Білімділік: апта күндері ішіндегі сәрсенбімен таныстыру, дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: сәрсенбі тақырыбына байланысты қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін сабақта пайдалану. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауыз екі сөлеуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың апта күндерін естерінде сақтауға үйретуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: сөйлеп үйрену, өлеңді жалғастырып оқу, апта күндерін аудармасымен айту, сұраққа жауап беру, сәйкестендіру.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Өткен сабақты қайталау.
2. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі .
Сөздікпен жұмыс.
кеше – вчера
бүгін – сегодня
ертең – завтра
дүйсенбі – понедельник
сейсенбі – вторник
сәрсенбі – среда
бейсенбі – четверг
жұма – пятница
сенбі – суббота
жексенбі – воскесенье
І. Үлгі бойынша сөйлеп үйрену.
Бірінші күн – дүйсенбі. Екінші күн – сейсенбі. Үшінші күн – сәрсенбі.
ІІ. Өлеңді оқу және дәптерге жазу.
Жеті ұл
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Бірінші – Дүйсенбі,
Екінші күн – Сейсенбі,
Үшінші күн – Сәрсенбі.
(Қ. Жұмағалиев)
ІІІ.Сөйлеп үйрену,айту.
Бүгін – сәрсенбі.
Кеше – сейсенбі.
Ертең – бейсенбі.
ІV. Апта күндерін аудармасымен айту.
V.Сұраққа жауап беру.
Бүгін қай күн ?
Бүгін – сәрсенбі.
Кеше қай күн ?
Кеше – сейсенбі.
Ертең қай күн ?
Ертең – бейсенбі.
VІ.Кесте бойынша жұмыс орындау.
Көп нүктенің орнына керекті “Ә”, “І” немесе “Ү” әріптерін қойыңыздар.
Д...йсенбі, сейсенб..., с...рсенб... .
VІІ. Бекіту: Өздік жұмыс.
Ойнайық! Қандай сөз.
сенДүйбі, Сйенесіб, ібәрнесС, ұамЖ.
VІІІ. Үйге тапсырма. Оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындалуын түсіндіру.