Саба?ты? та?ырыбы: Оо дыбысы ж?не ?рпі.
Саба?ты? ма?саты: 1. О дыбысы ж?не ?рпімен таныстыру. 2. ??ыпты,тияна?ты т?рде о?у?а, жазу?а ?йрету.3. Ой-?рісін, тілін,сана сезімін дамыту. ?ріп элементтерін ?йретіп к?ркем жазу?а баулу.
Саба?ты? к?рнекілігі: Кеспе ?ріп,кеспе буын, суреттер.
О?ыту ?дісі: к?рсету, т?сіндіру
Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "О дыбысы мен ?рпі"»
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылы
А.Дәулетбеков атындағы орта мектептің дайындық сыныбының мұғалімі Тугелбаева Гүлжамал Тулеутаевна
Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір
2. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету.
3. Алған білім дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру.1) Оо дыбысы қандай дыбыс?
2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Отан, Орамал орман
Әріп элементтерін үйретіп көркем жазуға баулу.
3) Сөйлемдердің жаңа түрімен таныстыру. Ол- Шолпан. Шолпан, қуыршақ ал, ойна.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
Тақырыптан суретке сәйкес сөйлемдерді оқу..
Хормен оқыту.
Жаңылтпаш айтқызу.О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды, Омар Аралдан Оралды .
Ү. Жаңа білімді бекіту
1. О қандай дыбыс? 2.Сөздің қай жерінде жазылады?
3)О дыбысына сөз ойлау. Сөзді буынға бөл, дыбыстық талдау жасау, кеспе буындармен жұмыс жүргізу
Дәптермен жұмыс:
Көшіріп жазуға үйрету.
) Жұмбақ шешу.
Олжас та өлең жаттады, Сақинаға қарайық,
Оспан да өлең жаттады. Ұқсайды оған қай әріп.(о)
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары.? (о)
О дыбысын үш рет айту. (дауысты дыбыс екенін анықтау.) б) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену.
Хормен оқыту. Отан
Ор ойна ол той торғай шортан шопан
ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?