан басталады.Амандасу-адамдардың бір-біріне деген құрметін
ықыласын,мейірімін көрсету үлгісі.
«Сәлем сөздің анасы» Сондықтан «Сәлем түзелмей түзелмейді» «Сәлеміміз түзу» деген сөз түсініктері басқамен татулықты шырайды білдіреді.
Көптің үстіне,жиынға сырттан келген адам бірінші болып амандасады.Әдепті,ақылды
балалар қандай болу керек мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Кішіпейіділік. Су құйдым да құманнан.Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен,Орамалды әпердім.
Үлгілі бала. Бақшаны суарып,келді ол су алып,
Самауыр қайнатып,үйде де түзде де,
Қылығы өнеге, ұстазы бізге де
Ұнайды ол неге?
Атам маған әманда,
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда ,
Жасы үлкенге жол берем.
Атам маған әманда,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп қол берем.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
Әдепті бала әр қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасып,көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып,кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
Сыпайы сөйлеу-әдептіліктің маңызды шарты.Көлікте отырғанда үлкендерге
орын береді.Үлкендерді,ауру адамдарды,көшеден өткізуге көмектеседі.
Сыпайылылық айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету.Байқамай біреуді
ренжітіп алса ,дереу кешірім сұрайды.
Балалар қандай сиқырлы сөздер білесіңдер?
-Қәне ойнап көрелікІ
Допты бір-біріңе бере отырып,сөздер айтасыңдар.Осы сөздерді әдепті сөздер дейміз.
«Кешіріңіз», «Рахмет» «Өтінемін»
4.Сергіту сәті: Қимылдау ,қозғалу.
5.Оқулықпен жұмыс .
Суретке қарап әңгімелеу.Жағдаяттарды пысықтау.
Көрініс көрсету . Іс-қимылмен көрсету.Мақал-мәтелдерге тоқталу.
6.Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды» «Не істеу керек»
Әдептілік туралы өлең жолдарын жаттайық.
Ата менен ананың ,Айтқан тілін аламын.
Үлкен кісі жұмсаса,Қайда болса барамын.
Төсекті өзім жинаймын. Ешкімді де ұрмаймын.
Ешкім маған тимейді.Мен де бәрін сыйлаймын.
Дәйексөз: «Әдепті бала-жақсы бала» Хормен айту.
Ғажайып сөздер: «Біз-әдепті, сыпайы баламыз»
Сабақты қорыта келе:
Әдепті бала айналасындағыларға жағымды,сүйкімді екенін түсіндік. Әр уақытта әдептілік ережесін білуіміз керек. Жаман әдеттерді ұмытамыз,тазалықты бір ауыздан құптаймыз. Жуылмаған жемісті бірден алып жемейміз.Бір-бірімізге көмектесеміз. Достармен ренжісіп,таласып ұрыспаймыз. Үлкенді сыйлаймыз.Кішілерге қамқор боламыз.Бір-бірімізді жақсы көреміз. Балалар сабаққа жақсы қатыстыңдар,тақтаға көңіл-күйді білдіретін суреттер ілінеді.
Өздері қағаздарын жапсырады.«Не деп барып жеу керек» әні орындалады. Жүректен-жүрекке жылуы.Балаларды мадақтау.