kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: "Менің елімнің нышандары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқулықтағы «Рәмізді таны» тапсырмасын орындаңдар: иллюстрацияларды қарап

шығыңдар. Ресми емес нышандарды анықтаңдар. Олар жайлы не білесіңдер?

Электронды қосымшадағы слайдтарды көру (9-слайдқа дейін).

Оқулықтағы «Алтын адам», «Бәйтерек» монуметі, «Мәңгілік ел» қақпасы туралы

материалмен жұмыс жасаймыз.

(Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, келесі тапсырмаларды орындайды:

1) Мәтінді оқып шығыңдар. Сеніңше, қақпаның текшелеріндегі фигуралар нені

білдіреді?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Менің елімнің нышандары"»



Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:

Пән: Дүниетану №19 сабақ Ортақ тақырып: Өнер

Бөлімше: Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік.

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Менің елімнің нышандары

Оқыту мақсаты

3.3.5.1 Қазақстанның ресми емес нышандарының маңызын түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек»

монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы).

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • еліміздің рәміздерінің маңызын түсіндіреді;

  • Қазақстанның ресми және ресми емес нышандарын атайды.

  • еліміздің ресми емес нышандарына сипаттама береді («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы).

Көптеген оқушылар:

  • ресми рәміздер мен ресми емес нышандардың айырмашылықтарын көрсетеді;

  • еліміздің ресми емес нышандары ретінде өзінің нысандарын ұсынады және өзінің таңдауын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

  • өзінің кіші отанының ресми емес нышандарын құрастырады және оны қорғайды;

  • қосымша дереккөздерден Қазақстанның ресми емес нышандары жайлы материалдар табады.




Тілдік мақсат

Оқушылар

– рәміздердің не үшін керек екенін түсіндіреді, оларға сипаттама береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Еліміздің ресми емес нышандары: «Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы және т.б.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Ресми емес нышандар еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен байланысты. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық идеяның нышаны.

Талқыланатын мәселелер:

  • Еліміздің қандай ресми рәміздерін білесіңдер?

  • Бүгін еліміздің қандай ресми емес нышандарымен таныстыңдар?

  • «Мәңгілік ел» қақпасының текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді?

  • Бәйтерек жайындағы аңызда Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?

  • Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайында не білесіңдер?

  • «Алтын адам» монументі нені білдіреді?

  • Тағы қандай нысандарды еліміздің ресми емес нышандары ретінде ұсынар едіңдер?

Жазылым:

Дәптерде сабақта атқарған жұмысыңды бағалау.

Алдыңғы білімдер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім «Отан» туралы өлеңді оқиды: Қазақстан құт мекен – Отаным бар Отанымнан кел-дағы от алыңдар.

Отанның шуағына шомылып бір, Сендердағы ұлы адам атаныңдар.


Оттан ыстық деп білем Отанымды, Көрсетпестен өзгеге қасаң үлгі.

Сарыарқада Астана бой көтеріп, Тәуелсіз ел түрленіп жасар ұлы.






Отаным, құт-мекенім алтын ұям, Өзіңсіз жер бетіне қалай сыям.

Өзіңсің жылу берер жүрегіме,

Сен үшін өз жанымды отқа қиям /Гүлсана Тілеубекова/


«Мен бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар» ойыны.

  • Біздің еліміз – бұл …

  • Біздің елімізде өмір сүретін адамдар ... деп аталады.

  • Біздің Отанымыздың астанасы - …

  • Біздің елбасымыздың есімі …

  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – олар …

  • Гимн – бұл …

  • Дала қыраны бүркіт ... бейнеленген

  • Елтаңбаның пішіні ...

  • Балалар, әр елдің Елтаңбасы, Туы, Гимнінен бөлек, ол елдің тарихын, мәдениетін, табиғатын көрсететін ресми емес нышандары болады. Ресми емес нышандар біздің елімізде де бар.

(Ұ, Ж) Бүгін сабақта не жайында айтатын боламыз, нені үйренеміз? Сабақтың мақсаттарын анықтаңдар. Оқушылар:

  • ресми емес нышандардың мағынасы мен маңызы жайлы білетін боламыз;

  • Кіші Отанымыздың рәміздерін құрастыруды үйренетін боламыз.






Түрлі дайын суреттер


Оқулықтағы «Рәмізді таны» тапсырмасын орындаңдар: иллюстрацияларды қарап

Оқулық



Электронды қосымша



Ватман, маркерлер, тапсырмалары бар конверттер

Жаңа сабақ

шығыңдар. Ресми емес нышандарды анықтаңдар. Олар жайлы не білесіңдер?


Электронды қосымшадағы слайдтарды көру (9-слайдқа дейін).


Оқулықтағы «Алтын адам», «Бәйтерек» монуметі, «Мәңгілік ел» қақпасы туралы


материалмен жұмыс жасаймыз.


(Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, келесі тапсырмаларды орындайды:


1) Мәтінді оқып шығыңдар. Сеніңше, қақпаның текшелеріндегі фигуралар нені


білдіреді?


Тірек мәтін


Қақпаның биіктігі 20 метрге тең. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20





жылдығын білдіреді. Қақпаның текшелерінде мына мүсіндер орналасқан:

  • Ақсақал – данышпандықтың белгісі;

  • Әйел-ана – отбасының ұйытқысы. «Ана» бейнесіне «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» секілді ұлттық құндылықтар қоса қамтылған.

