kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы – шағын қоғам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам

Сабақтың мақсаты: «Отбасы- шағын қоғам» тіркесіне түсінік беру, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы туралы, отбасы мүшелерінің атқаратын қызметі, отбасы қоры жайлы мағлұматтарын кеңейту.

Міндеттері:   

  • Адамның қалыптасып өсуі, яғни қоғамға толық мүше болуына, отбасы – шағын қоғамның атқаратын қызметін әңгімлелей отырып, бірлігі мен татулығын сақтай білуді үйрету;
  • Шағын қоғам жайлы түсініктерін жан-жақты арттырып, отбасы қоғамына өз үлестерін қосуға ынталандыру;
  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсете білетін қоғамның лайықты, саналы мүшесі болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Кіріктірілген сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың көрнекіліктері: слайд, үлестірмелі парақшалар, түрлі суреттер.

Сабақтың жүру барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Психологиялық дайындық
  • Қайырлы күн, аспан!
  • Қайырлы күн, жер-Ана!
  • Қайырлы күн, достар!
  • Қайырлы күн, барша ұстаз!
  1. Үй тапсырмасын қайталау - Сауалнама
  1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?

А) ғарыш                              Б) планета

Ә) галактика                      В) метеорит

2) Жерге ең жақын жұлдыз

А) Ай                                    Ә) Күн

Б) Шолпан                          В) Марс

3) Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?

А) галактикаға                  Ә) күн жүйесіне

Б) жердің серігіне           В) жер шарына

4. Меридиандардың параллельдерден айырмашылығы қандай бағытты көрсетеді?

А) солтүстік-батыс

Ә) шығыс-батыс

Б) солтүстік-оңтүстік

В) оңтүстік батыс

5.    Жердің өз білігінен айналуына қанша уақыт кетеді?

А) бір ай                                 Ә) үш апта

Б) бір күн, бір түн                В) екі тәулік

6. Жердің Күнді толық бір рет айналып шығу үшін қанша мезгіл өтеді?

А) тоғыз ай                           Ә) төрт мезгіл

Б) 235 күн                              В) екі мезгіл

ІІ Жаңа сабақ

  1. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үш топқа бөлініп алайық.

І  топ -  “Отбасы”

     ІІ топ – “Жанұя”

     ІІІ топ – “Үйелмен”

  1. «Ой қозғау»
  • Қоғам дегеніміз не?
  • Мысалы, Қазақстан Республикасының қоғамы, оның белгілі-бір алып жатқан аймағы бар. Басқарушысы және халқы бар. Қоғамның дамып-өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді, т.б.
  • Отбасы дегенді қалай түсінеміз?
  • Отбасы – шағын Отан
  • Отбасында кімдер болады?
  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Отбасы – алып бәйтерек секілді. Отбасының ең терең тамыры – ата мен әже десек, одан әке-шеше, ары қарай отбасы мүшелері таралады. 

Отбасы ұрпақтан-ұрпаққа таралады: мысалы, ата - атадан әке, әкеден – бала, баладан – немере, немереден – шөбере, шөбереден – шөпшек, шөпшектен – немене, неменеден – туажат, туажаттан – жүрежат, жүрежаттан – жегжат, жегжаттан – жұрағат таралады.

Енді отбасы мүшелеріне жеке-жеке түсінік беріп өтейік.

Ата деген кім?

  • Ата -  әкенің әкесі. Ата – өз отбасының ақылшысы ғана емес, ол отбасы бірлігін, тұрмысын, болашағын байқап отыратын дана, көреген қария. Атаның айтқаны кішілерге заң.

Әже деген кім?

  • Әже – әкенің шешесі. Ол отбасының тыныштығын ойлайтын көптің сыйлы анасы. Отбасының бірлігін сақтайтын  тәрбиеші, ақылшысы.
  • Әке – ұрпақ иесі, үй басшысы, асыраушы. Жанұя мүшелері әкені тыңдайды.
  • Шеше – өзіңді өмірге әкелген, түн ұйқысын төрт бөлген ақ сүт берген кісі. Ана – өмірдің тұтқасы, тәрбиеші, ақ ниетті, мейірбан адам. Ол – отбасының берекесі, ақылшысы.
  • Бала – ата-анадан тараған ұрпақ. Ұл мен қыз.
  • Ұл – шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы.
  • Қыз – ата-ананың мақтанышы, сәні, көркі, еркесі. Қыз болашақ жар, ана. Сондықтан қызды аялап, мәпелеп өсірген, қатты сөз айтпаған.

Бәріміздің әкеміз бен шешеміз бар. Олар бізге қамқорлық жасайды, әдепті болуға, кішіге –ізет, үлкенге-құрмет көрсетуге тәрбиелейді. Бәріміз оларды жақсы көреміз. Енді тақтаға қарайық. Не көріп тұрмыз?

  • Күн.
  • Ия, әке мен ана, олар бізге күн сәулесіндей бойындағы бар жақсы қасиеттерін таратады.
  • Әке – сыншы, тірек, ақылшы, қорғаушы, өмірлік ұстаз, ұрпақ жалғастырушы.
  • Ана – ақылшы, қамқоршы, мейірімді, тәрбиеші.
  •  Енді «отбасы – шағын қоғам» деген тіркеске түсінік беріп өтейін.
  • Отбасы – шағын қоғам. Отбасының да басшысы болады. Отбасында ата немесе әже, әке немесе ана, олар болмаса, баланың үлкені аға не әпке басшы.
  • Отбасы басшысы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдасытарды. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
  • Отбасының белгілі тұратын мекенжайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. 
  • Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігіне қарай іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.
  • Барлығының ортақ ісі – отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай туғызу. Отбасындағы шаруа ақылдасып істеледі.
  • Отбасы табысы да барлығына ортақ, яғни, отбасы мүшелерінің керегіне жұмсалады.
  • Отбасы қоры деген не? Бұл қор неге керек және қайдан жиналады? Кәне, өз ойларымызды айтып көрейік.
  • Отбасы қоры дегеніміз – отбасы мүшелерінің табыстарынан жиналған ақша. Бұл қор отбасындағы мүшелердің қажеті үшін жұмсалады, мысалы, күнделікті тамақ, тұрмысқа қажетті заттар осы отбасы қорындағы ақша арқылы сатылып алынады.  Ол қорды жинауға сенің де көмегің тиетіні сөзіз. Себебі сен үйдегілерге қолғабысыңды тигізесің. Ата-анаңның жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызасың. Жұмыс істеп, табыс табу арқылы отбасы қоры жиналады.
  • Отбасының ауқатты болуы қоғамға да пайдалы. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен де қарым –қатынаста болады. Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады.
  • Қарым-қатынас түрлері көп-ақ. Мысалы, қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып-сырқағанға көмектесу, кәмелетке келген отбасы мүшелерін үйлендіру.
  • Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы – адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туыс-туғандар арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң, сенен үлкен көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмекке келеді. Сөйтіп, отбасы шағын “қоғамның” жұмысын атқарады.  

ІІІ Жаңа сабақты бекіту

  • Сабағымызды одан әрі жалғастырып, жалпы отбасы туралы білімімізді сарапқа салып, қай топтың мықты екенін анықтайық.

1. «Кім көп біледі?» ойыны

  1. Сенің әпкеңнің баласы саған кім болады?
  2. Сенен кіші ұл бала саған кім болады?
  3. Апаңның күйеуі саған кім?
  4. Бір үйдің екі  қызының  балалары бір – біріне кім болады?
  5. Ұл балаға үйдегі өзінен кіші қыз бала кім болады?
  6. Анаңның туыстары саған кім?
  7. Әкеңнің әкесі саған.
  8. Әкеңнің шешесі саған.
  9. Ағаңның әйелі саған. 
  1. Сергіту сәті
  • Енді, балалар, сергіту сәтіне кезек берейік.

Санамақ «Бір үйде біз нешеуміз?»

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – әкем

Балан үйрек – шешем

Ортан терек – ағам

Шылдыр шүмек – мен

Кішкентай бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?          (Бір үйде біз бесеуміз.)

Логикалық есеп:

Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Бір үйде неше адам отыр.  Жауабы: үш адам.

  1. Полиглот ойыны

Шарты: Берілген парақшалардағы сөздерден мақалдар құрастыру, асты сызылған сөздердің орысша, ағылшынша баламасын айту.

  1. Оқ, көрген, тон, ата, пішер, жонар, ана, көрген.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. (ата-дедушка-grandfather)

  1. Сыншы, балаға, әке.

Әке – балаға сыншы. (әке – папа - father)

  1. Көркі, елдің, жердің, қыз, гүл, көркі, өссе, өссе.

Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі. (қыз-девочка- girl)

  1. Базар, үй, қу, балалы, мазар, үй, баласыз. Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар. ( бала-ребенок - piople)
  2. Ұл, қарап, өсер, анаға, өсер, қыз, қарап, әкеге. Әкеге қарап, ұл өсер, анаға қарап, қыз өсер. (ана-мама-mather )
  3. Ұрпақ, қыз, өссе, ұл, өссе, ырыс. Ұл өссе – ұрпақ, қыз өссе – ырыс. (ұл-мальчик-boy).
  1. «Әнді жалғастыр» ойыны

Бір әннің бастапқы жолдары жіберіледі, ары қарай топ болып немесе жеке жалғастыру қажет. Әр топқа бір-бір әннен.

І топқа - «Ана туралы жыр»

ІІ топқа - «Әке туралы ой»

ІІІ топқа - «Әкешім, анашым»

  1. Өзіндік жұмыс

Отбасы, ата-ана, бала, қоғам сөздерін пайдаланып, 2-3 сөйлем жазу.

  1. Жағдаят талдау      

Бір бала мен неге қыз болмадым екен деп ойлапты. Егер қыз болсам, босқа секіре бермес едім, кір жуып, оны үтіктеп, ыдыстарды жинар едім. Үйді сыпырып, ойыншықтарды орындарына қойып, картоп аршып, еден жуар едім. Апам жұмыстан келгенде “жарайсың, балам!” деп қуанар еді ғой деп ойлапты. Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың айтқаны дұрыс па?

ІV. Сабақты қорыту

1) “Бес жол өлең”

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. 4 сөзден тұратын сөйлем

5. Зат есімнің синоним сөзі

2) Сауалнама

  1. Отбасы дегеніміз не?

А) Әке

Ә) шағын Отан

Б) көпшілік адам

2. Отбасының басшысы қандай жұмысты ұйымдастырады?

А) бүкіл үй шаруасын ұйымдастырады

Ә) әке-шешесіне көмектеседі

Б) сабақ оқиды

3. Отбасы табысы барлығына ортақ па?

А) ортақ емес

Ә) ортақ

Б) тек ата-анаға ғана байланысты 

4. Отбасына қосқан үлесің қандай парыз?

А) Достық

Ә) Адамгершілік

Б) Туысқандық

5. Сен отбасының кімі боласың?

А) Баласы

Ә) Туысқаны

Б) Досы

V. Үйге тапсырма:

А)“Отбасы-шағын қоғам” тақырыбын оқып, түсінгенін айту;

Б) Отбасы туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

VІ. «Көңіл-күй» тренингі

1)

    - ұнады;

  1.  - ұнамады;
  1.   - маған бәрібір.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы – шағын қоғам»

  7. Әкеңнің әкесі саған ...

  8. Әкеңнің шешесі саған ...

  9. Ағаңның әйелі саған ...

  1. Сергіту сәті

  • Енді, балалар, сергіту сәтіне кезек берейік.

Санамақ «Бір үйде біз нешеуміз?»

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – әкем

Балан үйрек – шешем

Ортан терек – ағам

Шылдыр шүмек – мен

Кішкентай бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз? (Бір үйде біз бесеуміз.)

Логикалық есеп:

Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Бір үйде неше адам отыр. Жауабы: үш адам.

  1. Полиглот ойыны

Шарты: Берілген парақшалардағы сөздерден мақалдар құрастыру, асты сызылған сөздердің орысша, ағылшынша баламасын айту.

  1. Оқ, көрген, тон, ата, пішер, жонар, ана, көрген.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. (ата-дедушка-grandfather)

  1. Сыншы, балаға, әке.

Әке – балаға сыншы. (әке – папа - father)

  1. Көркі, елдің, жердің, қыз, гүл, көркі, өссе, өссе.

Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі. (қыз-девочка- girl)

  1. Базар, үй, қу, балалы, мазар, үй, баласыз. Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар. ( бала-ребенок - piople)

  2. Ұл, қарап, өсер, анаға, өсер, қыз, қарап, әкеге. Әкеге қарап, ұл өсер, анаға қарап, қыз өсер. (ана-мама-mather )

  3. Ұрпақ, қыз, өссе, ұл, өссе, ырыс. Ұл өссе – ұрпақ, қыз өссе – ырыс. (ұл-мальчик-boy).

  1. «Әнді жалғастыр» ойыны

Бір әннің бастапқы жолдары жіберіледі, ары қарай топ болып немесе жеке жалғастыру қажет. Әр топқа бір-бір әннен.

І топқа - «Ана туралы жыр»

ІІ топқа - «Әке туралы ой»

ІІІ топқа - «Әкешім, анашым»

  1. Өзіндік жұмыс

Отбасы, ата-ана, бала, қоғам сөздерін пайдаланып, 2-3 сөйлем жазу.

  1. Жағдаят талдау

Бір бала мен неге қыз болмадым екен деп ойлапты. Егер қыз болсам, босқа секіре бермес едім, кір жуып, оны үтіктеп, ыдыстарды жинар едім. Үйді сыпырып, ойыншықтарды орындарына қойып, картоп аршып, еден жуар едім. Апам жұмыстан келгенде “жарайсың, балам!” деп қуанар еді ғой деп ойлапты. Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың айтқаны дұрыс па?

ІV. Сабақты қорыту

1) “Бес жол өлең”

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. 4 сөзден тұратын сөйлем

5. Зат есімнің синоним сөзі

2) Сауалнама

  1. Отбасы дегеніміз не?

А) Әке

Ә) шағын Отан

Б) көпшілік адам

2. Отбасының басшысы қандай жұмысты ұйымдастырады?

А) бүкіл үй шаруасын ұйымдастырады

Ә) әке-шешесіне көмектеседі

Б) сабақ оқиды

3. Отбасы табысы барлығына ортақ па?

А) ортақ емес

Ә) ортақ

Б) тек ата-анаға ғана байланысты

4. Отбасына қосқан үлесің қандай парыз?

А) Достық

Ә) Адамгершілік

Б) Туысқандық

5. Сен отбасының кімі боласың?

А) Баласы

Ә) Туысқаны

Б) Досы

V. Үйге тапсырма:

А)“Отбасы-шағын қоғам” тақырыбын оқып, түсінгенін айту;

Б) Отбасы туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

VІ. «Көңіл-күй» тренингі

1)

- ұнады;

  1. - ұнамады;

  1. - маған бәрібір.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Отбасы – шағын қоғам

Автор: Камидуллина Маруа Жулдызбаевна

Дата: 13.01.2017

Номер свидетельства: 378907

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Отбасы-ша?ын ?о?ам""
    ["seo_title"] => string(22) "otbasy-shag-yn-k-og-am"
    ["file_id"] => string(6) "319215"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460781229"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Отбасы-ша?ын ?о?ам"
    ["seo_title"] => string(17) "otbasyshagynkogam"
    ["file_id"] => string(6) "316251"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460041174"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Отбасы - ша?ын ?о?ам" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "otbasy-shag-yn-k-og-am-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "171060"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423638043"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Д?ниетану Отбасы ша?ын ?о?ам"
    ["seo_title"] => string(33) "duniietanu-otbasy-shag-yn-k-og-am"
    ["file_id"] => string(6) "249446"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446902164"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Сынып са?аты"Отбасы –алтын ді?гек" "
    ["seo_title"] => string(36) "synyp-sag-aty-otbasy-altyn-din-ghiek"
    ["file_id"] => string(6) "213432"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432054164"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства