kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого урока по грамоте на тему: "Пп дыбысы мен әрпі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:Пп   дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:1. Пп дыбысын және әрпін таныту. П дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту,ойлау,сөйлеу, сауатты жазу,тұтас оқу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа,сөйлем құрау,сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

Сабақтың типі:  жана  сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,  ойын,семантикалық картамен жұмыс,ой қозғау,топтық жұмыс,репродуктивті әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық,п әрпі,тапсырмалар,семантикалық карта,  буындар.

Техникалық құрал-жабдықтар:интербелсенді тақта,электронды оқулық.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

                 Психологиялық  дайындық.

Сыныпта біздің тыныштық,                   Кешіккенді тоспаймыз.

Естілмейді дыбыс түк.                            Күнделікті қызықты,

Мұны біз де қоштаймыз,                        Кезекті сабақ бастаймыз.

 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

 

Мәтінді мазмұндау.

     Сурет бойынша әңгімелеу. 

Кітап,білім туралы мақал-мәтелдер айту.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока по грамоте на тему: "Пп дыбысы мен әрпі"»



Пәні:Сауат ашу

Сыныбы: 1 «б»

Сабақтың тақырыбы:Пп дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:1. Пп дыбысын және әрпін таныту. П дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту,ойлау,сөйлеу, сауатты жазу,тұтас оқу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа,сөйлем құрау,сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

Сабақтың типі: жана сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын,семантикалық картамен жұмыс,ой қозғау,топтық жұмыс,репродуктивті әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық,п әрпі,тапсырмалар,семантикалық карта, буындар.

Техникалық құрал-жабдықтар:интербелсенді тақта,электронды оқулық.


Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі


Психологиялық дайындық.

Сыныпта біздің тыныштық, Кешіккенді тоспаймыз.

Естілмейді дыбыс түк. Күнделікті қызықты ,

Мұны біз де қоштаймыз, Кезекті сабақ бастаймыз.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


Мәтінді мазмұндау.

Сурет бойынша әңгімелеу.

Кітап,білім туралы мақал-мәтелдер айту.


ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:


Жұмбақ

Жесең ащы

Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)


-Пияз сөзіндегі бірінші дыбыс қандай ?

-Біз өткен сабақта п дыбысы мен әрпін өткенбіз.

-П қандай дыбыс? (п –дауыссыз, қатаң дыбыс)

-П дыбысы бар сөздер айтып көрейікші.

( піл парта, пияз, құлпынай, жапырақ, картоп, кітап, пингвин, кірпі. )

-Яғни П дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында да кездеседі екен.


Электронды оқулықтан п әрпіне байланысты суреттер көрсету.(1)





ІІІ.Жаңа сабақ:


Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.

1.Өзі сұсты,мұрты бар,

Өзінен кішілерге ұмтылар.

Ұқсайды ол мысыққа

Атын оның кім табар? ( жолбарыс )


2.Өзі ширақ,өзі қу

Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)


3.Есек құлақты,

Ешкі құйрықты

Мысық аяқты

Көрдік жүйрікті. (қоян)


4.Санай алмай шаршадым-

Найзасы бар қанша мың.

Батыр емес бірақ та,

Қашып жүрер жырақта. (кірпі)


-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кірпі»

-Балалар кірпі туралы не білеміз?

Ой қозғау.

Кірпі туралы не білеміз?(оқушылардың ойы тыңдалады)



Оқушыларға кірпі туралы қысқаша мәлімет беру және түрлерін көрсету.

Бір кірпіде 7-8 мың ине болады. Қазақстанда 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі. Арқасын, бүйірлерін тікенек (ине) басқан. Тұрқы 13 – 27 см, салмағы 700 – 800 г. .  Аяқтары бессаусақты. Бірінші үстінгі күрек тістері ірі, азу тіске ұқсас. Орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде тіршілік етеді. Жемін, әдетте іңірде және түндеаулайды. Жәндіктермен,көлбақаменжыланмен (улысымен де) қоректеніп, орман шаруашылығына пайда келтіреді. Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады.. 35 – 42 күнде жылына 1 рет көктемде 3 – 4-тен балалайды. Орта есеппен 6 жыл тіршілік етеді. Мал пироплазмозы ауруын таратады. Ауылшаруашылық және орман зиянкестерін құртады. Кейбір түрлері аса қауіпті ауру қоздырушыларын тасымалдайды .

Кірпі




Оқулықпен жұмыс:


Сөздік жұмысын жүргізу.

доп-добы көп-көбі тап-табу

топ-тобы шөп-шөбі шап-шабу


-«Кірпі» мәтінін көрініс қою арқылы оқу.

-Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.


Оқулықтағы тапсырманы орындау.


п-б

қап сап жауап талап

қабы сабы жауа.. тала..


Дәптермен жұмыс.


- П п әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.

-Электронды оқулықтан П дыбысын тыңдату.

- П әрпінің жазылуы үш элементтен тұрады. ( тақтаға,ауада жазып көрсету)

-Үлгі дәпттердегі тапсырмаларды орындау.









ІҮ. Сабақты қорытындылау:


Топтық жұмыс.

П қоржынына п әрпі бар суреттерді салу.

Семантикалық картамен жұмыс.

«Сөз ойла » п әрпі бар сөздерді жазу.


Ү.Сабақты бекіту:


Электронды оқулықтан «Сиқырлы сандық» ойынын ойнату


ҮІ.Үйге тапсырма: «Кірпі » мәтінін оқып,мазмұндау. Үлгі дәптердегі тапсырмаларды аяқтау.


ҮІІ. Бағалау: оқушыларды білімдеріне сай бағалау
















































Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Пп дыбысы мен әрпі.

«Кірпі» мәтіні







Пәні: Сауат ашу

Сыныбы: 1 «б»

Өткізген: Шығанбаева Б


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка открытого урока по грамоте на тему: "Пп дыбысы мен әрпі"

Автор: Шығанбаева Бибімария Райхановна

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385857


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства