Просмотр содержимого документа
«? ?рпі ж?не дыбысы»
Пән: Сауат ашу
Сынып: 1
Күні: 30.10.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Әә дыбысы мен әріп таңбасын меңгерту. Ә ә дыбысын сөз ішінде тауып, дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Тұтас сөзді, мәтінді оқуға төселдіру. Дамытушылық: Жеке сөздерді оқуға, сөйлемдерді тез әрі дұрыс оқуға дағдыландыру.оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын жетілдіруге ықпал жасау. Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, өзгенің еңбегін бағалай білуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, әсемдікке баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: ойын, түсіндіру, ой қозғау, талдау-жинақтау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық дайындық. Біз талапты баламыз, Оқып білім аламыз. Қонақтарды көргенде, Қуана қарсы аламыз Сәлеметсіздер ме! Оқу құралдарын түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру, пысықтау: «Сиқырлы асықтар» ойыны 1. Дыбыс дегеніміз не? 2. Әріп дегеніміз не? 3. Қазақ тілінде неше әріп бар? 4. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 5. Іі дыбысы қандай дыбыс? 6. І і дыбысы сөздің қай бөлігінде кездеседі?
7 Сөздің басында і әрпі кедесетін сөз ойла?
8 І і дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөз ойла?
Жұмбақты шеш: 1. Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса, аттама (Кітап) «Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жаса. «Кітап» сөзін қатыстырып сөйлем құра. 2. Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды. Болса-дағы сақалы, Секеңдеуін қоймайды. (Ешкі) Ешкі қандай жануар? Оның қандай пайдасы бар? «Адасқан сандар» ойыны т е к і 2 1 4 3 к е с і 4 1 2 3 г і ш і л 3 1 5 4 2 к л т і 1 3 4 2
Оқулықпен жұмыс. Сөздерді тізбектей, хормен оқыту. Іі дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата.
ІІІ. Жаңа сабақ Өлең оқу. Әжем бесік тербетіп, Әлди әнін салады. Әй-әй сәби ер жетіп, Әже еңбегі жанады. Өлең кім туралы? — Әже деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? 1.Суретке қарап; Әже деген кім? Сен әжеңе кім боласың? Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады? деген сұрақтар қою арқылы әңгіме құрастыру. 2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау, ә дыбысы дауысты екенін, өздігінен буын жасай алатынын, көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын түсіндіру. Әже-отбасы мүшесі, ақылшымыз. «Әже» сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? Ә-ә-ә-ә Қалай айтылып тұр? Ә ә-жіңішке дауысты дыбыс. Әріп таңбасымен таныстыру. Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер? Әже, әңгелек, сәбіз, дәрігер сөздерін буынға бөліп, ә дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Буыннан сөз құрап оқы.
Слайдтан суреттер көрсету. Оқушылар ә дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінің айтады, сөзден сөйлем құрайды.
Ә-же ә-теш ә-ліп-пе сә-біз
Оқулықпен жұмыс. Ә дыбысына берілген сөздерді, «Әже» мәтінін оқып беру, оқушылардың хормен оқуы, жеке-жеке тізбектей оқыту. Сөздік жұмысы: Сәнді-жарасымды Әжім-қарттықтың белгісі.
Әдемі аппақ баламыз, Сауатты, көркем жазамыз. Дәптермен жұмыс Әә әрпіне берілген тапсырманы көркем етіп жаздыру, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау. Сергіту сәті Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күзде қандай жауын көп жауады? Олай болса, саусақтарымызды дем алдырып, саусақ ұшымен жаңбыр дыбысын салайық! ІV. Сабақты қорытындылау: «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны … ке,… демі, с… нді,… н, д… рі
а/ Венн диаграммасы А мен Ә әрпі және дыбысы
— Әжелерің сендерді қалай жақсы көреді? — Әжелеріне ә дыбысы бар қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?
V. Сабақты бекіту: Бүгін қай дыбыспен және әріппен таныстық? Ә ә-қандай дыбыс? Ә дыбысынан басталатын адам аттарын айт. Оқушылар белсенділігін мадақтау.