  • орта ғасырдағы батыр;

  • қазіргі Қазақстан әскерінің жауынгері.

Орта ғасырдағы батырдың мүсіні қазақ батырларының батылдығын, ержүректілігін, ерліктерін бейнелейді. Осы екі мүсін Отанды қорғау қазақ ұлтының ежелден келе жатқан ең басты құндылықтарының бірі деген идеяны көрсетеді.

Қақпаның қасбетінде «Мәңгілік ел» деген жазуы бар.

  1. Аңыздың басын оқы. Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?

Тірек мәтін

Аңыз бойынша, кең далада үлкен терек, өмір ағашы Бәйтерек өсіпті. Қасиетті Самұрық құс алтын жұмыртқасын – бүкіл тіршілік иесіне жарық пен жылу сыйлайтын Күнді салу үшін өмір ағашы Бәйтерекке ұшып келіпті.

Ал төменде жұмыртқаны жұтуға асыққан аш Айдаһар қолайлы сәтті күтіп жүреді. Айдаһар үнемі жұмыртқаны жеп қоя береді. Бірақ Самұрық құс оған қарамай, қайта- қайта келіп, жұмыртқасын салып кетеді. Бұл аңызда жарық пен қараңғының, күн мен түннің, жаз бен қыстың, жақсы мен жаманның күресі бейнеленген.

  1. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайлы не білесің? «Алтын адам» нені білдіреді?

Тірек мәтін

Алматыдан 50 километр жердегі Есік қорғанынан 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы табылды. Оның киімі, аяқкиімі, баскиімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен

безендірілген. Сол себептен оны Алтын адам деп атайды. Сонымен қатар, ол жерден алтын жүзіктер, қарулар, түрлі ыдыс-аяқтар табылған.

Алматы қаласындағы Республика алаңында қанаты бар барыстың үстінде тұрып басқарып тұрған билеуші бейнеленген «Алтын адам» монументі бар. Монумент – тәуелсіздіктің және мығым мемлекеттік биліктің символы.

  1. Қазақстанның ресми емес нышандарына өз нұсқаларыңды ұсыныңдар.

Оқулық























Есік қорғаны суреті



«Алтын адам» монументі суреті





Жауаптарыңды негіздеңдер.

Жануар – Өсімдік – Музыкалық аспап –

Сусын –

Ғимарат –

5) Өз кіші отаныңның ресми емес нышандарын ойлап тап. Тапсырманы орындамастан бұрын, сол аймақта тұратын халықтың шаруашылығын, аймақтың табиғатын, тарихын естеріңе түсіріңдер.

Топтардың жұмыстарын көрсетуі

ҚБ «Үш шапалақ» стратегиясы. Әр топтың жауабына үш рет шапалақ ұрумен қолдау көрсетіліп отырылады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.. 1-жұлдызды сабақта белсенді болған оқушыға сыйлаңыз, 2-жұлдызды сабақта ұйымшыл болып, тез жұмыс істеген топқа сыйлаңыз және бір тілекті барлық оқушыларға немесе бір оқушыға арнаңыз.

Электронды қосымшадағы тапсырмаларды орындаймыз (1-3-тапсырмалар). Оқушылар оқулықтағы тапсырманы орындайды: ресми рәміздердің ресми емес

нышандардан қандай айырмашылығы бар?

Электронды қосымша














Электронды қосымша

Рефлексия

Мұғалім: Ол шөп қазақ даласының символына айналған. Оның емдік қасиеті бар. Көптеген ақын-жазушылар ол шөпті өзінің шығармасына қосып, оның иісін туған жердің иісіне балаған. Қай шөп туралы айтып отырмын, балалар! (жусан туралы)

Емшан-шөп туралы аңыз кеңінен танымал. Жусанды «емшөп» деп атаған. Емшан-шөбі аңызында қазақ даласында өсетін жусанның иісін сағынып, жат елдегі алтын тағын тастап, «Туған жерім, қайдасың?» деп туған еліне оралған Бейбарыс сұлтан (қыпшақ) туралы айтылады. «Жат елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол!» деген қазақ халқының мақалы бар.

Ресми емес нышандар арқылы ұлттың тарихын, мәдениетін көруге болады. Туған жерінің иісін, жусан шөбінің иісін ұмытқан адамдар, ерте ме, кеш пе, міндетті түрде өздерін жоғалтады, есімдерін де ұмытады.

Жусан шөбі аңызынан сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?





Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырма: ғаламтор ресурстарын, қосымша әдебиеттерді пайдалана

отырып, еліміздің ресми емес нышандарына байланысты аңыз, ертегілерді іздеп тап.

Оқулық



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақ жоспары: "Менің елімнің нышандары"

Автор: Сейтимова Айнагуль Сагынтаевна

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486470

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Сөз және оның құрамы"
    ["seo_title"] => string(22) "soz_zh_ne_onyn_ku_ramy"
    ["file_id"] => string(6) "526247"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1573291029"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Тәрбие сағат"
    ["seo_title"] => string(14) "t_rbiie_sag_at"
    ["file_id"] => string(6) "378443"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484217367"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства